- •3 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •3. Эссе. Біз ақылды адамдарды,бізге жол көрсету үшін жалдаймыз.
- •3.Эссе. Бизнес – басқа адамның қалтасындағы ақшаны күшсіз алу өнері
- •3. Эссе. Егер біреудің ойына тәуелді болсаң,онда сенің өлгенің.Мені біреудің мен туралы ойы толғандырмайды.
- •3.Эссе . Кез келген жобада өз мақсатынды нақты түсінбеу ,табысты болуға кедергі келтіреді
1 билет
Акция ( лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесекәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігіндивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.
Тест:
Бір меншік иесінің басқа бір меншік иесіне кез келген нысандағы (тауарлық, ақшалай, материялдық емес) құндылықтарды уақытша пайдалануға берумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі. Жал (аренда)
Екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтау туралы келісімі.Мәміле
Эссе :
Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.
Осы тақырыпқа тоқтала кетер болсам, ең алдымен бұл америкалық кәсіпкер, әрі әлемдегі ірі және атақты инвестор Уоррен Эдвард Баффеттің қанатты сөздері болып табылады . Эдвард Баффетт «Көріпкел» деген лақап атымен де өте танымал болған екен. Әрине бұл оның жалғыз ғана айтып кеткен сөзі емес сонымен қатар оның тағы да бір қатар қанатты сөздері бар.
Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма , яғни бұл сөздердің астарынан біз не біле және түсіне аламыз, ең алдымен инвестициялау. Қаржы салу керек , бірақта, ең біріншіден, оның табыс көзін біле білу қажет. Екіншіден өзіңіз инвестициялағыңыз келген яғни қаржы салғыңыз келген бизнестің артықшылығы мен кемшіліктерін таразылай біліңіз, кемшіліктері артықшылықтарына қарағанда басым болуы да мүмкінғой, ондай жағдай да пайда табам деген ойыңыздан қарағанда тақырға отырам деген ой әлде қайда шындыққа үйлесімді болып қалады. Және де барынша сол туралы ақпараттарды көбірек жинаңыз, бар проблемаларды жете зерттеп ескеріңіз, және қандай да бір негізссіз тәуекелге бармаңыз, жол бермеңіз. Әр бір жақсы нәтижиеге қол жеткізу, жақсы бір табыс көзін ашу немесе қандай да бір бизнес бастамасын бастау үшін әрине тәуекелді болу қажет. Бірақта тәуекелдің өзі орынды болу керек, ал инвестициядан түскен кіріс шығысты жабуы қажет. Егерде мысалға алып қарайтын болсақ, қандайда бір бизнестің табыс көзін біле білмей, сенімсіздік бола тұра біз оған қаржы салатын болсақ, инвестицияласақ оның кірісі шығынымызды ақтамай қалуыда ғажап емес.
Осы инвестицияға байланысты Эвард Баффеттің тағы бір қанатты сөзін сәйкестендіргім келіп отыр, ол: «Ақшаны кез-келген ақымақ басқара алатын іске салу керек, өйткені күндердің күнінде оған бір ақымақ басшылық етеді» деген екен.
Қорытындылай келе осылардың бәрін сәйкестендіре отырып қаржыны сенімді , әрі толық жетілген, сонымен қатар пайдасы бар бизнеске салу қажет деп ойлаймын. 2 билет Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жеке кәсіакерлік субьектілерінің әлеуметтік экономикалық экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі.
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
Тест :
Кәсіпкерлікті өндірістің 4-ші факторы деп кім бөліп қарастырды ... Й. Шумпетер
Қаржылық кәсіпкерліктің сауда саттық обьектісі болып не табылады? Ақша,волюта , бағалы қағаздар.
Эссе:
Агробизнес- 2020: ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа арнасы
Жақында Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасын қабылдаған болатын.
Еліміздің аграрлық саласын дамытуға арналған аса маңызды құжаттың қабылдануы, әрине, бұл саланың көрігін қыздырып, жұмысын жандандыра түсуге зор ықпал тигізеді деген сенімдеміз. Себебі, алдағы уақыттарға жоспарланған бағдарлама ауыл шаруашылығының жаңа тынысын аша түсер ауқымды шараларды қамтиды..
