Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
agrobiznes_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.61 Кб
Скачать

3. Эссе. Егер біреудің ойына тәуелді болсаң,онда сенің өлгенің.Мені біреудің мен туралы ойы толғандырмайды.

19- билет

1. Коммерциялық құпия – жеке кәсіпкерлік субьектісі айқындайтын және қорғайтын ,заңды негізде еркін жол қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын ,жариялануы ,алынуы,пайдалануы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат.

2. Кәсіпкерлік этика - кәсіпкердің міңез-құлық нормалары және оның жұмыс стилі мен заманауи мәдени қоғамның талаптарына сәйкестігі.

2.Тест 1) Акцияларының бақыллау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда ҚР Үкіметінің шешімімен құралған акционерлік қоғам

Ұлттық компания

2) Тауарларды (қызметті,жұмысты) сатумен және оны сатып алу келісім- шарты негізінде тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты ,яғни тауарлы-ақшалай ,саудалық айырбас операциялармен ипатталатын кәсіпкерлік :

Коммерциялық кәсіпкерлік

3.Эссе Өз жұмысыңды жақсарту үшін ең бастысы оны жақсы көру .Егер сүймесең,асықпаңыз.Сүйікті жұмысыңды өз жүрегіңіз көрсетеді.

Бұл тақырыпқа тоқтала кетер болсам, ең алдымен американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы америкалық кәсіпкер Стив Джобстің өзіне тоқтала кетсем. Стив ДЖОБС Apple компаниясы Гинесс Рекордтар кітабына кірді.Оның жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық (үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43,5 млн доллар болатын Gulfstream реактивті ұшығын сыйға алды. Ұшыққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды. Осы тақырып өнертапқыштың жалғыз ғана айтып кеткен сөзі емес сонымен қатар оның тағы да бір қатар қанатты сөздері бар.Мысалы: «Өзім көтеріп әкете алмайтын компьютерге сенбеймін»,«12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек», «Мен барлық технологиямды тек Сократпен кездесу үшін жұмсар едім»

Менің ойымша бұл тақырыпты кең мағынада ашу үшін ең алдымен мамандық таңдаудан басталатын тәрізді.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.

Ең маңыздысы таңдағанда қателеспеу ,асықпау.

20-билет

1. Венчурлік капитал- табыстың жоғары нормасын тез арада алу есебімен тәуекел деңгейі жоғары инвестициялау обектілеріне капитал салымын жасаудың ереке нысаны.

2. Трест- қатысушылары өздерінің өндірістік,коммерциялық шаруашылықтық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі.

2.Тест 1)Кәсіби мамандардың өз кәсібінің (мамандығының ) мәселелері бойынша ақылы негізде кеңес беруі арқылы жүзеге асырылатын кәсіркерлік :

Кеңес беру кәсіпкерлігі

2) Кәсіпкерліктің ұйымдық -экономикалық нысандарына жатқызылмайды:

Акционелік қоғам

3.Эссе. Ақша басқа адамдар арқылы келеді.Адамдармен аралас.Араласпайтын адамдардың бай болуы сирек жағдай ..

«Ақшадан ақша туындайтынын» ұмытпаңыз. Ақша дегеніміз – күш. Осы күшті нығайта беру үшін үш нәрсе істеуіңіз қажет: тұрақты түрде ақшаңның

бір бөлігін сақтап қор жинаңыз және қандай болмасын қарыздан құтылыңыз. Ай сайын түскен кірістің 10 пайызын бөлек жинаңыз, бұл кімнің болмасын баю жолының бастауы.

Адамдардан еш нәрсе сұраушы болма, керек болса ат үстінде отырғанда қолыңнан түсіп кеткен қамшыңды аттан түсіп барып өзің ал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Керекті адамдармен үнемі қарым-қатынаста болыңыз. Себебі таныстық пен байланыс талай есікті «теуіп ашуыңызға» көмектесіп, кедергі жасайтын керексіз бейнеттен құтқарады. Байланыстың сапасы мен саны басқа әсерлермен салыстырғанда аса маңызды. Қажетті адаммен қажетті жерде, керекті уақытта танысуыңыз өміріңізді түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін. Таныстарыңыздың шеңберін ұлғайта беру үшін тізім жасап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласыңыз.

