Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A14_kopia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.14 Кб
Скачать

Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына

Арманды ғажап, мақсатты ғажап сыйлаған,

Өмірде мына, құрметті, өте сыйлы адам,

Ұстаздың даңқы, ақылы ойды дамытып,

Ұшуға дайын тұрғандаймыз қиядан...

Құтықтаймын, ұстазым, шын жүрекпен

«Ғұмырды ұзақ»  деген ізгі тілекпен,

Бағындырып асқар шыңды, шаршама

Тілегім осы айтатын шын жүректен...

Қызмет еткен тыным таппай халқына,

Бас иемін ұстаздың дара даңқына,

Құрметті ұстаз, Құрмет профессоры

Мақтанышысыз биолог маман атына!

2010

Сырлы сандық сырланған алтын тастан...

Сол сандықта сақтаулы қымбат дастан...

Ол дастанда екі жанның жүрген жолы...

Сүйген жылы жазылған таусылмастан...

Бұл сандықтың ғажаптығы тек мақталсын...

Екі жанның үміттері тек ақталсын...

Сырға тұнған екі жанның махаббаты...

Мәңгілікке дастан болып тек сақталсын!

2016

Түлек жыры!

Қызық екен, тұрушы едік бітіргенге таң қалып,

Қызығып та үлгеріп ек, жүректер де таңданып,

Енді міне сол бір сезім қоштасар сәт келгенде,

Өткен шақты сағынышпен тұрмын енді ойға алып....

Мектеп сенен кетсем ғой деп асыққанмын кезінде,

«оқу қашан бітеді»деп айтқан сөзім есімде....

Сабақтарда отыра алмай, ой далада болған кез...

Балалығым мектеп шағым жаңғырады есіме...

Жанға жаққан, бар жігітке тиген әркез екпіні,

«Доп қуалап, жүгіртетін, спорт жанның кепілі»

Деп айтатын бұл сабаққа асығушы ек бәріміз,

Ерекше есім «дш, дш» деп атаушы ек тек мұны.

Ал ұстазым салауатты өмір салтын ұқтырған,

Шымыр қылып, шынығуды әркез дағы құп қылған,

Әбіштегі Бауыржан ағай сізге айттық мың алғыс

20.05.2016 бітіруші түлектердің атынан.

Ілияс Жансеркеұлына

Қанат жайып, қорған болған баласына,

Тағзым еткен елінің бар данасына,

Елінің ер мақтанышы, үлгі тұтар

Сөз жолдадық мерейлі ел ағасына!

Әкеміздей ақыл айтып, дара тұрған

Ұстаз болып, білім сеуіп жаратылған

Ұстазымыз Ілияс аға құттықтаймыз

Құтты болсын 42 жас жаңа толған!

Қуанышқа толы болсын әр таңыңыз

Күлкіменен арамызда шаттаныңыз

Денсау болып, біздерменен әркезде де

Ағатай-ау мақтаныңыз, мақтаныңыз!

08.02.2014

Құрбым Назгүлге!

Жауап берші, болашақтан қорқасың ба?

Неге сен ақымақтың олжасына,

Ұмтыласың, құрбым-ау адамдар көп,

Ұрынбашы ұрынған жартасыңа,

Басыңнан қан шықты ғой жетер енді...

Қалағаның қан емес ми шашума?

Түсінемін рөліндесің ғашық жанның,

Қаларсың-ау біреу сені ойлауменен,

Өткізгенін батқан күн мен атқан таңын,

Бірақ неге? Ол саған лайықпа екен?

Сен тазасың, тұнықсың,

Қатар тұр ғой миыңда Жайықпенен!

Көзі соқыр ұқсайсың ғашық жанға...

Кешір жаным, не табасың жауап берші,

Ақылы жоқ малғұнға жолыққанда,

Өмір алда, ойланып көр не табасың?

Ағынменен қатарласпай асыққанда...

18.04.2016

Бейтанысқа

Сен кімсің? Қатты айтты демегін...

Бұл сұраққа көп қой айтар себебің...

Себепте болмас, жауап болар анығы...

Қай жылғысың? Қай жерденсің демегім...

Бейтаныссың... сұрақ қойғам алдында...

«Танысармын» деген ойдың жадында,

«Сіз кімсіз?» дегенімде қысқартып,

Құтыла кеттің атыңды айта салдыңда...

18.04.2016

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]