- •Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
- •Ілияс Жансүгіровке
- •Наурыз суреттері
- •Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі
- •Менің университетім – менің Алтын ордам
- •Павлодарға
- •Алғыс күніне арнау
- •Анаға деген сағыныш
- •Сездің бе Ана?
- •Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...
- •Бір алла деп соғар менің жүрегім
- •Өмірде сенің күлкің керемет
- •Бауырларыма
- •Қарайлама балалықтың кемесіне...
- •Баспалдақ
- •Мен арыстан
- •Бақыттың құшағында самғау менің арманым
- •Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым
- •Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!
- •Мен жастарға сенемін
- •Табиғат ана
- •Киік көңіл жырлайды
- •Мен қазақтың ұрпағымын
- •Қаратал сұлуына таныстыру
- •«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
- •«Био білім жастары -2015 ж.»
- •Таныстыру
- •Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
- •Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына
- •Түлек жыры!
- •Ілияс Жансеркеұлына
- •Құрбым Назгүлге!
- •Бейтанысқа
- •Достарыма
- •Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
- •Жанарысыма!
Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
Соққан жүрек ызгарына тағдырдың
Қарсы тұрдың, өлеңмен оқ жаудырдың,
Қазағыңның кемшілігін төзе алмай,
Қайран бабам тағдырыңа от салдырдың.
Ақыл айтып, еліңе білім жаудырдың...
Қаймықпадың, қайсарлықпен шайқастың...
Надандықпен, арамдықпен айқастың,
Саған қарсы тіпті шықты сол халқың,
Сонда да сен қаймықпадың шайқастың...
Қарсы тұрдың, надандықпен айқастың...
Тек бұл емес, поэзияны жаңғырттың,
Дана тұлға, кереметі албырттың,
Сіздей жаннан оза алмас басқасы...
Қазынасы нар қазақтың албыртым...
Әдебиетін қазақтың ескі жаңғырттың!
30.11.2013
Ілияс Жансүгіровке
Ғажапсың сен Жетісуым, ардақтым,
Тоймас көзің ғажабына бұл жақтың,
Жеті өзеннің суыменен сусындап,
Ата-бабам мұрасы сен қазақтың!
Табиғатың көз тоймайтын тамаша,
Жасыл жайлау, биік тау да аласа,
Мұң жайласа жан жылуы жүректі,
Әсем бейне еліктірер караса.
Табиғаты – ол бір бөлек өнері,
Сусындасан қанбас жанның кемері.
Өнерімен өрге басқан жұртының,
Әсем – даусы, әсем – қимыл, өлеңі.
Өлеңіне құштар жанның жүрегі,
Елін сүйді, оны қорғау тілегі.
Есімі әркез ерек тұрар өзгеден,
Жетісудың жүйрігі ол түлегі.
Ілияс – ақын, жазушысы қазақтың,
Басынан өткен қилы кезең, азап күн...
Патриоты өлеңімен шайқасқан,
Соңғы сөзі: «Қазақпын мен Қазақпын!»
Жетісудың қайсар ұлы, серкесіне,
Жаңғырған аты өтсе де жылдар ел есінде...
Бас иіп алғыс айтады бүкіл қазақ жастары,
Жеті өзеннің жүйрігі, еркесіне...
2013
***
Жетісуым – жеті өзеннің жұмақ маңы,
Асыл тіпті ұшқан құсы, жәндік бәрі,
Асыл тіпті таудан аққан мұздай бұлақ,
Асыл тіпті топырағы, батпақ-шаңы.
Жетісудың кереметі табиғаты,
Суреттеуге жетпес тіпті ақын жаны,
Бірақ осы табиғатты суреттеген...
Ерек жан бар, құрмет тұтқан бәрі-дағы...
Жетісу суреттері, Күй мен Күйші
Сөздері жан тұнытатын асқан биші,
Туындысы – ол үшін дара мұрагері,
Сөз жетпес жан – Жетісудың Құлагері...
Жолдастары, Даласы алтын тасқа енген,
Әдебиетте алатын орны, бастауы кең,
Жұмбақ ақын сөзіменен құрды сарай,
Өнеріне бағыт болған ұлы Абай!
Өнерінен ақынның өмірі асқан,
Ғұмыры оның қисығы көп бейне дастан,
Әр бұрылыс бір қиындық ала келіп,
Мерт болды бұл ақыным ерте жастан...
«Қазағым» деп қан кешкен ауыр бейнетпенен,
Жан түршігер естелік көрсең кейде өткеннен,
Репрессияның құрбаны, үш арыс бірі,
Ілияс оның есімі естілер ірі...
Ілияс – ақын, Жетісудың дара ақыны,
Өн бойынан көрінбес ешбір міні,
Ащы тілі, асқақ рухы, «елім» деген,
Тарихымда мәңгі қалды ақын үні.
Оқу ордам Ілиястың есімімен,
Мақтанамыз асқақ ақын есімімен,
Жансүгіров ұрпақтары біз жастармыз,
Ыстық рухы сезілер орда есігінен...
Алтын ұям Ілиястан басталады,
Тамсанады өнеріне жаста-кәрі,
Өміріне Ілиястың бойлай көшсең,
Жанарыңа еріксізден жас толады.
Ендеше біз Ілиястың ұрпақтары,
Уәде бердік дана халқым баршаңызға,
Жалғасады Дара ақынның дастаны әлі...
2014
***
Көгілдір аспан, нұрға бөлеп қара жерді,
Сипап қана телміреді самал желі,
Табиғаты күңіреніп бір тұрғандай-ақ,
Күн сәулесі жасырынған, мұңлы реңі,
Ерекше күн атардай-ақ жабырқайды,
Әсер етіп баршасына қылған ебі.
Әсер еткен не дерсің-ау... әрине бұл –
Ерек күннің еркесінің соққан лебі,
Жалындаған жастың оты жанарында...
Қазақ деген арқалы сөз қамалында...
Жауға тілмен сөзбен шауып, соғысқанмен,
Тағдыры оның болды Хақтың қарауында...
Сезбедің-ау Құлагерім ертеңіңді,
Сезгенменен, сендік өмір қалауыңда –
«Қазағыма тәуелсіздік бұйырсын» деп.,
Айтқан сөзің қалды тарих тарауында...
Әдебиетте салған ізі, бастауы кең,
Даласында жырланған жыр растауымен,
Күй күйлетіп, Күйшісінің суреттері,
Өміріне енген ақын дастанымен...
Ең ғажабы, Құлагердің құр мергені,
Атқан оғы жанға тиген жарамен тең.
Қазағыңа бұлбұлыңды тыңдатқанда,
Қаза болып кетеріңді ойлаған ба ең?
Дарын тұнған алашымның ақтаңдағы,
Арынды елдің алғырт тартқан ақын жаны.
«Үш бәйтерек» қайсар ұлдың нар тірегі,
Қазақ үшін батқан күн мен атқан таңы.
Еміреніп, елжіреген елі үшін,
Тайған ерте бақыты мен бастан бағы.
Ұлтымыздың Абай салған дара жолын,
Жалғастырып...жаза алған жас қаламы...
Ілияс ата! Есіміңмен мақтанады.
Өнеріңе тамсанады...жаста-кәрі.
Өміріңе назар салып бойлай өтсек,
Еріксізден жанарларға жас толады.
Оқу ордам...білім сепкен шәкірттерге,
Ата сенің есіміңмен басталады.
Талдықорған жастарының жүрегінде,
Жалғасады...сен бастаған дастан әлі.
14.04.2016