2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасы еліміздің ДСҰ(ВТО)-ға келешекте кіруі қарсаңында, сондай-ақ Кеден одағы жағдайында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты әзірленіп отыр, дейді бас мамандар.
Жалпы бұл бағдарламаның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары туралы айта кететін болсақ бағдарлама қаржы жағдайын сауықтыруға, агроөнеркәсіптік кешен үшін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қолжетімділікті арттыруға, сонымен қатар, саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған болатын.
Бұл жаңа құжат қолданыстағы бағдарламаға қарағанда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарылатуды алға қойып отыр. Яғни өндірістік директивалы бағдарламалардан алшақтап нақты жағдай жасау бағытына бет бұрған. Осылайша, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыра отырып, енді бизнес ауылшаруашылық өнімдерін қайда сатуды, сондай-ақ егінді қалай егуді өздері шеше алады. Бағдарламаның негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін ең басты төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізілгелі отыр. Оның біріншісі – қаржылық сауықтыру. Ол кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ, бар борыштарын өтеу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілдетеді және көптеген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің қаржылық тұрақсыздығын болдырмайды. Екіншісі – агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қызмет пен жұмыстарды, тауарлардың қолжетімділігін жоғарылату бағыты. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кеңес қызметін, білімдік, қаржылық, жұмыс, тауарлардың экономикалық қолжетімділігін жоғарылату бойынша мемлекеттік қолдау механизмдері арқылы міндеттер қойылған. Мұнымен АӨК субъектілерінің жаңа мемлекеттік қолдау механизмдеріне, біріншіден, АӨК басымды инвестициялық жобалар үшін инвестициялық субсидиялар, екіншіден, қаржылық институттар алдында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру қызметтерін субсидиялау. Үшіншісі – берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жатады.Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және қамтамасыз ететін салалардың өнімдерінің өндірісін субсидиялау бойынша жұмыс өз жалғасын таппақ.Ал үшінші бағыт бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту шеңберінде фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту, ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту міндеттерін шешу жоспарлануда. Төртінші бағыт шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ауқымды шаралар легі күтіп тұр. Айталық, ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру, АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, ауылшаруашылық дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру, АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту, АӨК-тегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру, органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен оның айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау жұмыстары осы төртінші бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.
Бағдарлама ауылда бизнестің дамуына, салаға инвестицияның келуіне, бөлініп жатқан қаржының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Осы бағдарламаға байланысты Премьер-Министр:«Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бір ай ішінде нақты мақсатты индикаторлар мен жылдар бойынша көрсеткіштердің жетістіктері көрсетілген бағдарламаның әр бағыты бойынша шеберлік-жоспарлар құруды, екіншіден – ведомствоаралық жұмыс топтарын құру, АӨК-пен шектес салаларды дамыту бойынша сәйкес бағдарлама құжаттарын түзету бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын», деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар, облыс әкімдеріне әрбір ауылшаруашылық құрылымы мен фермердің механизмдер бойынша да, мемлекеттің қаржылай қолдауы бойынша да бағдарламаның барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.
«Өңірлермен және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен біріге отырып механизмдер мен қабылданған бағдарламаның мүмкіндіктерін толық түсіндіруді қамтамасыз ету керек», деп атап өтті С.Ахметов. Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарына бақылау жасауды өзінің бірінші орынбасары – Өңірлерді дамыту министрі Б.Сағынтаевқа жүктеді.
Осылайша, осы аптада маңызды құжат қабылданды. Бұл бағдарлама ауыл шаруашылығын дамытудың басты тетігі болуы тиіс.
3 Билет
Сақтандыру кәсіпкерлігі– кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.
Жеке кәсіпкерлік азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі.
Тест :
Синдикат нені білдіреді.? Өзара бәсекелестікті болдырмау мақсатында бір саладағы кәсіпкерлердің өнімді таратудағы бірлестігі.
