3.Copy – файлдыңкөшiрмесiналукомандасы.
Мысалы, COPYV kin 1.bas V tab 1.bas – kin 1.bas файлының көшiрмесi tab 1.bas файлында шығады.
4.DEL – файлды жадыдан өшiру командасы.
Мысалы, DEL V kin 1. bas – kin 1.bas атты файлды жадыдан өшiредi. Del *.bas – қосымшасы bas болған барлық файлдарды жадыдан өшiредi.
5.MOVE – файлдарды екінші бір каталогқа көшіру командасы. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл – аты каталог – аты
Бір файлды екінші бір каталогқа көшіру барысында файл атын өзгертуге болады. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл-аты (дисководJ (жол) файлдың жаңа аты
Егер ауысатын каталогтың ішінде осы аттас файл бар болатын болса, оны автоматты түрде соңғы файл атына өзгертеді.
Мысалы:
1) MOVE *.doc d: — кеңейтілмесі .doc болатын барлық файлдарды негізгі дискіден D: дискісіне көшіру.
2) move /y */.doc ARC – негізгі каталогтан кеңейтілмесі .doc файлдарды ARC ішкі каталогына көшіру. ARC – каталогы бұрыннан бар болуы керек және аттас файлдар автоматты түрде ауыстырылады.
3)move thesis.bak a:\thesis.old – thesis.bak файлын A: дискісіне thesis.old деген атпен көшіру.
4)move .bak a:\.old – бұл команда жалған, өйткені файлдар жиынтығының кеңейтілмесі тек біртіндеп ғана ауыстырылады.
6.FILEFIND — файлдағы символдар қатары немесе файл аты бойынша дискідегі файлды іздеу командасы. Команда форматы:
filefind файл-аты (символдар қатары) (универсальды режимі)
Іздеу барысында * және ? символдарын қолдануға болады.
Егер файлды іздеу барысында қандай да бір каталог немесе диск көрсетілмесе дискідегі барлық каталогтарда іздеу жұмыстары жүргізіледі.
5. Msdos-та дискілермен жұмыс.
Файлды немесе буманы дискетке көшiру үшiн, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискеттi қайта форматтау кезiнде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететiнiн есте ұстаған жөн.
Дискжетекке дискеттi орналастырамыз да, мына командалардың бiрiн орындаймыз:
1.Format a: — A: — дискісін форматтау.
2. Format a: /s – А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.
Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды дискiге көшiру қатарын белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына — COMMAND.COM, IO.SYS, MSDOS.SYS, AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.
Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:
diskcopy (дискжетекJ (дискжетекJ (/V) (/M)
Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.
6.Nc программасынажалпытүсінік.
MS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге арналған түрлi жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатын NC пакетi. NC (сыртқы қабықша) жетекшi программа.
Бұл программаның негізін 1992 жылы П. Нортон құрған. Бұл программа жүктелгенде экранға көк түстi екi терезе шығады (3.5.1-сурет). Оның орындайтын iс–әрекеттерi файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету.
Терезелерде файлдардың және каталогтардың аттары орналасады. Олардың қажеттiсiн курсор немесе тышқан бағыттаушысы арқылы таңдап алу мүмкiн. Бiр терезеден екiншi терезеге <Tab> пернесi арқылы өтуге болады.
Экранға шыққан терезелердің бiрiнде не каталог немесе файл аты сұр түстi тiк төртбұрыш iшiнде орналастырылып қойылады. Ол NC-тiң осы каталогты немесе файлды ағымдық етуге дайындалған белгiсi, әдетте оның NC-тің панель белгiлемесi немесе курсор деп атайды. Курсорды басқару пернелерiн (¬, , ®, ¯) пайдаланып курсорды сол панельде жоғары-төмен жылжытуға болады. Терезеде көрiнген каталогтың мазмұнын экранға шығару үшiн курсорды осы каталогтың үстiне әкелiп <Enter> пернесiн басса болғаны. Ішкi каталогтан 1-шi деңгейлiк каталогқа шығу үшiн курсормен оның сол жақ жоғары бұрыштарында көрiнiп тұрған (..) белгiлемесiн белгілеп <Enter> пернесiн басу қажет.
Қандай да бір файлды немесе каталогты таңдау үшін “INS” пернесі басылады, INS пернесін қайта басу тапсырмадан бас тарту. Белгілі бір кеңейтілмеден тұратын файлдар тобын белгілеу үшін оң жақ клавиатурадағы “+” таңбасымен бірге қажетті кеңейтілме көрсетіледі. Мысалы, .doc кеңейтілмелі файлдар тобын белгілеу үшін сандық пернетақтадан «+» — ті басамыз және шыққан сұхбаттық терезеде төмендегідей тапсырыс береміз: +.doc ¿ . Белгілемеден бас тарту үшін оң жақ клавиатурадан – «-» (минус) пернесін бассақ болғаны.
Ішкi каталогтардан көрiнген .com, .exe, .bat типтi файлдарды iске қосу үшiн курсорды осы файлдардың үстiне әкелiп <Enter>-дi басамыз. Мысалы: C:\nc.exe
NC үшiн функционалды пернелердiң орындайтын iс-әрекеттерi зор. Атап айтқанда:
F1 – NC туралы мәлiметтер;
F2 – пайдаланушы мәзiрiн iске қосу;
F3 – файлды оқу;
F4 – файлды редакциялау;
F5 – файлды не каталогты көшiру;
F6 – файлдың не каталогтың атын өзгерту;
F7 – жаңа каталог құру;
F8 – файлды не каталогты жою;
F9 – жұмыс тәртiбiн өзгертетiн мәзiрдi шақыру;
F10 – NC программасынан шығу.
