Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
agrobiznes_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.61 Кб
Скачать

7 Билет

От басылық кәсіпкерлік

Франчайзинг (ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі.

Тест :

Консалтингтік фирмалар клиенттерді тартуда қандай әдістерді қолданады. Демеушілік қызмет

Кәсіпкерлердің творчествалық функциясы неге негізделген: Ресурстарды оптималды пропорцияларда біріктіру және оларды қолданудағы бақылау

Эссе:

Табысқа жетудің басты факторы инновация

Соңғы кездері инновациялық өркендеудің алғы сатысы мен имиджін қалыптастырған Қазақстан Орта Азия елдерінде жаңалық енгізу мен жаңашылдықтың көшін бастады. Әрине оған басты себеп те бар. Алдымен Елбасы Н. Назарбаев өзінің жолдауларында инновациялық әлеуетті арттыру жолдарын жиі айтып, үкімет оның алғы шарттарын дамытудың тенденцияларын жүргізіп келеді. «Мен айтқанмын да және тағы айтқым келеді: инновация халық үшін қарапайым тілде – ол жаңалық, ғылымның өндіріске енгізілуі. Инновация дегеніміз – еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратын іс. Бірақ әрбір инновация қандай да бір уақытта өз шегін сарқиды. Міне сонда іске ғылым араласады, сол кезде қандай да жаңа нәрсені ойлап табу керек — қандай да тетік не жабдық қою керек. Мәселе осындай, егер қарапайым тілмен, саусақпен түсіндіріп айтатын болсақ», – деді Н. Назарбаев. Инновациялық саясатты әлеуеттендірудің дамуы әрі трендтеріндегі соңғы оқиғалар туралы көзқарастар мен ақпараттар алудың бірегей мүмкіншілігіне «Ұла Дала Елі» мүмкіндік бере бастады. Олардың барысында инновациялық зерттеу, жаңашыл озық идеяларларға, үздік трендті жобаларға, инновациялық даму саласындағы ұлттық компанияларға елдің стратегиялық бағдарлары мен басымдықтары айқын көріне бастады. Инновациялық әлеуеті жоғары Еуропа елдерімен, оның ірі компанияларымен дамыған технологиялар саласындағы іріктелген серіктестік жоба бағдарламаларын да байқауға болады. Сонымен жыл сайын инновацияға ерекше көңіл мен саяси бағдар әзірлеп келе жатқан Қазақстан әлемдік рейтингте біршама жоғары сатыға аяқ басып келе жатқандай. Орталық Азия аймағында «Ұлы Дала Елі» инновациялық көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда. Тіпті Азия мен ТМД елдерінің арасында да жағдайы қалыпты. Қазақстан инновациялық кірісі мен шығыны (Global Innovation Index (by overall score)) рейтингісінде 150-ге жуық елдің ішінде 79 орында екен. Түсініктірек болу үшін жақын көршілерімізді мысалға келтірсем: Тәжікістан 101-орында, Қырғызстан 117-орында, Өзбекстан 133-орында. Үздіктерді анықтайтын критерийлер Жоғары да айтқанымыздай инновациялық кіріс пен шығыс рейтингісін Еуропаның Корнель университеті, бизнес мектебі және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жүргізіп келеді. Зерттеу 2007 жылдан бастап жүргізілуде және қазіргі таңда әлемнің түрлі мемлекеттері бойынша зияткерлік даму көрсеткіштерінің толық кешенді көрсеткішін ұсынады. 2013 жылы зерттеу планетаның 95% тұрғындарынан 99,5% жиынтықты құрап, 150-ге жуық мемлекетті қамтыды.

8билет

Кәсіпкер этикасы кәсіпкердің мінез құлық нормалары және оның жұмыс стилімен заманауй мәдени қоғамның талаптарына сәйкестігі.

Холдинг  (ағылш. holdіng — иеленуші) — тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания‚ заңды тұлға

Тест:

Тауарлық биржалар кәсіпкерлік қызметтің қай түріне жатады: Тауарлық

Мүліктік салымдар негізінде өндірістік және шаруашылық қызметтің бірігуінде топпен құрылған кәсіпорын. Кооператив

Эссе:

Бизнес бірінші және басты алғы шарты бұл шыдамдылық

Ешқашан берілмеңіз,шыдамды болыңыз, әрекет етіңіз, бір орында тұрмаңыз, дамыңыз, ортаңызды кеңейтіңіз, дамытыңыз. Жоқшылықпен күресіңіз, кедейшілік – барлық адамдардың жауы, кім онымен жақсы күреседі, сол бай және табысты болады.

Мысалға айта кетсек Колибри – ол табиғаттағы ең кішкентай, сондай–ақ шапшаң құс!  Шыдамдылықтың  дәрежесі жоғары болғандықтан колибри гүлдердің шірнесін шаршамастан жинайды.  Бұл  еңбекқорлықтың және өжеттіліктің белгісі тобылып табылады. Осы құс сияқты шыдымды болсақ көптеген табыстарға жетеміз деп ойлаймын.

Жалпы Кәсіпкерлікте асығыстық қажет емес. Біз қандай да бір келісім-шартты қолма-қол жасала салса екен дейміз. Бізге істі бастауда сабырлылық әрі шыдамдылық керек. Халқымыздың «сабыр түбі сары алтын» деген даналық сөзін естен шығарып аламыз. Сабырлылық та ерлікті қажет етеді. Неғұрлым алдыңа қойған мақсатыңызды іске асыруға деген құлшынысыңыз күшті болса, соғұрлым кездесетін кедергілерді жеңу үшін шыдамды болғаныңыз мейлінше дұрыс. Молшылық пен байлықты аңсасаңыз оның жолы қарапайым да түзу. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, уақытыңызды бет алды нарселерге кетіріп обалды қылмаңыз. Кім болатыныңызды көз алдыңызға елестете беріңіз. Осы елесті бүге-шүгесіне дейін, осы арманың мен мақсатыңды іс жүзіне асқанша зерттеңіз.

Және де сөз соңына айтарым,есіңізде болсын – сіз адамзат әлемінің денесінде бір жасауша ретінде ғана көрінесіз. Сол себептен де осы жасаушаға басқа жасаушалармен әрекет ету үшін ішкі үйлесімділік яғни шыдамдылық танытуыңыз қажет. Егер сіз осыған қол жеткізсеңіз, онда сіздің қуатыңыз бен өмірлік күшіңіз – өміріңіздегі тұрмыс-жағдайыңызды өзгертуге ғажайыптар жасауға қарай бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]