Мемлекеттің рөлі негізделеді.? Кері тенденциялар мен құбылыстарды өз уақытында шығаруға олардың пайда болу
Эссе:
Кәсіпкер болғысы келетін адам ешқашан ақша үшін жұмысқа орналаспау керек
Кәсіпкер болғысы келетін адам ешқашан ақша үшін жұмысқа орналаспау керек бұдан біз не ұғамыз? Жұмысқа ынта болмаса, онда мұндай жұмыс істеуге тұрмайды. Себебі әр кезде ынтасыз қызығушылықсыз сізде еш қандай жұмыс тынбайды. Одан сіз әркез ләззат ала алмайсыз. Өзіңіздің қызығушылығыңыз, қажетті білім мен дағды алу үшін жұмыс жасаңыз. Ешқашан берілмеңіз, әрекет етіңіз, бір орында тұрмаңыз, дамыңыз, ортаңызды дамытыңыз. Жоқшылықпен күресіңіз, кедейшілік – барлық адамдардың жауы, кім онымен жақсы күреседі, сол бай және табысты болады. Өзіңізге жұмыс жасаңыз. Жалпы барлық адам армандай білу керек Арман адамды жетелейді, Арман – ең күшті алға жылжытушы. Армандаңыз және армандарыңыз орындалатынына сеніңіз. Бірақ, ешқашан қиялдамаңыз. Қиялдар жүзеге асырылуын талап етпейді, ал армандар талап етеді. Адам армандауды доғарғанда, даму мен алға жылжуды тоқтатады.
Кәсіпкер болғыңыз келсе ең алдымен ақшаны басқарып үйреніңіз Ақшаны басқаруды үйренгеннен кейін, Сізге ақшаның өзі келетін болады. Ақша онымен қалай жұмыс істеуді білетіндерге ғана келеді. Егер ақшамен жұмыс істеуді білмесеңіз, ең дұрысы түк те істемеу. Алдымен ақшаны басқаруды үйреніп барып: ақшаны қайда, қалай жұмсайтыныңызды біліңіз, іске сонан соң ғана барып кірісіңіз.
Назарға алып қарайтын болсақ ең алдымен ақшаны өзіңізге жұмсаңыз, қалғанын көре жатарсыз. Басты ережелердің бірі ол: Кіріс сіздің деңгейіңіздің дамуын өсірмейді, керісінше деңгейіңіздің рухани дамуы кірісіңізді көбейтеді. Сондықтан да, ақшаңыз қанша көбейсе де демалуға, көңіл көтеруге қаржыңызды аямаңыз. Біз бүгін өмір сүреміз, жақсы өмір сүріңіз, кей кездерде туған-туыстарыңызға қарайласыңыз. Бірақ та, 55% ақшаңызды үнемі жұмысыңызға (компания) салуды естен шығармай, тұрақты түрде салып отырыңыз. Аздап салғанда қанша болатынын өзіңіз есептеп көріңіз.
4билет
Агробизнес ірі ауқымды іскерлік кәсіпорын ретіндегі жер өңдеу; сонымен бірге ауыл шаруашылығына арналған өндірістік мақсаттағы тауарларды өндіру, (мысалы, фермерлік машиналар, тыңайтқыштар), сондай-ақ, ауылшаруашылық өнімді - азық-түлік, шикізатты сатуды қоса алғанда жер өңдеуге тығыз байланысты немесе оған тәуелді экономикалық іс-әрекет.
Дилер (ағылш. dealer – саудагер‚ сатарман) [1] – бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы. Ол лицензия бойынша дилерлік қызметті жүзеге асырады;тауарларды‚ бағалы қағаздарды‚ валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Делдалданөзгеше түрде олар‚ әдетте‚ өз атынан және өзінің есебінен әрекет етеді. Дилер делдалдық фирмалардың‚ инвестициялық банкілердің‚ сақтандыру компанияларының қызметшілері емес. Олар арнаулы дайындықтан өтуге‚ емтихан тапсырып‚ жұмысқа ресми лицензия алуға тиіс. Дилер бір-бірімен‚ делдалдармен және тікелей тапсырыскерлермен мәміле жасасады‚ олардың пайдасы сатушы мен сатып алушы бағамдарындағы айырма‚ сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздар бағамының өзгеруі есебінен құралады
Тест :
Имидж дегеніміз? дегеніміз.
Өзін таныстыру, адамның басқалар үшін өз образын қалыптастыруы
Құқықтық тұлға ретінде серіктестің әділеттік аталын қандай құжат анықтайды.?Жарғы
Эссе:
Мен табысқа жетудің, табандылықтан басқа қасиетті білмеймін
Табысқа жетудің басты кілті - табандылық. Себебі ондай адамдар сәтсіздікке мойымай, табанды болған адам міндетті түрде мақсатына жетеді. Ал табандылық дегеніміз ол адамның ұнамды ерік жігер сапаларының бірі болмақ. Сонымен қатар Табандылық қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа қалайда жетуге бағытталған адамның еріктік қасиеті.
