- •3 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •3. Эссе. Біз ақылды адамдарды,бізге жол көрсету үшін жалдаймыз.
- •3.Эссе. Бизнес – басқа адамның қалтасындағы ақшаны күшсіз алу өнері
- •3. Эссе. Егер біреудің ойына тәуелді болсаң,онда сенің өлгенің.Мені біреудің мен туралы ойы толғандырмайды.
- •3.Эссе . Кез келген жобада өз мақсатынды нақты түсінбеу ,табысты болуға кедергі келтіреді
3. Эссе. Біз ақылды адамдарды,бізге жол көрсету үшін жалдаймыз.
Шындығында, сіздің қазырғы келіп тұрған жеріңіз сіздің бір кездері ойлаған ойыңыздың жемісі. Әр адам өз таңдауын өзі жасайды, мейлі ол таңдау жасасын, жасамасын бүгінгі күннің нәтижесі – өзіне ғана тиесілі. Сондықтан жақсы өмір сүру үшін ертеңгі күнді қазыр ойлап, кешегі күнмен салыстырғанда бүгін жақсы өмір сүру, ыңғайлы. Ой-бастың жемісі, ой арқылы барлық әрекет басқарылады, демек сіздің тиімді қадамдар, ұтымды шешімдер жасауыңыз тек қана өзіңіздің не ойлайтындығыңызға байланысты, себебі Сіз үшін ешкім, ешқашан, ештеңе жасамайды.
Жетістікке жеткен кісілердің кітаптарын оқып, еңбек жолдарын қарасаңыздар олардың барлығын бір нәрсе ғана біріктіреді, ол – ойлау сергектігі. Яғни біреуден мықты болуға таласпай, кешегі күннен мықты болуға тырысуды көздейді. Олар бірінші болуға тырысқанда күш жігерлерін аямай, талпыныста алдарына жан салмайды. Армандағанда өздерін шектемейді, ойлағанда қыран құстай қалықтайды, көз алдарына елестетеді, бейне бір діттеген мақсатына жеткендегі күйді сезініп көреді. Негізінде, елестету арқылы аңсаған ортаны қалыптастыру – болашақты қалау. Оны өмірдің құпиясы деп те атайды. Әрине, сенімсіздікпен қарауларыңыз мүмкін. Бірақ айтыңызшы, барлығымыздың өмірімізде бір рет болсын, кезінде ойлап іске асқан оқиға болды. Ойымыз дәл ме дәл іске асқан кезде, таңырқадық та, таң қалдық та. Әртүрлі пәтуа ойлап, мән бермей тылсымға итере салып, кездейсоқтық деп шырғалаңға түсіп жүргендер де. Демек ойдың іске айналуы ақиқат, тек оған әрекет жасау керек, мақсатыңа қарай толқын ұйымдастыру керек. Ешқандай таңдау жасамай (қазырғы көпшілік жастарға тән) кезекші күймен уақыт өткізсеңізде ол сіздің таңдауыңыз, сәйкесінше ол жол ешқайда апармайды.
Мен айналамда жүрген талай достарымның сенбіден сенбіге дейін уақыт өткізіп, оңбай сәтсіздікке тап болып, жығылғандарын көріп жүрмін. Себебі олар жеңіске өздері дайын емес еді. Жеңіс – жауапкершілікті талап етеді. Көпшілік жауапкершілікті мойындарымен көтергісі келмейді, “ертең” деген сөзді алдарына қойып алып, бүгінгі күнін сарп етеді. Жауапкершілікті мойынға алу – жетістікке жететін бір ақ жол. Қатесіз сабақ болмайтындығы секілді, жауапкершіліксіз жетістік те жоқ. Жеңімпаздар барлық уақытта өз күштері жететін деңгейден артық еңбек ететіндігі де сондықтан. Себебі біз қай уақытта болмасын өзіміздің “ауырдың үстімен, жеңілдің астымен” жүрген кездерімізді білеміз. Демек істі жасау үшін емес, түсіну, өзіңді баптау үшін атқару керек.
Аллатағаланың берген әр күні өзінше керемет, әр күні құтты. Сондықтан берілген мүмкіндікті пайдаланбағаныңыз үшін жеңіліс табу – Жеңімпаздардың ісі емес.
