Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
agrobiznes_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.61 Кб
Скачать

3.Эссе . Кез келген жобада өз мақсатынды нақты түсінбеу ,табысты болуға кедергі келтіреді

Барлығы бизнес-идеядан басталады. Бизнес-идея – бұл Сіздің келешек бизнес жайлы түсінігіңіз. Бүгінде өндіріліп жатқан нәрсенің барлығы және бүгінде сатылып жатқан нәрсенің барлығы – біреулердің идеяларының жемісі.Адам өз қолынан қандай іс келетінін, және қандай іспен айналысуды қалайтынын шамалап білуі тиіс. Алайда бұл үшін келешекте айналысатын бизнестің картинасын елестетіп ғана қою жеткіліксіз болады.

Өзіңіздің жеке қабілетіңізді анықтайтын теңдеу: ( ТБҚ туа біткен қабілет + ЖБҚ жүре біткен қабілет) х Қ құлшынысыңыз = ЖН жеке нәтижеңіз. Бұл теңдеуде туа біткен қабілетіңізге, жүре біткен қабілетіңіз (біліміңіз, тәжірибеңіз, жүре-келе жинақтаған өмірлік даналығыңыз бен талантыңыз) қосылып осы екеуінің қосындысы құлшынысыңызға көбейтілгенде, жеке нәтижеңіз шығады. Бұл жерде Қ – құлшынысыңыз белгісіз. Сіздің әр іске деген құлшынысыңыздың деңгейі әртүрлі, тіпті шексіздікке дейін болуы мүмкін. Құлшынысыңыз өзіңіздің еркіңіздің бақылауында болады. Сіздің мақсатыңызға құлшынысыңыз жеткізеді де тағдырыңыз осыған байланысты болады. Сіз өз мамандығыңызды неғұрлым терең игерем деп құлшынсаңыз, кәсіпкейлік деңгейіңіз де соғұрлым өте жоғары болып, табысыңыз мол болады да, байыған миллионерлер сапынан бірақ шығатын боласыз.

Көптеген адамдар өздерінде қандай күш-қуат бар екенін сезбейді. Сондықтан өздерінің санасының егесі болуға талпынбайды. Олардың санасын қорқыныш, жігерсіздік, уайым, шешімсіздік т.б. толып жатқан келеңсіздіктер жаулап алған.

Табысқа жету – алдыңа қойған мақсатқа қарай үздіксіз жылжи беру. Табыс – әлеуметтік, рухани, психологиялық, молшылық, өреңнің дамуларын үздіксіз арттыра отырып жалпы қоғамның дамуына өзіңдік үлесіңді қосу.

Табыс – соңғы аялдама емес, қарқынды түрдегі қозғалыс. Біз табыс үшін туғанбыз.

1. Егер біз ойымызды бағындыра алсақ, онда өз тағдырымыздың бағытын, беталысын өзіміз қалаған жаққа бағыттай адамыз. Бір сөзбен айтқанда болашақта қандай әлемде өмір сүретінімізді, өзіміздің тұрмыс жағдайымызды өзгертуімізге әсер ете аламыз, қалауымызша жасай аламыз.

2. Біз өміріміздің 4/3 бөлігін басқаларға ұқсауға тырысып жоғалтамыз.

3. Бұлыңғыр болашақтағы белгісіздіктің алдындағы қорқыныш – адамдардың белгілі шешім қабылдауын кешіктіріп бөгет жасайды.

4. Өмірде жетістікке, табысқа жету адамның тыныс алуы сияқты туа біткен қасиет.

5. Табыс, жетістік, молшылық, байлық дегеніміз – өзің алдыңа қойған мақсаттарыңның тұрақты түрде орындалуы және осы осы бағытта тоқтап қалмай үнемі алдыға қарай жылжи беруің.

Қазақта мынадай мақал бар «жол мақсаты -жету» демекші ,бизнесте өз мақсатын айқындап алу ең маңыздысы.Егер сіз келешекте айналысып отырған бизнестің мақсатын білмесеңіз оған кеткен -қаражатта,уақытта ,жұмасаған күш-жігеріңіздің барлығы сарп кетеді.Осыған орай “Табыс құпиясы мақсаттың қалыптылығында ”-деп бір дана дәл тауып жазып қалдырған.

23-билет

1.Франчайзер – өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында белгілі бір төлем негізінде өз атынан іс жүргізу құқығын беретін «ноу-хау » ды иеленетін танымал тауарлық белгісі бар ірі омпания.

2.Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация – өз қызметін өнірістен және тауар мен қызмет сатудан таыс табу мақсатында ұйымдастыратын тауарлы бизнес құрылым ;ол мемлекеттік жеке әріптестік қағидаттарында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырады, оның тапқан табысының бір бөлігі өз қызметін жүзеге асырып отырған өңірдің халқының мүддесінде әлеуметтік ,экономикалық немесе мәдени жобаларды іске асыру үшін қайта инвестицияланады.