Атақты бизнесмен, Нью-Йорк қаласының 108мэрі әрі Форбс журналының нұсқасы бойынша әлемдегі бай адамдардың бірі Майкл Блумберг: «Ешқашан ақауға ұшырамайтын екі-үш идеясы бар жігіттерге қызығамын» деген екен. Табандылық – жетістікке жетудің ең керекті қоспаларының бірі болып табылады.
Табандылық қасиетіне ие адамдар, жетістікке жететін адамдар деп толық сенімділікпен айта аламын, дейді Джон Кэхо. Ол ғана емес сонымен бірге қытайдың ұлы ойшылы Лао Цзидың «мың рет құлағанның айыбы жоқ, бір рет тұра алмаған ұят» деген сөзі бар. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген бірнеше халық даналығынан шыққан нақыл сөздер бар . Яғни, осы сөздерден біз не түсінеміз, қателеспейтін, кемшілікке бой алдырмайтын пенде болмайды. Зерделі адам сол қателіктерінен сабақ алып, алдағы уақытта ондайға жол бермеуге тырысса, зердесіз пенде бір жасаған қателігін жүз жасап немесе тағдырдың бір соққысына бола жүнжіп, арман-мақсаттарынан бас тартып жатады.
Табанды болсаң, табысқа жетесің. Яғни, көп ақша табатын кәсіпкер болу үшін көптеген сәтсіздіктер мен қателіктерді бастан өткеруге тура келеді. Статисикалық деректер бойынша, кемдегенде 1000 адамның ішінен біреуі ғана бизнеспен айналысуға тәуекел етеді, ал сол тәуекел еткен 100 адамның 80-і бір жылдың ішінде банкрот болып, тақырға отырып қалады екен. Ал қалған 20 адамның 15-і үш жылдың ішінде бизнеспен қош айтысып, тек 5-уі ғана мол дәулетке ие болады деседі. Сол 5 мықтының біреуі болу үшін сізге қажетті ең басты қасиет – табандылық екендігін ақшадан тау тұрғызған алпауыттардың бәрі де растайды. Бақуатты бизнесмен болуға керекті ең басты қасиеттердің қатарында жоғарыда айтқанымыздай табандылық бірінші орында тұр.
Әрбiр адам тiршiлiк барысында бақытты өмiр өткiзүдi, бай болүды армандайды. Аз санды адамдар ойлаған ойына тәлейi жанып жетдi,көп санды адамдар қоңыр қалта тұрмыс кешiредi. Кейбiр жекелер қялдап барып ақшасын шығарып кәсiптенедi бiрәқ нәтйжеге қол жеткiзе алмайды. Айталық, мәгезйн, асхана ашады, ремөтшiлiқ, ағащылық, ершiлiк, сүәркәшiлiқ тағы басқа кәсiптердi iстейдi. Жанды мысал алайын: көктөғәй аүданы дүре аүылы аүданнан 142 кйлөметр шәлғәй,үлiңгiр өзенiнiң бойына орналасқан, 13 әкiмшiлiк қыстағы, 20 мың жан саны бар болып,қазақ ұлты жан санының96% тын ұстайды.4 жылдан берi қалашықтанүға бет алып,қабатты құрлыстар түстi, баюды көздеген жекелерiмiз 1000 юанға үй майлап, асхана, мәгезйн ашты басында, қазыр олар бұларын жаүып үлгiрген. Көбiнде бiздiң ұлттың адамдары кәсiптенiп, жұмыс бастайды бiрәқ табандылық деген баюдың кiлтiне назар аүдармайды. Табандылық – адамдардан ерiнбей еңбектенүдi, жалықпай нәтйже шығарүға күш салүды, алған беттен қайтпай, шөгелдiкпен iстейтiн қайсарлықты, бiр сөздiлiктi,қөл мен iстегенiн йiғiмен көтерiп шыдамдылық көрсетүдi талап етедi. Табандылық – екi беткейлiктi, орта жолда қол үзгендiктi, жалған қол үшiмен iстеүшiлiктi, қажырлы еңбек