- •3 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •3. Эссе. Біз ақылды адамдарды,бізге жол көрсету үшін жалдаймыз.
- •3.Эссе. Бизнес – басқа адамның қалтасындағы ақшаны күшсіз алу өнері
- •3. Эссе. Егер біреудің ойына тәуелді болсаң,онда сенің өлгенің.Мені біреудің мен туралы ойы толғандырмайды.
- •3.Эссе . Кез келген жобада өз мақсатынды нақты түсінбеу ,табысты болуға кедергі келтіреді
3.Эссе. Бизнес – басқа адамның қалтасындағы ақшаны күшсіз алу өнері
Адамдар амал қылатын, әр уақыттың өмірге әкелетін қағидалары мен лозунгтары болады. Қазіргі құбылмалы, өзгеріске толы нарықтық экономика кезеңінде әрбір адам бәсекеге қабілетті болуы және соған сай болуы тиіс. Заманға сай, жағымды имидж — жетістікке жеткізер кілттердің бірі. Іскер адам, тек өз ісінің білгір маманы ғана емес және өзі туралы жақсы пікір қалдыра алатын, клиенттерінің сенімінін тудыра алатын тұлға болуға міндетті. Бизнес – тұрақсыз, тәуекелділікке толы құбылыс. Егер сіз уақытпен қатар келе жатқан тұлға пікірін қалдырғыңыз келетін болса, сіз сол тұлға имиджін жасаңыз. Имидж адамның сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесінің үйлесіп, уақыт пен қоғам сұранысына жауап бере алатын адамның психологиялық типі.Бизнеспен айналысу үшін көптің қолынан келе бермейтін істі істеп ,бәрінің ойына келмейтінді жүзеге асыру.Кейде бос уақытта келешекте қара жұмысқа салынып, жалақыны күтумен бе, әлде ақылмен жұмыс жасап, күнделікті табысыңызды өзіңіз қалағанша тапқанды ма? Деген ойтуады.
Мен дәл осы сұрақты өз-өзіме қойғаннан бастап, екінші жолды, яғни ақылмен жұмыс жасап, табыс табуды қалайтынымды түсіндім.Негізі студент үшін табыс табу көздері көп болғанымен, бәрі айналып келгенде жалақыға тіреледі. Бұл қолбайлаудан құтылу үшін,бизнеспен қазірден бастап айналысуды жоспарлау керек.Табыс табу көздері өте көп.Бірақ оны іс жүзінде жүзеге асыру әркімнің қолынан келек бермейтін іс.Бизнеспен айналысатын адамдар олар өз кәсіптерін жарнамалай алуы тиіс деп ойлаймын.Мысалы егерде ол өз тауарын басқа адамға қызықты етіп көрсете алса,өзгелердің оған қызығушылығы оянады.Мысалы:қыз бала болғандықтан бәрәмізге белгілі макияж жасау.Бір рет барып көргеннен соң ондағы бет әлпетін өзіне қатты ұнаған соң онда екінші рет барғын келіп тұрады.Ондағы сәнгерлер сенің қалтаннан ақшаны қинап немесе күшпен алып отырмайдығой.Сол сияқты кәсіпкерлердің өз құпия сырлары жетерлік .
Кәсіпкерлердің миссиясы:Жынысына, діні, ұлты және жасына қарамастан өмірдің жоғарғы сапасына қаржылық тәуелсіздік арқылы жету мүмкіндігін қамтамасыз ету.
17-билет
1.Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – бәсекелестерінің өнімдерімен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын өнімдер өндірумен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.
2.Концерн- меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын бірлестік;ол инвестициялық ,қаржылық ,табиғат қорғаушылық ,сыртқы экономикалық және басқада қызметтерді ,өндірістік даму мен ғылыми-техникалық функцияларды ерікті түрде орталықтандыру негізінде бірлескен қызметті жүзеге асыратын дербес кәсіпорындар бірлестігі.
2.Тест 1) Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға .
Акционерлік қоғам
2) Өз атынан және мүліктік жауапкершілігімен қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ,кәсіпкерлік ұйымдардың рөлімен байланысты болып,келетін кәсіпкерліктің функциясы :
Жалпы экономикалық функция
3.Эссе Бизнес- шектеулі ресурстар жағдайында табысқа жету өнері
Студенттік өмір барлығымызға да белгілі. Ақша жоқ. Қарын аш. Жұмыс жоқ. Бар болса, айтарлықтай табыс көзі емес. Осында кезде бір бизнес ашып жіберсем бе деп ойлайсың? Ойыңнан бас тартпай тұрып, дәптерге түртіп алу керек екен.. Себебі, сен алғашқы қадамды бастадың деп білу қажет.. Яғни, бизнес бастау үшін ең бірінші адамға сол бизнесті қалау керек. Шын жүректен ниеттеніп, артынан келетін барлық қиындықтарына алғашқы қадамға көну керек. Розаны қалаған ғашық адам оның тікендеріне де разы болуы керек.
