Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.71 Кб
Скачать

Социологияның зерттеу объектісі – тұтас қоғам. Ол қоғамды өзара тығыз қатынаста тұрған экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жақтары бар, өздеріне тән заңдар бойынша дамитын біртұтас әлеуметтік организм ретінде зерттейді.

Орта деңгейдегі социологияның зертеу объектісі – қоғамды құрайтын құрылымдық элементтер.

Ал жеке (арнайы) социологиялық теориялардың қажеттілігі екі жағдайдан туындайды. Біріншіден, теориялық социологияның негізгі принциптері мен категориялары мейлінше жалпылама, әмбебап болғандықтан, әлеуметтік шындықтың әртүрлі жақтарына эмприкалық тұрғыдан зерттеулер жүргізу барысында тікелей пайдалануға келмейді. Екіншіден, көптеген салалық социологиялардың пайда болуы – орта деңгейде белгілі бір қорытындылар мен талдауды қажет етеді.

Қолданбалы социологияның теориялық социологиядан айырмашылығы – оның практикалық бағытының болуында. Оның міндеті – іргелі зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін, әдістерін табу, оңтайлы (оптималды) басқаруға қатысты шешімдер қабылдау, әлеуметтік саясатта болжамдар мен жоспарлар, бағдарламалар жасау.

Социологияның пайда болуының бъективті алғышарттары

Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет. Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға  қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады. Платонның «Мемлекет туралы» еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді.  Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған. 

Социология ғылымынң даму кезеңдері.

Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті: 1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың  20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады. 2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.    3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтануөтендегң өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.  4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

О. Конт еңбектеріндегі негізгі теорияларжәне қоғам туралы көзқарастар.

 Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» болатын.

О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді. 

Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.

 Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.

О.Конттың пікірі бойынша қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл – ойының дамуы жатыр. Ал ғылым позитивтік сипатта болуы керек. Ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену керек. Ғылымдардың дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бұл арада басшылыққа алатын қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай дамуы тән. О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән береді. Өйткені, бақылау ғылымға объективтілік береді. Оның еңбектерінде «бақылау» сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада, («жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада, бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің («таза байқау; тәжірибе, салыстырмалы әдіс») бірі болып табылады. 

О. Конттың ойынша, әлеуметтанудың  салыстырмалы әдісі салыстырудың бірнеше әдістерінен немесе тәсілдерінен тұрады. Біріншісі – адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғұрлым  қарапайым және әмбебап заңдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншісі – жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының әр түрлі қатар өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс ғаламшардың әртүрлі бөлігіндегі қазіргі халықтар арасындағы неғұрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, «адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе – теңдігін» негіздейді. Зерттудің  үшінші «объективті» әдісі – тәжірибе. Конт әлеуметтануда физикадағы сияқты құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген.

О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің объектісі – «тыныштық қалпындағы» қоғам болса, екіншісінің объектісі – «қозғалыс қалпындағы» қоғам болып табылады. Әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді. 

Г. Спенсор еңбектеріндегі негізгі теорияларжәне қоғам туралы көзқарастар.

О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой – пікірлер Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізі еді: 

1.    Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

2.    Әлеуметтік эволюция идеясы.

Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар:

1.    Қолдаушы.

2.    Материалдық игілікті қндіру көзіне негізделу.

3.    Қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастрады анықтау.

Г.Спенсер эволюция деп аталатын үдеріске жалпы мынадай анықтама берді. Эволюция дегеніміз – қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар интеграциясы. Кез келген эволюция материяны соның алдындағы тепе – теңдік, біртекті күйінен шығарыпғ әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады.

Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын анықтап көрсеткен: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік деп көрсеткен. Ол әлеуметтанушылардың ішінен ең алғаш болып жаңа терминдер енгізді. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция.

Э. Дюркгеймнің еңбектеріндегі негізгі теорияларжәне қоғам туралы көзқарастар.

Жиырмасыншы ғасырдың басында әлеуметтік ойдың дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858- 1917) мен неміс зерттеушісі М.Вебермен терең ықпал етілді. Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды. Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды. Осы фактілерді зерттеу әлеуметтану пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді, дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм пікірі бойынша, барлық адам көріністері тәртіп үлгілерінде құралады: жалпы елес, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның бәрі ұжымдық таным. Дюркгеймнің орасан зор еңбегі қоғамды құнды-норма жүйесі ретінде белгілеуі жатады. Әлеуметтік тәртіп үнемі қандайда бір тәртіп ережелерімен реттеледі. Анатомия концепциясына негізделіп, ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді. Зерттеу нәтижесі негізінде келесі қорытындыларға келді, дағдарыс немесе айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі өседі.