етпеүшiлiктi, жалтоқойлықты, әүiзбен орақ орып, көпiрме мақтанып қол салып iстемеүшiлiктi жек көрiп, қаны басына шаүып қарсы тұрады. Тәбәндiлiқ–жекенiң және көптiң мүддесiне пайда жеткiзiп, iнтiмәқтiлiқтi,бере–бiрлiктi нығайтып нәтйже жартүға марапат төрiнен көрiнiп, табыстың кiлтiн ұстаүына жол нұсқайды, талпындырады, жебейдi. Табандылық–қашанда өтiрiк айтқанға,жалқаүлыққа, мақтаншақтыққа жаны қас. Тәбәндiлiқ–әр быр адамнан өз бақтын төккен терiнен, қажырлы еңбегiнен, әдәлдiқпен еткен кәсiбiнен табүды талап етедi. Табандылық–қашанда адамдарға жолдас болүды армандайды,олардың бақытты тұрмыс кешiрүiне көмектескiсi келiп тұрады . Қарап отырсақ қiзмет орында ғы қiзметкерлер және егiншi–мәлшi қаүымның жұмыс барысында табандылыққа мән бере алмағын көрiп келемiз. Таүдай талабымызға, табандылықты жебеүшi ецек қашанда еңбегiмiз жанады. Жастарымыз партя мен үкiмет орындарының қамқорлығында кен өрiндәрiнә,iшкi өлкеге оқүға әттәнүдә,өкiнерлiгi сол болуда: көп санды жастар табандылық iстемей кәсiптен, оқүдан қол үзүде.
Оқытүшы болсаң жалықпай балаға тәрбйе берiп, мөрәлдiқ сәпәңмен оқытү өреңдi жоғарылат; Егiншi болсаң ерiнбей егiстiк жерiңдi әшiп,түсiмдi дақыл ек; Малшы болсаң мал соңынан қалмай бағып, товарлық құнын жоғарылат; Қiзметкер болсаң 8 сағат кәсiптен қол үзбей үйренү мен кәсiптi тең дамыт; Жеке кәсiпкер болсаң таң мен таласа қажырлы еңбектенiп, базардың аүқымын меңгер. Барлығыңызда табандылықты–табандылықты естен шығармай, жетелi өйiңiздiң,кәсiбiңiздiң тянағы етiңiз. Егiншi-мәлшi қаүым, жастар ақша шiғәiп,кәсiптенген екенбiз сөзсiз табандылықты бойтұмар етiп, қажырлы еңбек етiп, кәсiптiң түдырған түрлi қыйыншылығына шыдап, еңбек жемiсiн көрүге құлшыныс жасаүмыз керек. Тоқсан аүыз сөздiң, тобықтай түйiнi сол, табандылық – табыс кiлтi.
Қазіргі жастар тым әлбірт, бір түнде әйгілі адамға айналуды немесе бырақ күнде қалталы болып шыға келуді армандайды, қолға алған жұмысынан қолма - қол нәтиже шықпаса, «теңсіздікке толы» деп барлық кінәні өмірге, қоғамға артып, орынсыз өкпелеуге әуес болып келеді. сіздерше бұл қиын іс пе? меніңше, мұның ешбір қиындығы жоқ. бәлкім, бізде батылдық кемшін болар, гүлдей жастығымыз қоғамға, өмірге өкпе артуды ғана білетін жасық емес, оған керегі қажымас қайрат. табандылық қайда болса, табыс сонда.
5билет
Қаржы нарығы қаржы қызметтерін көрсету мен тұтынуға, сондай ақ қаржы құралдарының шығарылуымен айналысына байланысты қарым қатынастар жиынтығы.
Лизинг біріншіден иннвестициялық қызмет түрі болса екіншіден жалдың (аренданың) ерекше түрі болып есептеледі. Бірақ жалдан айырмашылығы лизинг алушы лизинг затын болашақта өз меншігіне өткізу құқығына ие бола алады.
Тест :
Өзінің негізінде материалдық, интелектуалды, рухани өндіріс болатын кәсіпорын түрі қандай?
Кәсіпкер кәсіпкерліктің әртүрлі ақшалай құралдар түріндегі негізгі факторын осы құралдар иелерінен ақшаға сатып алады. Бұл кәсіпкерліктің қай түрі.?
