Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A14_kopia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.14 Кб
Скачать

Достарыма

Ей достарым, арман шыңы алыс емес сеніңдер!

Бұл сенімге тоқталыңдар, қосылыңдар, келіңдер...

Жетіміз біз өз арманға, бұл жалғанда жетеміз...

Жетеміз біз асқақ шыңнан әлі-ақ асып кетеміз!

Біздің қыздар, сұлу да әсем бағындырар бір шыңды,

Қайсар, қайтпас, қыздар сынбас мықты жартастар сынды...

Жандарым сол, сенемін мен, сендерге әркез сенемін,

Арманға жетіп, күлкімен еске алармыз осы бір күнді...

10.09.2014

Есіңде ме?!

Есіңде ме? «Пу-у-у сабақ» деп айтатын кез...

Есіңде ме? «бітті ма?» деп қайтатын кез...

«Бітті точно, теперь үйге» - деп айтып ап,

«Библоға кім барады» деп айныйтын тез

Есіңде ме? Сол бір күндер есіңде ме?

Мына сабақты жасамаңдар, болды шештік,

Топпен бірге көреміз бәрін дестік...

«Бірақ бәрі жасап келер» деген оймен,

Бәрімізде қалыспастан бірге ілестік...

Есіңде ме? Сол бір күндер есіңде ме?

Ватсапта шешіп алдық, бәрін айтып,

Түсіндіріп, барлығына, барлық жайтты.

Енді «ух» деп демалғанда Баян бастап,

Сосын басқа ораламыз қайта қайтып,

Есіңде ме? Сол бір күндер есіңде ме?

Анашыма!

Әлемдегі бар ғажаптың еркесіде,

Қақысы жоқ бір өзіңмен теңдесуге,

Тіпті алтын, гаухартастың жақұтыда,

Тұрмас дер ем, сендей жанмен селбесуге,

Бойыңдағы сыйқыр- қуат- кереметің,

Жүрегіме толқындатып жел есуде...

О Алламның маған берген ғажап сыйы

Жүрегімді сендік сезім қақ кесуде...

Сені ғана аспан менен күнге теңеп,

Жұлдыз бен ай өзіңменен тілдесуге

Ынтық болар, Ақ Анашым, Аяулы Анам-

Бұл өлеңім жүрегіммен бірге есуде...

Пәк сезімім, ақ сенімім саған деген...

Көңіліме раушан гүл боп шын өсуде!!!

28.09.2016ж.

Қыс түскенде...

Қыс түскенде қуанбасын қай бала?

Шана теуіп, шаңғы теуіп –

Әппақ болды айнала....

Бәрі мәз боп,

Күлкі орнап, жайнай берді бар дала,

Толды ауылға қызғылт мұрын,

Сәбізі бар Аққала!

11.12.2014

Қолдаушым менің қорғаушым!

Бірде мен шалыс бастым,таяқ жедім өмірден,

Бәрі сынды, түк қалмады, жүрегімнен, көңілден,

«Тоқта болды, соқпа болды» - деп жыладым, тұншықтым,

Сол кездері өмір қатал болатынын тез ұқтым...

Сындым қатты, желімдеуге келмейтіндей шашырап,

Өлім күтіп, өмірді ұмыт қыла бердім расында-ақ,

«Қиындықты жеңе алмаймын, біттім» - деген кезімде,

Жаныма демеу, жүрекке үміт, жарқылды бердің көзіме...

Әке - асқар тауым, ыстық әнім, өлеңім,

Сен дегенде жаным бөлек, бөлек асау жүрегім,

Өзің үшін өлең жазды сендік ұрпақ-өренің,

Өзің болсаң мен ұрпағың әркез бақыт көремін...

Менің әкем, отбасымның әділ ханы...

Ұрпағы үшін шын қуанған шыбын жаны,

Баласының күлкісі оның қазынасы,

Солар үшін батқан күнмен атқан таңы...

Менің әкем, бізді әркез қорғап келген,

Ал ақ анам жан әкемді қолдап келген,

Екі жанның жүрегінде Хақтың жолы...

Бақыт кілтін Алла оларға оңдап берген...