2.Тест 1)Лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет:

франчайзинг

2) Тәуекел пайда болу сферасын байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

ішкі және сыртқы

3.Эссе Мен ақшаны бірінші орынға қоюдан аулақпын .Ең құнды ресурс -ол уақыт.

«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».

“Уақыт деген не?” деген кең мағыналы, көп қолданылатын сұрақ екендігіне ешкімнің күмәні болмаса да, ол туралы жойқын афоризмдер мен ойтолғаулар бұрыннан да, қазыр де көп айтылып жүргені белгілі. Сонымен, уақыт деген не?Уақыт-ең жақсы оқытушы,өкінішке орай ол оқушыларын өлтіреді.Уақыт жараны жазады.Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара. Ақыры өлем екен деп, бүгін өлу бассыздық!Ең қиын жоғалту-уақыт.

Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді – деген сияқты қанатты сөздер мен қуат бергіш әріптерді қазнетте бір жерлерден кезіктіргенде, уақыт туралы көзқарас әркімде болу керек сияқтанған. Себебі соның тиімділігін түсінбегендерді кездестіргенде, босқа кеткен уақыттың орнын нәтижеден басқа ешнәрсе толтыра алмайтындығына көз жеткен. Сондықтан, уақыттың орны толмайтындықтан, жоспарлы, қорытындылау үшін тоқтаған нүктеде өкініш болмауға әрекет етілуі керек. Себебі уақыттың алғышарттары мен табысқа жол формуласының бағытыда осыған әкеп соғады.

Үнем, уақыт, жоспар-Сізді бақытты қылуға жұмыстанатын әрекеттермен толыққанда ғана, жемісін береді. “Егер сен дұрыс жоспарламасаң, уақыт саған ешқашан жетпейді”.Кәсіпкерлік тұрғыға, яғни табыс келтіру саласына уақыт қалай әсер ететіндігі кімді қызықтырмайды? Бизнестің, сауданың мақсаты табыс кіргізу екендігі ешкімге жасырын емес, сол сияқты уақыттың да ақша екендігін барлық кәсіпкерлер біледі. Бірақ бір айта кетерлік жай, сіз ұйқыда немесе алыс демалыста, саяжайда, ұзақ үзілісте де кіріс кіргізіп тұратын қаржы уақытқа тәуелді, және ондай мәртебеге барлық ізденістегі тұлғалар құқылы, себебі елімізде кәсіп жасаймын дегендерге ақ жол. Аз төлегің келсе, үнемде деп Елбасы айтқандай, уақыттың тиімділігін кәсіпкерлер жеке басына қызмет еткеннен кейін басқаларға қарағанда ерте түсінеді. Сол себепті мол қаржыға кенелу үшін, көп еңбек ету емес, уақыттың тиімділігін түсінген маңыздырақ.

Уақыт ақша, ал тиімді жұмсалған уақыт- көп ақша!

Банк депозиттері немесе шағын жеке микрокредиттік ұйымдар, салым ұйымдары барлықтары, ақша айналымдарының үстіндегі кішкене пайыздар арқылы үлкен айналымға түсіп жатырғандығы белгілі. Яғни оларға бірінші тікелей әсер ететін уақыт, содан соң жігерлендіру арқылы дәріс алатын, сонда қызмет ететін мамандар. Ал жұмыс жасау жүйесі өзгеріссіз, қалаған уақытында қаржы айналымын ұйымдастырушылар жүйені өңдей алады. Сол айналымды ұйымдастырушылардың бізге ұсынатын пайыздары аз болғанмен, бастапқы кездерде кез келген тұлғаға қолдануға тиімді жақтары да бар, кәсіпкердің қалыптасуына да берер сабағы көп. Әлбетте, теңге тиыннан құралады демекші, капитал ұсақ ақшалардан құралған, уақытқа тікелей әсер ететіндіктен, қор жинауда тәуекелдерге қатыспайтын,

мемлекеттік кепілдігі бар банктерге сенім артқан дұрыс. Себебі нәтижеде, салынған қаржыны қайтарумен қатар, ұтыс көзделеді. Аз ақшаңды игере алмай, сақтай алмасаң, сен үшін сақтап көбейтетіндерге сенім арта білу-уақыт тиімділігіне жасалған бірінші қадам.

24-билет

1.Арнайы экономикалық аймақ – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын ,дәл белгіленген шекаралары бар ҚР аумағының бір бөлігі.

2. Факторинг (ағылш. factor — фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент) — банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі.

