Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сож.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.17 Кб
Скачать

Жоспар:

1. MS DOS ЖӘНЕ NORTON COMMANDER

MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі.

2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.

4. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.

5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.

6. NCпрограммасына жалпы түсінік.

7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және файлдармен жұмыс

MS DOS операциялық жүйесін  1981 ж. Microsoft  фирмасы IBM PC компьютерлері үшін  IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк операциялық жүйе.

MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:

1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.

2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.

3.COMMAND.COM – қолданушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.

4. CONFIG.SYS – үйлестіруші программа. Оның қызметі – жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.

5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.

Анықтама: Дискiнiң информациялар жазылған бөлiгi файл деп аталады.

Әрбiр файлдың өз аты болады. Ол негiзгi және қосымша бөлiктерден құралады.

 

MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.

Мысалы:

Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic \ kin 1. Bas

Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.

MS DOS операциялық жүйесiнда каталогтармен жұмыс істеу командалары:

1.MD (Make Directory – каталог құру) – жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,

1)MDVSTUD – STUD атты жаңа каталог ашу.

2)Md XXX – ХХХ ішкі каталогын ағымдағы каталогта құру;

3)md A:\ Tekst –A: дискісінің негізгі каталогында  Tekst ішкі каталогын құру.

2.CD (Change directory – каталогты өзгерту) – каталогтың iшiне кiру командасы. CD.. – түрінде берілсе  ағымдағы каталогтан шығу командасы.

Мысалы:

1)CDVSTUD – STUD атты каталогтың iшiне кiру;

2)CD \ — ағымдағы дискінің негізгі каталогына көшу.

3.RD (Remove directory – каталогты жою) – каталогтi жадыдан өшiру командасы.

Мысалы, RDV STUD – STUD атты каталогты жадыдан өшiру.

4.DIR – каталогтың мазмұнын экранға шығару командасы.

4.Copy con – мәтіндік файл құру командасы.

Мысалы, Copy con Kniga1.txt – Kniga1.txt мәтіндіік файлын құру командасы. Бұл команданы енгізгеннен соң файл текстін қатарларға жазуға болады. Әр қатар біткен соң Enter пернесін басу қажет. Соңғы қатарды теріп болғаннан соң F6 пернесін, сонан соң  Enter пернесін қайта басу керек. Copy командасы

1 file(s) copied

(Бір файл көшірілді)

деген хабарлама шығарады және дискіңізде осы атпен файл пайда болады.

2. REN – файлдың атын өзгерту командасы.

Мысалы, REN_ kin 1. bas _ Saule. Bas – kin 1.bas файлдың атын Saule.bas деп өзгерту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]