Тізім жасаңыз: Біріншіден өзіңізге пайдасы тиеді-ау деген өзіңіз тұратын жердегі беделді адамдардан бастап, ұлттық деңгейге дейін ел көлемінде атағы шыққан алдыңғы қатарлы 25 адамның тізімін жасаңыз. Осылардың әрқайсымен жақын арадағы 12 айдың аралығында кездесудің жоспарын жасаңыз. Осылармен кездесіп болғаннан кейін тағы да осындай 25 адамның тізімін жасаңыз. Бұл тізімге – жергілікті әкімнен бастап, үкімет депутаттары мен үлкен кәсіпкерлерді кіргізіңіз. Өзіңіз білуге тиісті адамдарды түгел тізіңіз, сонан кейін осы адамдармен кездесудің жоспарын жасаңыз, осы жоспарды ұзаққа созбай іс жүзіне асырыңыз.

“Адамзат баласына табиғаттың бергенінен артық ештеңе қажет емес, әлбетте ақшаны есептемегенде…”

Ақша туралы осы уақытқа дейiн әртүрлі мақалалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзетіндігін айтқан. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, яғни оның авторы жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi.Заттардың тауарға айналуы, ақшаның пайда болуы себебінің алғашқыларын құрайды. Әрбiр тауар, қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. Яғни,“Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмаған болар едi. “Ақшамен дос сатып ала алмайсың, бірақ өте қызықты таныстықтар кездестіруге болады”

” Ақша өмірдің маңызы емес, бірақ барлық маңыздылар соған тәуелді”“Ақшаң көбейген сайын шеті жоқ таныстарда көбейеді, байланыстырып тұрған тек қана ақша”

“Ақшаданда маңыздырақ заттар бар, оларды алу қымбат” (П.Мериеме)

Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады. Ал ақша психологиясына тоқталсақ, бір қызығы, ақша бапты жақсы көреді. Ия, кәдімгі тірі организмдей бапта ақшаның көбеюіне ықпалы зор. Егер Сіз капитал жинау жолында өмір сүріп жатқан болсаңыз, оның көбеюіне ықпал ету күші сізден тарау қажет. Яғни, Сіз өзіңіздің жоспарларыңыздың орындалуына, армандаған саныңызды нақты белгілеуіңіз қажет. Болашаққа жоспарлау қараңғылық етсе, белгілі бір уақытқа болса да нақты цифрды анықтап қойыңыз. Ақша есепті жақсы көреді. Ешқашан ештеңенің тегін болмайтындығын естен шығармаңыз. Сіз сол нақты белгіленген қаржыға жету үшін неден құралақан қалатындығыңызды да біліп жүргеніңіз абзал. Себебі шығын шықпаса кіріс болмайды. Сондықтан қысқа ләззаттан, жеке қарым қатынастан немесе ағайын тума кездесулері сияқты кезекті шақырылымдардан құралақан қалуыңыз мүмкін. Яғни өзіңізге қатысты уақыт шығынына әрекет ететін себебіңіз болуы мүмкін, сол нақтырақ айқындалу керек. Бірақ сол айқындалған бағыт кіріс кіргізбейтіндігін түсініп қойыңыз. “Арада айтылып жатқан әңгіменің не туралы екенін байқай алмасаңыз, онда ол жерде ақша әңгіме болып жатыр”

Адам баласы, күтетін қаржысын өмір бойы күтуі мүмкін, сол себепті арманыңыздағы сан қол жетімді болуы шарт. Әрине ақша өмірдің маңызы емес, бірақ маңызды өмір кешуге жақсы көмектеседі.Барлық нәрсені иемдену мүмкін емес, сондықтан ең азы ақшадан бастаңыз.

21-билет

1.Ұлттық басқарушы холдинг – негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының ,ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам.

2.Бизнес – жоспар – жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат.