М. Вебердің еңбектеріндегі негізгі теорияларжәне қоғам туралы көзқарастар.

Неміс социологы М. Вебер де әлеуметтанудың дамуына елеулі үлес қосты. К.Маркстың отандасы Дюркгейм мен бір уақытта өмір сүруіне қарамастан, көз-қарастарымен елеулі ажыратылды. Дюркгейм мен Маркс жетекшілікті қоғамға бағыттаса, Вебер жеке адамға және қоғамның даму себебіне әлеуметтік құндылықтарды жатқызды. Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін еңгізді. Вебер социологиясының негізі болып идеалді түрлер жөнінде ілім болды. Идеалді түр – бұл объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады. Идеалды түр – бұл зерттеуші-социологтың нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеальды түрлер 2 түрге бөлінеді: тарихи (тарихты бейнелейді), социологиялық (ғалыммен жасалады). Оның идеалды түрлер жөніндегі ілімі «түсінетін» социологияның негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың әрекетін зерттеу саналады. Әлеуметтанушы адамның әрекетін қызықтыратын сол, адамдар өздерінің іс-қимылдарына белгілі бір мән береді. Мұндай мәндік әрекеттерді зерттеу «түсінетін» социологияның пәні болып табылады. Вебердің маңызды идеясы бұл елеулі экономикалық тиімділікті алуға бағытталған рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы. Бұл тенденция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Ал бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда ең шығанағы – бюрократия, қоғамды бюрократияландыруға бағытталған тенденция саналады. Батыс социологиясының дамуында сонымен қатар, веберлік дін әлеуметтенуы үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып батыс еуропалық капитализмнің құрылуында протестанттық шаруашылық этиканы зерттеу болады.

Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары

Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшеліктерін нақты түсіну үшін бастапқы ұғым болып саналса, ал әлеуметтік заңдылықтар оның мәнін ашатын қажетті ұғым болып табылады.

Әлеуметтанудың мазмұны жағынан терең, әрі кен мынадай категориялары бар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік құрылым.әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым, әлеуметтік топ, әлеуметтік әрекет, әлеуметтік мінез - құлық, т.б. Бұлардың әрқайсысы, өз кезегінде өте маңызды, алайда жалпыламалығы төмен категорияларды да осы айтылғандардан бөліп шығарады. Айталық, әлеуметтік топ категориясы мынадай жеке ұғымдарды: тап, әлеуметтік топ, халық, ұлт, отбасы, т.б., ал әлеуметтік әрекет категориясы — әлеуметтік мүдде, әлеуметтік мақсат, әлеуметтік норма, әлеуметтік кұндылық және т.б. ұғымдарды қамтиды. Әлеуметтанудың маңызды категорияларының қатарына әлеуметтік тендік (немесе теңсіздік), әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік еркіндік, тағы басқа да ұғымдарды жатқызуға болады. Сөйтіп, әлеуметтанудың категориялары осы ғылым объектісінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін көрсетеді.

Әлеуметтануда ез категорияларымен қатар басқа ғылымдардан енген категориялар да қолданылады. Мысалы, философиядан әлеуметтануға «коғам, адам, құқық, индивид, прогресс, даму», т.б. категориялар ауысты, ал театр өнерінен - «рөл», заң ғылымынан - «статус» ұғымдары енген. Бұндай ұғымдарды әлеуметтану аясында қолдану ол ұғымдарды жаңа мазмұнмен байыта түседі.

Егер әлеуметтану категориялары объектінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін анықтайтын болса, әлеуметтанудың заңдары солардан туындайтын тұрақты қарым - қатынастар мен байланыстарды ашып көрсетеді.

Әлеуметтік заңдар адам кызметінің барлық саласын қамтиды және таралу аясына сәйкес өзіндік өзгешеліктері де болады. Айталық, шағын топқа, белгілі әлеуметтік жікке немесе тапқа, жалпы коғамға әрекет ететін заңдар бар. Басқаша айтсақ, заңдар жалпы коғам немесе оның бөлімдері арасында қолданылып, осыларды қамтиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]