Жасап жатырған іске, кәсіпке туынды ретінде қарасаңыз, ол өседі. Аспандағы жарқырап тұрған күн де лупа арқылы бір жерге қадалмаса, ештеңені өртемейді. Қадалдың екен, қан ал .Жеңімпаз болып туылмайды, жеңімпаздықты қалыптастырады. Кедейлік – қаржының тапшылығы емес, сананың тарлығы ғана. Ашық ойла, ұрын, сабақ ал, ұйымдастыр, тәуекел ет, әуелі ойла, сосын соған қарай жылжы. Ия, осылай ғана… қарапайым. Ұтылып қалып өкінген, ештеңе жасамай қол қусырып отырып өкінгенмен бір емес. Өз өміріңізді өз қолыңызға алыңыз. Есесіне соңында алатын жүлдеңіз – өзіңіз құрастырған өмір, ұрпаққа саналы із, болашаққа кепіл. Сондықтан өзіңнен оң нәтиже талап ет!Бай болыңыз.
13-билет
1. Олигополиялық бәсекелестік –экономикада нарыққа қатысушылардың біреуінің нарықтың маңызды бөлігін бақылайтын жағдайы.Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. Рыноктағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі.
2. Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.
2.Тест 1) D. Өндіріске салынған және табыс әкелетін қаржылық ресурстардың бөлігі:
D. Капитал
2) Консалтингтік жобаның негізін құрайды:
С.Мәселені анықтау, жобаны жасап жетілдіру, жобаны жүзеге асыру
3.Эссе.
Адамдармен тіл табысу -бұл тауар, қантты,кофені қалай сатып алатындай, бірақ мен оған көп ақша берер едім
«Адамдармен тіл табысу бұл тауар, қантты , кофені қалай сатып алатындай , бірақ мен оған көп ақша берер едім» деген атақты бизнесмен, және де адам тарихындағы ең алғаш доллардың миллиордері атанған бай адамдардың бірі, Джон Рокфеллдің қанатты сөздері болып табылады.
Жалпы осы өміде табысқа жету үшін не істеу керек? Табысқа жету үшін қандай да бір арнайы курстық сабақтарға барып үйрену керек пе ? деген біраз сұрақтарды көп адамдарды мазалайды.
Жалпы адамдар табыс дегенді ең алдымен сыртқы факторлардың жиынтығы сонымен қатар қандай да бір оқиғалардың немесе жағдайлардың еркіндігі мен жолы болғыштығында деп ойлайды. Бірақта өкінішке орай ол көп жағдай да олай емес. Сіздің өміріңіздегі табыстарыңыздың барлығы толығымен өзіңізге байланысты болмақ. Яғни сіздің адамдармен тіл табысу , қарым қатынастарыңызға тікелей байланысты.
Мүмкін сіз қандай да бір нақты саланың нағыз шебер маманы боларсыз, жаңа технологиялар жасап шығара алатын шығасыз да, бірақ бұның бәрі сізді табысқа жетуіңізге көмектесе алмайды егерде сіз өз идеяларыңызбен, ойларыңызды білдіре , және айта алмасаңыз, сонымен қатар адамдардың бойынан өз ісіңізге деген қызығушылық сезімін тудыра алмасаңыз және де өз көз қарастарыңызға назар аударта алмасаңыз,оны бәрі бекершілік деп ойлаймын.
Адамдармен тіл табысу қабілетін білсеңіз, ол сізге адамдармен аз уақыт ішінде жақсы достық қарым қатынас құруға және де жұмыстағы әріптестеріңіз бен досарыңыздың ортасында үлкен абыр ойға йе болуға жол бастайды.
Сондықтан да мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық ақша төлеуге дайынмын. Жетістіктің кез-келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар деп ойламаймын.
Ақша үшін ақша табуға барлық уақытын арнаған адамнан сұмырай және бейшара жанды білмеймін.
Кәсіпкерлікті бастау оңай емес. Оның өзінің ащы да, тәтті де тұстары болады. Бірақ, бәрінен адамдық қалпымыздан ажырамау. Биік шыңды бағындырам деушілерге сәттілік тілеймін. Тек, мынаны естен шығармасаңыз болғаны:
Сіздің әл-ауқатыңыз Сіздің шешімдеріңізге байланысты.
Сөз соңына айтқым келетіні, жаңа достарды табуға қорықпаңыз, араласыңыз,іскерлік қарым қатынастар құрыңыз,адамдармен ашық әрі жылы шырайлы сөйлесе біліңіз,
Қоғамның сізді мойындауы сіздің өзі өзіңізге деген сенімділігіңіз бен өзіңіздің күш жігеріңізді арттыра түседі. Өйткені өз өзіне сенімді адам ғана өз өміріндегі бар қиыншылықтарды жеңіп биік шыңдарды бағындырады емеспе?!
14-билет
1.Мәміле- азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек.
2. Қаржылық өнеркәсіптік топтар – өнеркәсіптік,банктік сақтандыру және сауда капиталдарын ,сондай -ақ ,кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалдық әлеуетін (потенциалын) біріктіретін бірлестік.
