- •Социологияның пайда болуының бъективті алғышарттары
- •Социология ғылымынң даму кезеңдері.
- •Қазақстандағы әлеуметтік зерттеулер
- •«Әлеуметтік» және «қоғам» ұғымдарыынң мәні
- •Әлеуметтік институттар әлеуметтік қатынастар
- •Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •П. Сорокиннің жылжымалылық теориясы
- •Адам индивид тұлға түсініктерінің өзара байланысы
- •Еңбек социологиясының мәні категориялары қалыптасуы
- •Ғылым мен техниканың әлеметтік салдарының қазіргі заманғы көрінісі
- •Еңбек жағдайының әлеуметтік мәселелері
- •Ой еңбегі мен дене еңбегінің мәні мен үрдістері
- •Инженерлік еңбектің сипаты.
- •Еңбек ұжымы еңбек ұйымы
- •Жоғары білім беру мен инженер мамандарды даярлаудағы әлеуметтік мәселелер
- •Инженерлік-техническалық интеллигенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен рөлі
Еңбек жағдайының әлеуметтік мәселелері
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру — өндіріске жүйелі тірде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді.
Еңбекті ғылми ұйымдастыруқамтитын мәселелрді негізінен техника-экономикалық және әлеуметтік мәселелер деп екі топқа біріктіруге болады. Техника-экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, материал мен еңбекті барынша үнемдеп, жұмыстың көлемі мен түрлерін ұлғайту, атқарылатын жұмыстың санын арттыру, еңбектің үрдіс қарқындылығын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды. Ал әлеуметтік міндеттерге еңбекті ең бірінші өмірлік қажеттілікке айналдыру, жеке адамды жан-жақты жетілдіру, еңбектің мән-мағынасын және тартымдылығын арттыру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және оның мәдениетін көтеру, адамдарды еңбекке деген саналы көзқараста тәрбиелеу және творчестволық инициативаны кең өрістеу мәселелері кіреді.
Ой еңбегі мен дене еңбегінің мәні мен үрдістері
Еңбек физиологиясы еңбек іс әрекеттерінің әсерінен пайда болатын адам ағзасындағы функционалдық өзгерістерді зерттейді, сондай-ақ, адам денсаулығын және жоғары деңгейде жұмыс қабілеттілігін сақтауға, қажудың алдын алуға мүмкіндік беретін физиологиялық тұрғыдан негізделген еңбек үрдісін қолайлы ететін әдістерді зерттеп дайындайды.
Еңбектің барлық түрлерін дене және ой еңбегіне бөледі. Біріншісіне бұлшықет белсенділігінің басым болуы тән, ал екіншісіне –ой жұмысы мен шығармашылық іс әрекет тән . Белсенділіктің түрлеріне және айқындылығына байланысты келесі еңбек түрлерін ажыратады.
Едәуір бұлшықет белсенділігін қажет ететін еңбек түрлері. Бұл жұмыстар, еңбекті механикаландырмаған кезде қолданылады, энергия шығыны жоғары, – тәулігіне 17-25 МДж (4000-6000ккал) және одан да артық болуымен сипатталады. Еңбектің өнімділігі аз, дене жұмысына көп күш салуды қажет етеді. Дене еңбегі кезінде жұмыс режимі қолайлы болған жағдайда жұмыс уақытының 50% дейінгі бөлігі демалуға берілуі тиіс.
Еңбектің топтық түрлері, конвейер. Конвейерде жұмыс істеген кезде, бөлшектер бір жұмысшыдан келесісіне конвейердің жылжымалы таспасы арқылы автоматты түрде беріледі. Бұл еңбек түріне, берілген ырғақтылық, қарқындылық және жұмыс түрлерін орындаудың қатаң кезектілігі тән. Жұмыс операцияларын орындау арасындағы уақыты аз, біркелкі жұмыстарды істеу, мұндай жұмысты өте бірсарынды етеді, уақытынан бұрын шаршатады және жүйкені тез әлсіретеді. Жұмыс операцияларын орындау үшін жұмсалатын дене күші жеңіл (мысалы, сағаттарды, микросхемаларды жинау) немесе біршама ауыр (конвейерде автокөліктерді жинау) болуы мүмкін. Жұмысшыларға, ұзақ уақыт тұру немесе отыру сияқты белгілі бір дене қалпында болуы да әсер етеді, бұл статикалық қажуды күшейтеді.
Механикаландырылған еңбек түрлері. Бұлшықетке түсетін жүктеменің азаюы, станоктарды, механизмдерді, құрал-саймандарды басқару кезінде дәл және тез қимылдар жасауды қамтамасыз ететін аяқ-қолдың шеткі бөліктерінің майда еттерін жұмысқа қатыстыру механикаландырылған еңбек түрлерінің ерекшелігі болып табылады. Энергия шығыны тәулігіне 12,5-17 МДж (3000-4000ккал) құрайды. Бұл еңбек түрі арнайы білімді және қимыл-қозғалыс дағдыларын қажет етеді. Механикаландырылған еңбек түрлеріне, мысалы, токарьдің, фрезерлеушінің, слесарьдің жұмысы жатады. Орындалатын әрекеттердің біркелкі және қабылданатын ақпараттардың көлемінің аз болуы себебінен, механикаландырылған жұмыс кезіндегі еңбектің бірсарындылығы, еңбек үрдісінің басым факторы болып табылады.
