Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A14_kopia.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.14 Кб
Скачать

Наурыз суреттері

Көктемнің шуақ шашқан нұрлы күні,

Жымыңдап сылдырлайды бұлақ үні,

Қар астынан шығарып сұлу жүзін,

Бәйшешек күлімдейді күні-түні.

Жан-жақтан әсем құстар әнін салып,

Мақпалдай нәзік шіркін құстың үні,

Құдайым-ау көктемнің шуақтысы,

Бітпесе екен, наурызымның күн мен түні.

Асыр сап ойнақтайды тай құлыны,

Қалайша қуанбассың көріп бұны,

Қазағымның дарханы даласында,

Ән салып жүр жігіт пен қыздың үні.

Шіркін-ай бұл көктемнің қандай күні,

Сұрадым айтпады ғой ай мен түні,

Сұрадым су мен құстан, Жер анадан,

Жауап берді сыбырлап, нәзік гүлі.

«Наурыз, наурыз мейрамы келді» – дейді,

Құлпыруға өз себебін берді дейді,

Ақ түйенің қарыны жарылатын,

Әз наурызым, далама енді дейді.

Тойлатып жатыр енді далам қырым,

Билейді құстарың мен әсем гүлің

Наурыз көже жасап бәрі, тойлатып жүр,

Ай қазағым ғажап қой мына күнің!

Бәйге шауып, көкпар ойнап, қызды қуып,

Алтыбақан ойнап жүр ғой қыз сызылып,

Күрестіріп, айтулап атаң отыр,

Кеттім ғой менде шіркін мың қызығып.

Елім менің жайнасын жаңа жылың!

Мерекесі бітпесін жаңа жылдың

Тілегім сол әрбір қазақ шаңырағына!

Жаңа шаттық орнасын, жаңа күнің!

Құтты болсын елім Наурыз, Жаңа жылың!

22.03.2014

Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі

Кім ұға алар сенен басқа жан ашуын?!

Білім сепкен, ей менің, жанашырым,

Бар балаңа білім сеуіп, тоқтамайсың,

Өзіңменен асып өтер, мол асуым!

Келгенімде алғаш маған құшақ жайдың,

Алтын ордам, ыстық сәулең әркез дайын,

Қуат сыйлап, рухты беріп, жігер тұнып,

Жан таласам, білім үшін минут сайын.

Тек мен емес, барша жанның тілегісің,

Қиындықта көмек берер тірегісің,

Ей жарқыным, асыл ордам, сен ғажапсың,

Себебі сен Жетісудың жүрегісің!

Асқақ нұрым, алтын құшақ жайған анам,

Барша ұрпаққа білім нұрын құйған данам,

Білім ордам, мәңгі өлмес алғыс саған,

Даңқыңды әркез шыңға жаяр барша балаң!

2013

Менің университетім – менің Алтын ордам

Жалғанда жетер адам талай баққа,

Сезінбес бірақ оны кейбір шақта,

Өзімді осы кезде сезінемін,

Отырғандай білім сепкен, алтын тақ та!

Өзінсің менің бағым, асыл тағым!

Жетісуда жаңғырған айтулы атың!

Бітпесе екен осы күндер, бітпесе екен,

Білім ордам сенде өткен осы шағым!

Құттықтау сөз

Ана-әлем жаңғырығы, бар ғажаптың анасы,

Жылы жүзді, күн нұрындай ашық әсте санасы,

Көктем гүлі, бұлбұл үні, ыстық жарқын құшағы,

Ана – дара, бар әлемнің ақыл тұнған данасы.

Қазақ үшін «ана» заты қасиетті-қадірлі,

Арда тұтқан ана атын нар қазақта барлығы

Бір қолымен әлем тербеп, бірімен бесік тербеген,

«Жұмақтың кілті – анада» – деген

Хақтың да бар жарлығы.

«Қыз баланы – ұлт анасы» деп қадірлеп сыйлаған,

Атам қазақ қыз қонағын жамандыққа қимаған,

«Ана көрген тон пішер» бар жақсыны бойға алып,

Қазақ қызы – инабатын, ибалығын тыймаған.

Бабам қазақ – қазақ қызын мәпелеген нұрымен,

Ақтық, пәктік, тазалыққа жетелеген жырымен,

Қырық үйден тыйым салып, қара күңі тыйым сап,

Қазақ қызы ғажап шіркін, ғажап қыз-ау шынымен.

Шашбау, шолпы, бөрік, камзол киіп өскен қыздардың,

Ұрпағы да жұмбақталған, ерек тұрар сырымен!

Бүгінгі күн, көктем күні, ризалықпен бастауы,

Сылдырлаған – кең даламда сұлулықтың шашбауы,

Күлімдеген күн нұрындай, әсем үнді, көркемдік,

Бұл мейрамды аспанда әсте қалғандай-ақ растауы.

Ақ аналар, пәк арулар – құтты болсын мейрамын,

Ізгі тілек жолдаушылар – ЖТФ-тің жастары!!!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]