Әдебиеттілік пен теорияны шетке қоя тұрайық. Бізге бастысы білім және тәжірбие керек. Жалпы, бизнес деген не? Және онымен қалай жұмыс істеу керек? Бизнес деген де жай ғана бір затты сату өнері емес. Ең бірінші – ол сабырды мен қызығушылықты талап ететін білім. Білім инемен құдық қазғандай. Қиын. Егер жай базарда анау мынау зат сатып жүремін десеңіз онда білім керек емес. Алайда, болашаққа қойған мақсатыңыз биік, әрі өзіңізге айтарлықтай сенімді болсаңыз – сізге бірінші оқу керек.Сондықтан оқу керек.Енді бизнес жайлы тоқталсам.
Бизнес (англ. business — «іс», «кіріскен іс») кіріске (пайда, түсім) бағытталған кәсіптің түрі. Пайда алып келетін кез-келген іс бизнес болады. Салыстырмалы түрде бизнесменнің табысты болуы келіп түскен пайданың ғана мөлшерінен емес, сонымен қатар кәсіптілігінің бағасымен де салыстырылады.Бизнестің түрлері де өте көп.Мысалы,Жеке меншік,Жеке кәсіпкер,Жеке кәсіпорын,ұжымдық,кәсіпорын,толық бірлестік,Отбасылық бизнес, Мемлекеттік бизнес және т.б.
Сонымен қатар, бизнестің ішінде алғашқы қомақты қаржыны керек етпейтін түрлері де болады. Осындай бизнес түрін студенттерге жақын деп ойлаймын. Нағыз тәжірбиені осында жинайсыз. Аздан бастаған дұрыс. Қаншалықты аш болсаңыз да, өзіңізді басып, сабырға келіңіз. Ақша бірден келе салмайды. Кішкентай сәбиге де сүт орнынан палау берсең, жөтеліп, тіпті, кейбір жағдайларда өмірден өтіп те кетуі мүмкін. Сол үшін аздап, бірақ әрдайым жасап тұрған тәжірбиелердің нәтижесінде ғана қол жетімді үлкен жетістіктерге жетуге болады.Позитивтік көзқарас – табысқа жетудің кепілі. Тағыда жақсы қасиеттердің бірі ,Әзіл ол міндетті түрдегі серігіңізге айналуы тиіс. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар егер күлімсіреу, күлкі мен әзіл болса, әрдайым табысты болмақ. Алайда, есіңізде болсын, күлкілі болмауыңыз керек,керісінше жайдары және көңілді болуға тиіссіз.
Табысқа жету Сізге ғана емес, Сіздің айналаңыздағы адамдарға да байланысты болатынын естен шығармаған жөн. Отбасыңыздың, достарыңыз бен жақындарыңыздың қолдау көрсетуі қанаттандырып және кез келген қиындықтарды жеңу үшін күш бітіреді. Отбасының әл-ауқаты мен берекесі – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.
Ал мотивация алаңында сізді көтеретін тек өзіңізсіз. Жыламаған балаға емшек жоқ. Іздейсіз, табасыз, уәж аласыз. Маңыздысы, өзіңізді керемет жан көріп, үлкен қиындықтар алдында тәуекелге шығасыз. Назар аудар! Эгоист болып кетуден сақтан. Тәкаппарлық адам баласын ешқашан алыстарға жетелемеген. «Қарапайымдық – кішілік емес, кісілік» дегенді де бекер айтпаса керек қазақ атамыз. Бірақ, кішіпейілдік арманым деп, шеттен тыс қарайпайымдық көрсету де керек емес. Ол өзімшілдіктің бір сыры болуы ғажап емес. Қысқасы, әр нәрседе ортасын ұстану – мақсатымыз.
Бақыт – байлықта емес. Байлықпен бақытты сатып ала алмайсың. Алайда, бақытқа жетелейтін жолды көркемдеуге көмектесетін себепшілердің бірі де осы байлық болып келеді. Бір ағайым дәйім айтатын: « Ақша қолдың кірі, қолдан келіп, қолдан кету керек. Жүректе оған орын жоқ». Сол қағиданы ұстануға шақырамын.
18-билет
1. Картель – пайдалы бағаны тіркеу және өнімді шығару көлемін барынша шектейтін өндірушілер тобы.
2. Коммециялық емес ұйым- өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін заңды тұлға.
2.Тест
1. Кәсіпкердің өз ісін ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдауда ,кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда , фирманың іс-әрекетін стратегиясын өзгертуге көрініс табатын кәсіпкерлік функциясы:
Ұйымдастырушылық функция
2. Жеке кәсіпкерлік субъекті-лерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі.
Бизнестің әлеуметтік жауаптылығы