Эссе:
Өз алдына үлкен мақсаттар қой – оған жету қиын.
Алдыңа ұлы мақсаттар қой . Арманың үлкен болсын. Үлкен мақсат деген еліңді құтқару, еліңе еңбек ету, тіпті сол арманыңа жете алмай қалсаң да сол жолда болсаң осының өзі үлкен жетістік емеспе. Өз алдыңызға Биік мақсаттар қойыңыз. Бір айда 5 мың доллар табуды мақсат етіңіз. Одан аз қоймаңыз. Неғұрлым биік мақсат қойсаңыз, соғұрлым тез жетесіз.
Адамның биік дәрежеге жетуі үшін екі нәрсе керек. Ол: мақсат пен еңбек. Алға мақсат қоя білу өте маңызды. Өйткені, Адам мақсатты қалай қойса, ол соған қарай ұмтылады. Мақсат дегенді биік тауға балау керек. Сол таудың шыңына жеткенше, мейлі жығыл, мейлі сүрін, қайта аяққа тұрып талпынамыз. Сол себепті әрбір адам мақсат қоярда биіктердің биігіне ұмтылуы керек. Мысалы мен мақсат дегенді екіге бөліп қараймын. Бірі-ұлы мақсат , ал екіншісі- сол ұлы мақсатқа жету жолындағы әрбір іске қойылған кіші мақсат . Ең бірінші біз ұлы мақсатты таңдап алуымыз керек.Содан соң соған қарай еңбек етеміз.
Кез келген адам биік мақсат қоя білуі және оған сай еңбектене білуі керек. Мақсат қою оңай болғанмен, оған ұмтылу, жету қиын . Мақсат пен еңбек мағынасы байланысты екі сөз ғана болып көрінгенімен, олардың арасын байланыстыратын талай ұғым бар. Адам бәрін де тепе-теңдікте ұстай отырып, мақсатқа ұмтылуы керек. Ең алдымен адам неден бастайды? Мақса қоюдан… Мақсат бар жерде арман бар, арман бар жерде үміт бар, үміт бар жерде ниет бар, ниет бар жерде талап бар, талап бар жерде еңбек те бар. Бұлар — бір-бірімен ажырағысыз, тығыз байланысты қасиеттер. Егер мақсат қоя алмай, нені шын мәнінде қалайтыныңды білмесең — ол ойсыздық. Ал мақсат қоя тұра еңбектенбесең, ол-жалқаулық, егер еңбектенуге ниет болмаса, онда адамның арманым бар, мақсатым бар дегенінің өзін шындыққа жатқызу қиын .
Кейде адамды «жалқаулықтың», «талапсыздықтаң» мысы басуы мүмкін, «ондай болмақ қайда маған» деп, өз-өзіне сенімсіздік тууы мүмкін. Ол-заңдылық.
Ең алдымен адам өмірлік ұран ұстануы керек. Мысалы, менің ұраным: «Ұлы істерді жүзеге асыру үшін биік мақсат қоя білу керек». Адам мақсат қойған күнінен бастап оның мақсаттарына жету үшін Джеймс Лейн Алленнің «Дәл бүгіннен бастап» деген бағдарламасы өте жақсы шара болып табылады. Және де тағы бір еске алатынымыз Абай атамыз айтпақшы, «күніне бір рет, жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен-өзің есеп ал». Сонда ғана сен өз-өзіңді дұрыс бағалайсың.
Шынымен де, кейде адам басында дәрменсіздіктер болады. Сол кезде осындай сөздермен қанаттанып, қайта аяққа тұру керек. Себебі бізді алда биік мақсат күтіп тұр. Ал ол үшін бір сәт те дамылдауға болмайды. Қанша көп еңбектенсек, мақсатқа сонша тез жетеміз. Бұл сөздер тек қиыншылыққа тап болған адамға емес, кез келген жанға, мейлі жаңа өмірге қадам баспақ болған жастар үшін де, жас балалар үшін де, ата-аналар үшін де керек, әрдайым жадында жүруі тиіс. Есте сақтаңыздар, «іздеген адам қашанда табады, еңбектенген адамның маңдай тері бір күн болмаса бір күні әйтеуір ақталады!» Онда не тұрыс? Мақсат қойяйық та алға ұмтылайық!