2.Тест 1) Меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.
А.Кәсіпкерлік
2) Қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан,активерінің орташа жылдық құны
60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік түрі
А)Шағын кәсіпкерлік
3.Эссе. Бизнестің құпиясы – сенен басқа ешкім білмейтін нәрсені істеу.
Кәсіпкер – өз ісін құра отырып, тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір,
өз өмірін өзгерткісі келетін және көп және қажырлы түрде еңбек етуге даяр адам. Ол үшін белгілі бір білімі мен дағдылары болып, жеке тұлғалық сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болуы қажет. Бұл тізімдегі ең қарапайым нәрсе - білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқулықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те.
Осы тақырыпта айтылғандай кәсіпкер бірталай басқа адамдарда жоқ қасиеттермен ерекшеленуі тиіс.Ол сол арқылы көпшіліктен бөлектене алады.Кәсіп ашқыңыз келетін аймақтың ұсынысын біле отырып ,түсіне отырып ,соларды қанағаттандыратындай іс жүзеге асыру қажет.Яғни ,кәсіпкер – новатор.
Бизнестің өркендеп өсуі үшін – құпиясы болады.Ал құпия дегеніміз ешкім өзіннен басқа білмеуі тиіс нәрсе.Новаторлардың міндеті көпшілікке бейтаныс жаңашылдық ойлап табу. Соны жүзеге асыру кәсіпкер ісі.Оны ары қарай дөңгелетіп алып кету нағыз кәсіпкер ісі.
Мысалы,қарапайым нәрседен әдемі туынды жасап сату.Айналысатын кәсібін өңірде жеке сенде ғана болса оған ,әрине ұсыныс көп болады.Ұсыныстарды қанағаттандару арқылы табыс көзіде молаяды.
Кәсіпкердің мақсаты өз ісінде табысқа жету.Табыс – бұл қайсыбір мақсатқа қол жеткізудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін көпшіліктің құрметіне ие болу. Әрбір кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметінде табысқа жетуге талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше факторлардың әсерінің арқасында қол жеткізіледі:
• сәттілік немесе жолы болғыштық, «керек уақытта керек жерде болды», «мүмкіндігін жібермейді»;
• сынап көру мен қателіктер жасау әдісімен, түрлі нұсқаларды іріктеу әдісімен белсенді түрде іздену;
• білікті есеп және оңтайлы нұсқаны таңдау;
• өз ресурсын пайдалану: білімін, шеберлігін, дағдылары мен жеке сипаттамаларын;
• жоғары дәрежедегі мотивация, адамның алдына қойып отырған мақсаттарына қол жеткізуге деген ниеті.
Әрине, табысқа жетудің аса маңызды факторына өз-өзін мотивациялау жатады. Адамның дамып отыруға деген ниеті, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Мотивацияның күші мақсатқа жетудің жылдамдығын белгілейді.
15-билет
1. Келіссөз-бұл екі тараптың да сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайдағы ,келісімге келу арналған адамдардың арасындағы өзара байланыс құралы.
2.Жалақы – қызметкердің біліктілігіне орындалатын жұмыстың күрделілігіне ,санына,сапасына,және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы,сондай -ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
2.Тест. 1) Дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субьектісі бола алмайды:
А) ірі бизнестің
2) Орта кәсіпкерлік үшін активтерінің орташа жылдық құны келесі шамадан аспауы қажет
А) 325 000 айлық есептік көрсеткіштен
3. Эссе Қарапайым заттарды ерекше жақсы жасау- табысқа жетудің қысқа жолы
Осы тақырыпты толық ашу үшін меңін ойымша бір данышпан кісінің сөзіне мән бергеніміз жөн. Әлбетте, ол беделді кәсіпкерлердің бірі.
Уоррен Эдвард Баффетт (Warren Edward Buffett) – америкалық кәсіпкер, әлемдегі ірі және атақты инвестор. «Көріпкел» деген лақап атпен танымал. 2013 жылғы желтоқсанға оның байлығы 59,1 млрд долларды құрады. Уоррен Баффетт 2013 жылы 12,7 млрд. доллар тауып, көп табысқа қол жеткізген миллиардерлердің көшін бастады.
Оның бірнеше тамаша қағидалары бар.Солардың бірімен т аныс болайық:«Кейбір адамдар қалың көпшілік акцияларға қызығушылық танытқанда көңіл бөле бастайды. Шын мәнінде, ешкім қызықпай тұрғанда көңіл бөлу қажет. Онсыз да танымал нәрсені сатып алып, табысқа кенелуге болмайды.»