2.Тест. 1) Бірлескен коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бір саладағы кәсіпорындар бірлестігі:

Картель

2) Қатысушылар өз арасындағы артық (қажеті жоқ) бәсекені болдырмас үшін бірыңғай өткізу органы (сауда кеңесі) арқылы өнімдерін өткізетін және коммерциялық дербестігін сақтайтын бірлестік түрі:

Синдикат

3.Эссе. Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес

Алла тағала бұйырған несібеңізді беруші кәсібіңізді тастамаңыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Кәсіппен шұғылдану ешқашан да кеш емес.Егер адам құлшынып бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе үлкен молшылыққа кеңеледі.Баюдың әр түрлі жолдары бар солардың бірі,өз бетінше кәсіпқой мамандық иелері кіреді – дәрігерлер, инженерлер, сәулетшілер, тіс дәрігерлері, заң қызметкерлері.

Кәсіпкерлігіңіз артып, санаңыздың деңгейі жоғарлаған сайын ақылыңыздың да қабілетін толықтай пайдаланатын боласыз. Бұл сіздің келеңсіз сезімдеріңізді тұншықтырып, істеген істің жауапкершілігін толықтай өзіңізге жүктейді. Осы шарт сізді балалық дәуреніңізден басталған шырғалаңдарыңыздан бастап, қазіргі келеңсіздіктеріңізге дейін толықтай азат етеді. Бұл сіздің мінезіңізді жайлы етіп қалыптастырып, көпшіліктің сізге еліктеп, айналаңыздағы араласып жүрген кісілердің сізді дәріптеп, сізбен сөйлескенін мақтаныш тұтуына әкеледі.

Бүгінгі күні кім екеніңіз, өзіңіздің ойлау қабілетіңіздің деңгейі. Сіздің сыртқы келбетіңіз – бұл сіздің ішкі бейнеңіздің пәндік көрінісі. Айналаңыздағы – денсаулығыңыз, қарым-қатынасыңыз, шыққан биігіңіз, жанұяңыз, өмірдегі жетістігіңіз сіздің ақылыңыздың жұмысының жемісі. Өзіңізбен болатын өзгерістердің бәрі ойлау әдісіңізбен анықталады. Өзіңіздің ойлау жүйеңізге өзгерістер кіргізе отырып өміріңізді де өзгертесіз. Қандай әсерлер осылай ойлануға, санаңыздың жоғарлауына, мамандығыңызды жетілдіруге алып келді?

Баюдың келесі жолы: Өз бетінше байып миллионер болғандардың ішіне саудамен шұғылданғандар және осы салада қызмет істеп жүргендер кіреді. Бұлардың басым көпшілігі арнаулы оқу орындарын бітірмегендер, бірақта олар алып- сатуды жете меңгеріп алғандар.

Байлық дегеніміз ақшаңның бар болып, сырттан құйылып келіп жатуы. Сіз көп мөлшерде ақша табуыңыз мүмкін. Егерде осы ақшаңыз өзіңізге жұмыс жасаған кезде ғана байыйсыз. Баю үшін алдымен ақша табуыңыз керек, сонан кейін осы ақшаны өзіңізге кіріс әкелетіндей етіп жұмысқа жегуіңіз қажет. Баюдың құпиясы қарапайым. Оның аты құндылығын жоғарлату. Табысқа жеткен адамдар адамның немесе кәсіпкерлігінің (бизнесінің) құндылығының бағасын арттыра алады. Бағаның құндылығын бір жерден арзанға сатып алып, екінші жерде қымбатқа сатуға болады. Бүкіл сауда бизнесі осы негізде жұмыс істейді.

Қандай болмасын қаржы табысы: тұтыныушының сұранысын білуден, керегін тауып беруден тұрады. Өз бетінше байыған адамдардың молшылыққа жету жолдары да әртүрлі. Кейбіреуі егін өсіріп, құрылыс салып, үйдің ішін безендіріп, енді біреуі асхана, мейрамхана ашып, басқа біреуі жүк тасып дегендей адамдар қазір неше түрлі ақша табудың жолдарын тауып алған. Осының бәрі олардың өз жұмыстары мен сататын заттарын басқалармен салыстырғанда жақсы білуінде, осыдан кіріс алуында.

22-билет

1. Бәсеке – қандайда бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер.,топтар немесе қоғам арасындағы күрес бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар арасындағы бақталастық.

2.Ұлттық компания – акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ,ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда ҚР Үкіметінің шешімімен құралған акционерлік қоғам.

2.Тест 1)Қатысушылары өздерінің өндірістік, коммерциялық, шаруашылықтық және заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі.

Трест

2) Құзыреті органның жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты:

Лицензия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]