Байлығы біз – менің әкем мақтанатын...

Ақша емес жұмаққа оны ап баратын...

Баласына сепкен нәрі арқасында

Байлығы оның сермеп жайды көк қанатын...

Менің әкем, Нұржан деген есім алған,

Жаны нұрлы болсын деген шешім алған...

Хақтың берген бес баласын тәрбиелеген-

Қосақтаған қосағы оның Нүрилә анам!

Бақыт көргін бұл жалғанда жаным әкем...

Сендер бар жер, ұрпағыңа, жұмақ мекен...

Сендер құрған шаңырақтың маңызы көп...

Әлемдегі ең жылы ұя сонда екен!!!

29.09.2016ж.

Біз бесеуміз!

Біз бесеуміз, бір қолдан жаратылған,

Барлығымыз бір-бір бөлек дара тұрған.

Қолы әкем, ал тамыры анам болса,

Біз бес саусақ...бестік тектің санатынан!

Біз бесеуміз...бесеу болып есік аштық,

Үлкен, орта, кенжесі алға бастық,

Өстік бізде қырылысып, ұрыс бастап,

Қайран сол бір оралса ғой тәтті жастық...

Сонда да біз, бақытты боп алға бастық...

Үлкені мен, бас бармағы басты қолдың,

Әпкесі боп, қалғанына басшы болдым!

Ал Жанарыс – ұрысатын жан сырласым,

Басып алды Балаң үйрек тәжді орнын!

Ортан терек – отбасының сұлу қызы,

Күлсе оның сызық болар сықси көзі.

Ең қызығы0 «Ақбота» - деп есім алған,

Сіңілім менің, мазақ қылсаң қатал өзі.

Бірақ ол - шаңырақтың сұлу қызы...

Жанұямда бар бір тағы жанашырым,

Қозы асырып, қамқор болған қызық түрің,

Ерек тамыр сол саусақта бар деп білем,

«Сылдыр шүмек» - аталатын ерек сырың.

Ол саусақтың иесі Али інім...

Бес саусақтың төртеуіне басшы бердім,

Ал енді ең кенжесі қалды дермін,

Туыларда оны біз «қыз» деп ойлап,

Есім іздеп, «қыз туылар» - деп те сендім.

Сондағы қызығы сол «қыз емес» деп-

Тәп-тәтті боп дүниеге өзің келдің...

Кіші бөбек... Беконтайым... асыл еркем,

Тәтті даусың «әпке» деген сондай көркем,

«Талқорғаннан келші қайтып» - дегеніңде,

Асығамын...жүк жинауға сол күні ертең.

Кіші бөбек Бекасылым текті еркем!

Біз бес бауыр – қарсы тұрған бар асуға,

Жүрегіміз махаббатпен жалғасуда.

Сенімі біз әкешім мен ақ анамның,

Бойымызда сол бір қуат тұр тасуға.

Біз біргеміз...бар қиындық...бар асуда!

29.09.2016ж.

Бір жан бар!

Бір жан бар...кішкентайдан еркелеткен,

Жанында оның жүріппін ерке боп мен,

Алматы, Арыс, Сарыағаш, Шымкент дерсің,

Қызық кездер басымыздан бірге өткен,

Бір жан бар...кішкентайдан еркелеткен...

Бір жан бар...жүректерге нұрын сепкен,

Немере деп барлығына жылу төккен,

«Ол жанның жасын ұзақ қылшы» - деп мен,

Жүремін әркез дайым сұрап көктен,

Бір жан бар...жүректерге нұрын сепкен...

Бір жан бар... «әләу» дейтін хабарлассам,

Қолында оның өстім мен бала жастан,

«Үлкен анам, бірінші анам» - деп атадым,

Еркелеткен сипап мені әркез бастан,

Бір жан бар... «әләу» дейтін хабарлассам...

Бір жан бар...мен «апа» деп атап келген,

Құдай оны қамқор қылып бізге берген,

Апашым сенің жылы жүзіңменен,

Сен бастаған бар жолға бірге ергем,

Бір жан бар... мен «апам» деп атап келгем!!!

29.09.2016

Нағашы атама!