Байлыққа жетудің бірінші жолы кәсіпкерлікпен шұғылдану. Бұл барлық бизнестің және басқарудың тұтқасы. Бұның диқаншылықтан бастап, өнім өндіру, жылжымайтын мүлік, компьютер т.б. сату, жүк тасу, қалыпты және қалыпсыз жүйелі бизнес сияқты неше-алуан түрі бар.Өзіміздің елде соңғы жылдары пайда болған миллионерлердің бәрі де өздерінің жеке кәсіптерінің арқасында байыды. Байлықтың бастауының барлығы да бір өнім туралы идеядан немесе қызмет көрсетудің белгілі бір түрінен басталады.
Сәтті кәсіпкерлік дегеніміз бірнеше өндірісті: жер, еңбек, қаржы, шикізатты біріктіріп, осыны басқаруды іс жүзіне асырып, өнім өндіргенде немесе қызмет еткенде сатып алушы осылардың жалпы құнынан артық баға беріп, өндірген өніміңді немесе көрсеткен қызметіңді сатып алуы. Өнім өндіруге, тасымалдауға т.б. кеткен шығындардың сыртындағы табысты кіріс немесе қосымша құн дейді.Таза кіріс – шығыннан тыс құйылып жатқан табыс, байлық. Егерде сіз кіріс кіргізудің жолын ойлап тапсаңыз, кәсіпкерлігіңіз гүлдене береді. Қандай болмасын кіріс әкелетін істі дұрыс басқарып, сауатты жүргізсеңіз – ақшаға тәуелсіз болып, байып молшылыққа кенеле бересіз.
Табыс факторлары
Табыс – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады:
сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу»;
байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, әр түрлі нұсқаларды қолдану;
білікті есептеу және қолайлы нұсқаны таңдау;
өз қорларын пайдалану: білім, ептілік, қабілеттер жеке қасиеттер;
жоғары уәждеме, өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау.
Сөзсіз, басты фактор болып өзі-өзі уәждемелеу болып табылады. Адамның дамуды қалауы, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Уәждеменің күші мақсатқа жетудің жылдамдығын анықтайды.
Кәсіпкердің уәждемесі, ең алдымен, оның өзіне тәуелді. Өзінің оптимистік бағытыңызды сақтай алу, ертеңгі күнді көріп, оған бүгін әсер ете алу үлкен шеберлік. Сіздің оптимизміңіз сіздің қызметіңіздің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Ширақ және көңілді болыңыз, стратегиялық ойлануды үйреніңіз, болашақты көріп, болжалдап, жоспарлаңыз. Позитивтік бағыт – табыс кепілі.
Әзіл сіздің міндетті серігіңіз болуы керек. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар күлімсіреу, күлкі, әзіл болған жағдайда сәттірек өтеді. Бірақ есте сақтаңыз, сіз күлкінішті емес, жеңіл және көңілді болуыңыз керек.
Табыстың тек сізге ғана емес, сізді қоршаған адамдарға да тәуелді екенін ұмытпаған жөн. Отбасының, достарыңыздың, жақындарыңыздың қолдауы сізді қанаттандырып, кез келген қиындықтарды жеңуге күш береді. Отбасының әл-ауқаты мен саулығы – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.
Кәсіпкерлік пайда – кірістің ерекше бір түрі, жеке бизнес саласында коммерциялық табыс алып келетін жаңа идеяларды жүзеге асыру, техникалық және ұйымдық жаңалықтар енгізумен байқалатын іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік және жаңашылдық үшін сыйақы.
Пайданы қуғындау кәсіпкерлерді өзінің қаражатын тәуекелге тігуге, қызметкерлерді жалдап, тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажеттінің бәрін сатып алуға итермелейді. Пайда табу – өте күшті ынталандыру болып табылады.
Бірақ, пайда табу адамдардың бизнеспен айналысуына түрткі болатын жалғыз себеп емес. Жеке тәуелсіздікке ұмтылу және ұнатқан жұмысын өзіне қолайлы уақытта істеу мүмкіндігі, өз қабілеттерін ашып, отбасылық дәстүрді жалғастыру да ынталандыру болуы мүмкін.
16- билет
1. Индустриялық-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру және эканомиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында ,экологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып ,индустриялық -инновациялық жобаларды іске сыруға байланысты жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі.
2. Келісім шарт (контрак) – ауызша немесе жазбаша келісім ол бойынша келісуші жақтардың бірі екіншісі үшін белгілі бір шартпен және белгіленген мерзімде әле бір нәрсені орындауға міндеттенеді.
2.Тест. 1) Жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.
А.Дара кәсіпкерлік
2) Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.
А.Толық серіктестік
