Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭНДОКРИНДІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.68 Кб
Скачать

Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу үрдісінің бұзылуындағы

Медбикелік үрдіс

Ішкі сөлденіс жүйеге ішкі сөлденіс бездері кіреді, жүйке жүйесі сияқты барлық басқа ағзалар мен жүйелердің жұмысын реттеуін жүзеге асырады, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Бездер ағзаның өмір сүруіне қажетті ерекше физиологиялық белсенді заттар шығаратын мүшелер. Ішкі секреция бездері ағып шықпайды, гормондар торшалардан қанға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түседі де, белгілі бір жүйелер немесе мүшелерді қоздыратын немесе тыныштандыратын әсер береді, яғни, ағзадағы бүкіл негізгі зат алмасу процестеріне қатысады. Сөйтіп, барлық гормондар ағзаның қалыпты түрде жұмыс істеуі үшін қажет, ал жеткіліксіздігі немесе көп бөлінуі белгілі бір ауруға әкеледі. Қалқанша без де маңызды орын алады. Қалқанша без тироксин гормонын өндіреді. Тироксиннің құрамына йод кіреді, ол қалқанша безге тағамдар мен ішетін судан бөлек (қанның ағынымен түседі) келіп түседі. Қалқанша без зат алмасуына әсер етеді: мөлшерден көп тироксиннің бөлінуі зат алмасуының төмендеуі және бұл гормонның жеткіліксіз өндірілуінен зат алмасуы төмендейді. Гипофиз – ішкі сөлденіс бөлу безі, екі бөліктен тұрады: алдыңғы және артқы. Алдыңғы бөлігінің қызметі өте күшті болған жағдайда адамның бойы өте биік болады. Бұл қаңқаның, ал кейде кейбір оның бөліктерінің (бас сүйегі, саусақ, табан) өте күшті өсу әсерінен болады. Алдыңғы бөлігінің қызметі нашарлағанда бойдың өсуінің бәсеңдеуі және тоқтауына әкеледі. Гипофиздің артқы бөлігінің қызметі май алмасуына байланысты: оның қызметінің төмендеуі семіздікке әкеледі. Ұйқы безі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин. Инсулин организмнен тыс жасанды жолмен алынған алғашқы белоктардың бірі. Инсулин организмде көптеген функциялар атқарады. Олардың ішіндегі аса маңыздысы — инсулиннің метаболизм процесіне әсері. Ол көмірсу алмасуына әсер етіп, олардың тотығуын күшейтеді, бауыр мен ет тканьдерінде гликоген жасалуын тездетеді. Қанға инсулин жіберілсе ондағы қант мөлшері азайып, бауырда гликоген көбейеді. Инсулин аминқышқылдарынан белок түзілуін ынталандырып, тканьдердегі глюконеогенезді бәсеңдетеді. Инсулин диабет пен ауырған адамның зат алмасуын жөнге келтіреді.

Негізгі шағымдары: әлсіздік, тоңғыштық, тамаққа тәбетінің төмендеуі, ұйқышылдық, шөлдеу мен көп зәр шығару (полурия), вегетативтық өзгерістер, іштің ауырсынуы, лоқсу, құсу, іштің өтуі, нәжістің кідіріуі.

25.1.Табан терісінің күтімі. Диабеттік табан

Диабеттік табан қант сусамыр ауруында аяқ ампутацияның негізгі себебі болады. Диабеттік табан оң есе қант сусамырының екінші түрінде жиі кездеседі. Себебі: ағзадағы метаболикалық процестердің бұзылыстарынан ұсақ тамырлардың қызметі төмендеп, аяқтардың иннервациясымен қанмен қамтамас етуі бұзылады. Табанмен аяқ саусақтары ең соңғыда орналасқандықтан қанмен дұрыс қамтамас етілмейді. Сол себебтен ұлпаларда трофикалық өзгерістер пайда болып гангрена дамуына қауіп жоғарлайды.

Диабеттік табанды емдеу үшін хирургиялық, медикаментоздық шараларды қолданады. Диабеттік табан синдромының ауруларына келесі талаптарды береді:

а) үнемі қандағы қантты тексеру, эндокринологтан кеңес алу;

б) темекі шегуден бас тарту;

в) мақта-матадан немесе жүннен жасалған шұлық (синтетика емес), теріден жасалған аяқ киім кию;

г) күнде екі сағаттан аяқ гимнастикаларын жасау;

д) дерматологтан кеңес алып, тырнақтардың ауруларың емдеу.

Күнде кешкі уақытта істеу керек:

  • табанды мұқият қарау;

  • аяқтарды балалық сабынмен немесе перманганат калий әлсіз ертіндісі араласқан жылы сумен жуу (ыстық сумен жууға болмайды);

  • теріні жеке орамалмен әсіресе саусақтың аралыгын ұқыптылықпен сүрту;

  • теріге жұмсартатын дәрумен қосылған кремді жағу;

  • саусақ аралықтарын арақпен сүрту;

  • тырнақтарды тиянақты алу(көзінің көруі нашар болса басқаларға алғызу). 

Диабеттік табанда істеуге болмайды:

  • жалаң аяқ әсіресе далада жүруге;

  • аяқты булауға және ыстық сумен жууға;

  • жылытқышты қолдануға;

  • тұзды буларды қолдануға;

  • майларды дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға;

  • сүйелдерді жұмсартуға арналған майларды қолдануға;

  • бөтен шүлықтарды киюге және жалпы моншаға баруға;

  • ашық отқа, жылытатын құралдарға таянуға;

  • аяқтарды көзінің көруі нашар болса өндеуге, тырнақтарды алуға;

  • өз бетінше ем қолдануға, сүйелдерді, жараларды, гиперкератоздарды, жарықтарды емдеуге.

Дәрігерге бару керек егер:

  • етімен бірге өскен тырнақтың дамуы;

  • жарақаттармен күйіктер болған жағдайда;

  • саусақтардың қарайуыда, жүргенде, отырғанда балтыр бұлшықтарында ауырсынудын пайда болуы;

  • табанның сезімталдығының жоғалуы;

  • әртүрлі жаралармен іріңдердің дамуы.