7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және дискілермен жұмыс.
F7 – жаңа каталогты құру командасы. Құрылған каталогтың ішінде ішкі каталог құру үшін де F7 функционалдық пернесін басу қажет. NC-те Create the directory (Каталогты құру) деген сұхбаттық терезе шығады. Каталог атын жазып Enter-ді басу қажет. Егер каталогты құру мүмкін болмаса NC- те Can/t create directory (Каталогты құру мүмкін емес) деген хабарлама шығады. Каталаогты құру мүмкін емес жағдайлары:
1.Каталог атының дұрыс берілмеуі;
2.Дәл осы атпен файл немесе каталогтың болуы;
3.Ағымдағы дискіде орынның болмауы.
Сондай-ақ каталогтардың атын ауыстыруға, өшіруге, орнын ауыстыруға болады. Мұның барлығы да файлдарда орындалған сияқты іске асады.
NC-те каталогтарды тармақталған түрде көруге болады. Ол үшін қажет дискіні таңдайсыз, яғни F9+L+T – оң панель үшін, F9+R+T – сол панель үшін. Шыққан сұхбаттық терезеден Дерево папок (CTRL+T) деген команданы таңдайсыз да Enter-ді басасыз. Командадан шығып кету үшін сол жақ панель үшін ALT+F1- ді, оң жақ панель үшін ALT+F2- ді, содан соң Enter-ді басасыз.
NC-те каталогтарды тез арада іздестіруге болады. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып өзіңізге қажетті каталог атының бастапқы әрпін тересіз. Бұл режимнен шығып кету үшін Esc пернесін басамыз.
NC-те мәтіндік файлды құру үшін: Shift+F4 пернелер комбинациясы басылады.
NC-те файлдар тобын көшіруге, өшіруге, жылжытуға және т.б. болады. Файлдар тобын белгілеу үшін <INS> пернесі пайдаланылады. Каталогтағы файлдардың барлығын белгілеу үшін сандық пернетақтадағы “+” (сұр түсті) пернесі басылады. Сол кезде экранға шыққан “*.*” шаблонын мақұлдау үшін <ENTER> пернесін басамыз. Қос жұлдызшаны файлдың аты және типі бойынша өзгерте отырып, файлдар тобын қажетімізше таңдауымызға болады. Таңдап алынған файлдар тобын бастапқы қалпына келтіру үшін сандық пернетақтадағы “-” (сұр түсті) және <ENTER> пернелерін басамыз.
Экрандағы каталогтан қажетті файлды жылдам табу үшін <ALT> пернесі басылып тұрған сәтте пернетақтадан айрықшаланатын алғашқы әріптер тізбегі енгізілген болса, NC керекті файлды курсормен белгілеп, экранға шығарады.
NC программасының бас мәзір командаларына <F9> пернесi арқылы өтуге болады. Экранға келесi командалар шығады: LEFT, FILES, COMMANDS, OPTIONS, RIGHT.
LEFT (сол) – сол жақтағы тереземен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.
RIGHT (оң) – оң жақтағы тереземен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.
Бұл командалардың iшкi командалары бiрдей:
BRIEF (қысқа формат) – берiлген терезеге файлдарды қысқа түрде шығарады (экранға тек файлдардың аттары шығады);
FULL (толық формат) – берiлген терезеге файлдарды толық түрде шығарады (экранға файлдардың аттары, өлшемдерi, құрылған уақыттары шығады);
ON/OFF – берiлген терезенi экраннан өшiру және қайта шығару;
NAME (есiмi)– берiлген терезеге файлдардың есiмiн алфавит бойынша орналастырады;
EXTENSION (түрi) – берiлген терезеде файлдардың кеңейтілмелерін алфавит бойынша орналастырады;
Қорытынды.
MS-DOS операциялық жүйесі.
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.
Процессордің типіне қарай, DOS – тың түрлі-түрлі версиясы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған.
Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады : BIOS, BIO, COM (IBMBIO.COM), DOS COM (IBMDOS.COM) және COMMAND.COM.
BIOS (Basic Input/output System – негіздік ендіру/шығару жүйесі) – операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі. Оның орындайтын іс-әрекеттері :
Компьютер элетр жүйесіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру.
Одан әрі, жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискібен опеациялық жүйенің тиуші деп аталатын программасын жадқа ендіру.
Жүйелік үзілісті ұйымдастыру. Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды.
BIOS – тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар.
BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады.
COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND.COM – ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б..)
Пайдаланылған әдебиттер