2.Тест. 1)Тәуекел салдарларының сипаты бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Таза және спекулятивті

2) Нәтиженің бір нұсқасынан (вариантынан) басқасына өту кезінде сандық көрсеткіштердің өтуі:

Вариация

3.Эссе. Кәсіпкердің жай адамдардан ерекшілігі – қажырлылығымен табандылығы

Бизнес-үнемі ізденістегі үлкен жауапкершілік (А.Рысмендиев).“Істі істеу үшін емес, жеңіске жету үшін бастаңыз”.

Әрине, табысқа жетудің аса маңызды факторына қажырлығы мен табандылығы жатады. Адамның дамып отыруға деген ниеті, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Табандылықтың күші мақсатқа жетудің жылдамдығын белгілейді.

Кәсіпкердің қажырлылығы , ең алдымен, оның өзіне байланысты болады. Өз-өзін оптимистік сарында ұстау, ертеңгі күнін көре білу және соған бүгін әсер ете білу – бұл іскер адамның ұлы шеберлігі. Сіздің оптимистік көзқарасыңыз Сіздің қызметіңізге тікелей әсерін тигізіп отырады. Сергек және көңілді болыңыз, стратегиялық тұрғыдан ой қозғауға – келешекті көріп, соны болжап және жоспарлап отыруға тырысыңыз. Позитивтік көзқарас – табысқа жетудің кепілі. Тағыда жақсы қасиеттердің бірі ,Әзіл Сіздің міндетті түрдегі серігіңізге айналуы тиіс. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар егер күлімсіреу, күлкі мен әзіл болса, әрдайым табысты болмақ. Алайда, есіңізде болсын, Сіз күлкілі болмауыңыз керек, Сіз жайдары және көңілді болуға тиіссіз.

Табысқа жету Сізге ғана емес, Сіздің айналаңыздағы адамдарға да байланысты болатынын естен шығармаған жөн. Отбасыңыздың, достарыңыз бен жақындарыңыздың қолдау көрсетуі қанаттандырып және кез келген қиындықтарды жеңу үшін күш бітіреді. Отбасының әл-ауқаты мен берекесі – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.

Пайда қуу кәсіпкерлерді өз капиталын тәуекелге тігіп, қызметкерлерді жалдап және тауарларды өндіру мен қызмет түрлерін ұсыну үшін қажет болатын нәрсенің барлығын сатып алуға мәжбүрлейді. Пайда сонымен қатар үлкен ынталандырушы күш болып табылады.

Алайда, адамдарды бизнеспен айналысуға итермелейтін жалғыз себеп пайда табу ғана емес. Өз ісін бастауға сонымен қатар жеке басының тәуелсіздігіне қол жеткізу және сүйікті ісімен өзіне ыңғайлы болатын уақытта айналысу мүмкіндігі, өз қабілетін ашуға немесе отбасылық дәстүрлерді жалғастыруға деген ниеті ынталандыруы мүмкін.

Шыңға шығатын ақылы мен қабілеті бар адамдар елімізде толып жатыр. Бірақ оларда алдыға қарай итермелейтін сенім күші жоқ. Сіз өзіне толық сенімді, ойлау жүйесін түбегейлі өзгерткен адамды жеңуіңіз мүмкін емес. Ол адам өзінің алдына қойған мақсатына, сәтсіздікке ұшырап жатқанына қарамай, қайта-қайта ұмтыла береді де, түбінде қайтсе де жеңіске жетеді. 5% пайыз ғана адамдар адамзатты басқарып билейді, осы адамдарды жетелеуші олардың – өздеріне деген сенім күші, ойлау жүйесінің ерекшелігі және мұқалмас жігері.

«Бірде Стив Джобстың сөйлеген сөзінің бейнеролигін көрдім, онда ол тыңдаушыларға арналған «Аш болыңдар. Албырт болыңдар» ұмытылмас үндеуін тастады. Бұл менің өмірлік ұстанымға айналды. Ісін енді бастайтын кәсіпкерлер білім алуда аш болып, идеяны жүзеге асыруда албырт болып қалуға кеңес беремін».Осы бір екі ауыз сөздің өзңнде қаншама мән жатыр.Кісңпкер өзінің діттеген мақсатынан қайтпай табандылық пен қажырлылық танытса соңында еңбегінің жемісін көретініне мен кәміл сенемін.

25-билет

1.Шарт – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу ,өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

2.Акционерлік қоғам- өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға.

2.Тест 1)Орындалуына міндетті болып табылатын жоспарлау түрі

Директивті жоспарлау

2) Жоспарланған істің(жобаның ) нақты іке асатындығын көрсететін экономикалық түрде негізделген аналитикалық құжат

Бизнес жоспар

3.Эссе

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]