Көргенімде сізді алғаш бала едім,

Ерекше бір, өзгеше бір дара едің!

Жылы қарап керуертте жатқан кезің,

Жүрегіме естелік боп қала бердің!

«Кетті алысқа» деп бізге айтқанында,

«Нағашы ата қайдасыз?» деп қала бердім.

Бейнеңіз жүрегімде сақтаулы тұр,

Жылы жүзді, мөлдір көзді адам едің...

Нағашы ата...сөздеріңіз есімде жоқ,

Себебі мен, дымды ұқпас бала едім...

Ата енді мен сізді көк аспаннан,

Қарап тұр деп кешіріммен, соған сендім.

Аташым-ау алыстарға кетсең дағы,

Жүректерге жылы естелік болып ендің.

Аллам сізді жұмаққа бағыттасын,

Немереңнің тілегі осы дедім.

30.09.2016

Жанарысым – ұланым!

Көкте самға көк аңсаған қыраным,

Қорға әркез ұлттың даңқы, ұранын,

Ер жігіттің намыс туын көтеріп,

Борышыңды аман өте ұланым!

Жанарысым – жан жүрегім, тұмарым,

Алладан әркез жақсыны саған сұрадым,

Көктегі туын, таңбасын, Ән ұранын-

Қорғай түс жаным, қазақтың елін, Тұранын!

02.11.2016ж.

Екі жұлдыз – екі қыз!

Жан жүрегі, жанға біткен бар асылы,

Бір-бірінен ерек тұрған дара шыңы,

Әкесі мен анасының жанашыры,

Қос жұлдызы – бірге туған жарық сыры...

Жымыңдасып, жылтыңдаған көз жанары,

Күлдірсеңде өзгермейтін қаз-қабағы,

Туылғанда «кинг-конг» деп бір есім берсем,

Олай емес дегендей бір ән салады,

Естісең бір рэппер дерсің тыңдағанға

Кейде үні Витас рөлін де алады...

Пайғамбардың анасының атын берген,

Аминаны көрсем көңілім жанады.

Табиғаттың кіп-кішкентай жаратқанын,

Алла өзі қолдаса екен, бар қалауым!

«Қызым» дедім, көргенде сені алғаш,

Еркем дедім, еріксізден көзін салмас,

Ашулансаң, күлсеңде сол бір қылық,

Тапса екен, бұл бір қылық тағы жалғас...

Сенің жаның бейне бір періштедей,

Сені көрсе, ешбір жан көзін алмас.

Жүрегімнің түкпірінен орын алып,

Сол орында періштем мықтап жайғас..

Меккенің жалғасы боп, Мадина деп

Есімді бердік саған жерде қалмас,

«Мұқа, бұқа, гогль» -деген сөздеріңмен,

Тамсандырдың жанымызды өзің Парнас,

Муза болып қазір маған келгеніңдей,

Сендік ғажап тіліме байлау салмас...

Менің жаным, Мадинамның қылықтарын,

Суреттедім, ешкімде қарсы болмас!

Жан жүрегі, жанға біткен бар асылы,

Бір-біріне ұқсамайтын жанашыры,

Әкесі мен анасының жанашыры,

Қос жұлдызы – бірге туған жарық сыры...

16.10.2016ж.

Бөлем Гүлбалаға!

Сені баста көргенімде «жағымсыз» деп ойлағам,

Қызық қалай келді екен, сондай жаман ой маған...

Бәлкім сенің қырсықтығының болар нағыз себебі,

Қулығың да...әңгімеңде жарасқандай бір саған...

Баста сені туысым деп қабылдадым жай ғана,

Келмепті ғой жақын болып кетеріміз ойғада...

Енді міне, бірін-бірі жұғымсыз деп ойлаған..

Қос құрбыдай бөлем менің жақынбыз біз сайлана...

Сөйлескенде сеніменен тез-ақ уақыт өтеді...

Сып-сып етіп, әңгімеде 180-мен кетеді.

Қызық қояр сұрағым бар бір өзіңе Анартай-

Бұл таусылмас өсегіміз қашан жаным бітеді?!

08.10.2016

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]