- •Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
- •Ілияс Жансүгіровке
- •Наурыз суреттері
- •Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі
- •Менің университетім – менің Алтын ордам
- •Павлодарға
- •Алғыс күніне арнау
- •Анаға деген сағыныш
- •Сездің бе Ана?
- •Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...
- •Бір алла деп соғар менің жүрегім
- •Өмірде сенің күлкің керемет
- •Бауырларыма
- •Қарайлама балалықтың кемесіне...
- •Баспалдақ
- •Мен арыстан
- •Бақыттың құшағында самғау менің арманым
- •Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым
- •Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!
- •Мен жастарға сенемін
- •Табиғат ана
- •Киік көңіл жырлайды
- •Мен қазақтың ұрпағымын
- •Қаратал сұлуына таныстыру
- •«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
- •«Био білім жастары -2015 ж.»
- •Таныстыру
- •Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
- •Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына
- •Түлек жыры!
- •Ілияс Жансеркеұлына
- •Құрбым Назгүлге!
- •Бейтанысқа
- •Достарыма
- •Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
- •Жанарысыма!
Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
Естіп пе едің?!
Бір жандар бар өзін алтын санайтын,
Өздерін бір патшайымға балайтын...
Бірге жүріп, барлығы да
Бірін-бірі сыйлайтын...
Әңгімесі, өсектері-
Іштеріне сыймайтын...
Естіп пе дің? Бір жандар бар,
Бірін-бірі қыймайтын...
Баста екеу, сосын үшеу, төртеу болып толықтық,
Тағдыр жазған шығар бәлкім, жетеу болып жолықтық,
Жыл көшінде, азаймадық, керісінше көбейдік,
Жүрмесекте бірге біздер, бір адамдай болыптық.
Кей кездері, бөлініп те аламыз біз расында –ақ,
Бірге жүрер, жетілікте, жолыққандар басында-ақ...
Сосын қайта табысамыз, болмағандай ешнәрсе,
Жоқ арада, реніш, өкпе, сенімсіздік, жасынбақ...
Гүлжауһар мен Фарида боп бастадық біз басында...
Назгүл мені жек көретін, Шымкенттік деп расында...
Ашуланса, ұшарамын дейтін сөзі бар еді...
Қазір жүр ғой, мені ойлап, уайым кешіп қасымда.
Фарида да, қырсық мінез, шашы ұзын айтқандай...
Аспанға қарап, бала қылық бойын арбап жатқандай...
Ұшақты ол көре кетсе қуанады балаша,
Ұялатын кезім болған, кей-кездері мақтанбай.
Ал Гүлдана, бір нәзігі, «әлем» дейтін сөзі бар,
Шыны керек, ерке мінез, мөлдіреген көзі бар,
Фарида мен Гүлдананы «Шағала» деп атаймыз,
Мың бұралған бишілердің көзді тартар жүзі бар...
Гүпә деген, ерекше бір құрбымыз бар тағы да,
Жанында жүрсең, сабырлық мінез кіргендейсің бағына,
Күлкілі сөзі, адамның бәрін жанына жақын қылар-ау...
Іздеп тұрарсың, мазақтауға әркез оны сағына...
«Лилипут» деп атасаң оны, кейде реніш қылады,
Оған деген, нақты атауды, құрбылық жүрек шығарды...
Арай да бар, арамызда, қу мінезді, жылауық,
Кейде қанды ішетұғын, ол бір нағыз сұрауық,
Қорқақ мінез, көрінбейді, «Джейкоб» болған түрінен,
Бірақ достық адалдығы сыйлауға оның тұрарлық.
Ал соңында, арамызға Гүлжан келді, жайнатып,
Мендік мазақ сөздерімді одан сайын сайратып,
Гүлфайрусдың сыныптасы, бойы қатты ұқсайтын,
Үн шықпайтын сөздерімен құлақтарды байлатып.
Міне осылай, естіп пе едің?
Жетеу болып жолықтық,
Азаймадық, көбейдік біз...
Жетеу болып толықтық....
Бізде осылай, бірін-бірі әрқашанда сыйлайды....
Достығымен, құрбыларым бірін-бірі қыймайды!!!
01.12.2016ж.
Жанарысыма!
Ұрысып өссекте, болдың сен қорғаным,
Кіші боп туылып, ағамдай қорғадың,
Өзіңмен бауырым, кенже боп еркелеп,
Сол сәттер бітпестей тілеймін болғанын...
Бүгін сен ант бердің еліңнің бары үшін,
Енді сен бауырым, еліңді қорғағын!
26.11.2016ж.
***
Сағындым, сағынам, сағына беремін!
Келесің қуантып жылдан соң, білемін!
Мендегі бауырдың әпкелік жүрегі...
"ОРАЛШЫ, ТІРЕГІМ, АМАН" - деп тіледі.
05.11.2016ж.
Басты сөз!
Мен жаздым өлең жолдарын,
Сеземін Һақтың қолдарын,
Жүрекке келген жылы сөз,
Табады мендік жолдауын,
Жолдаумен жазған кітаптың,
Қаладым мені қорғауын!
