Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.71 Кб
Скачать

Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік

Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда "әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. "Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде "strata” немесе "stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал "stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде  осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан , ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.

стратаны бөліп қарауға негіз болатын кез келген белгі емес, тек мәртебелік белгі, яғни берілген қоғамда объективті түрде "жоғары - төмен”, "жақсы - жаман”, "мерейлі - мерейсіз” сияқты салыстырмалы сипат алатын белгі екені ойда болуы қажет.

Әлеуметтік мобильділік - бұл әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі.

Адам туылғанда аскриптивті немесе маңдайға жазылған мәртебе деп аталатын өзінің ата-аналарының мәртебесін алады. Ата-аналары, туыстары және отбасына жақын адамдар баланың бойына өздерінің мінез-құлық нормаларын, тиісті және мерейлі нәрселер туралы түсініктерін сіңіреді. Алайда адам өзі қызметінің белсенді кезеңінде бұл қабаттағы жағдайына қанағаттанбауы, одан да зорына ұмтылуы және қол жеткізуі мүмкін. Соңғы жағдайда ол қол жететін мәртебеге ие болады. Егер де адамның мәртебесі неғұрлым мерейлі, жақсы мәртебеге өзгерсе, онда жоғарылау мобильділік орын алды деуге болады. Алайда адам өмірде кездесіп тұратын алапаттар (жұмысынан айрылу, ауырып қалу, т.с.с.) салдарынан төменгі мәртебелер тобына өтуі де мүмкін - бұл кезде төмендеу мобильділік орын алады. Зерттеушілер әлеуметтік мобильділіктің барлық түрлерін (ұрпақаралық, кәсіптік және т.б.) бөліп қарауға мүмкіндік беретін статистикалық рәсімдер мен көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, бұл жалпы алғанда халық қозғалысының әр алуан түрлерін талдауға мүмкіндік береді. Тігінен орын ауыстырулардан (жоғарылау және төмендеу мобильділіктер) басқа көлденеңінен орын ауыстырулар болады, ол табиғи мобильділіктен (бір жұмыстан екінші жұмысқа мәртебесін өзгертпей ауысу) және аумақтық мобильділіктен (бір қаладан екінші қалаға көшу) құралады.

Вертикальды мобильдік - бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесіңде индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады. Горизонталды мобильдікте — индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Әлеуметтік мобильділік жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық мобильділік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудырады. Бұл экономикалық немесе саяси-идеологиялық салада кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]