Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19 тақырып Психологиялық аутқулар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.28 Кб
Скачать

5 Тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз, мағыналас сөздермен ауыстырыңыз.

Абстиненция (лат. abstinentia — қаз. устамдылық)— шараптық ішімдіктерін немесе есірткі заттарын қолдануды кенет ұзу кезінде осы заттардың әсерінің тоқтауынан туындайтын күй. Абстиненция өзіне тән көріністерн - бас ауруы, бас айналуы ауыздағы құрғақтықтахикардия, кейде жүректің айнуы, көбінесе өзін-өзі кінәлау, кешірім сұраумен бірге жүретін күйреген көңіл-күй, кенет болатын физикалық әлсіздік, жоғары сенгіштік, наркотикке қажеттілік және т.б. Сонымен қатар, бұл жағдайда ұйқының бұзылуы, шошу, мазабыздық, суицидтік тенденция, алкогольдік қояншық ауруы пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, психологияда адамның жыныстық Абстиненциясыда боліп көрсетіледі. Ол — жыныстық қарым-қатынастан айырылудан немесе бас тартудан көрінетін күй. Жыныстық Абстиненцияскі түрлі болады: тоталды — жыныстық белсенділіктің барлық түрлерінің жойылуы және парциалды — ұзақ уақытғық үзіліспен болатып жыныстық күй.

Ажитация — өмірге қауіпке, апагғық жағдайларға және т.б. психогендік факторларға аффективті жауап. Ол абыржу, үрейлену, қорқыныш, мақсатты әрекетгердің жоғалуы, жылдам, түсініксіз сөйлеумен бірге жүретін адамның қимыл-қозғалыстық қозуынан көрініс табады. Ажитация күйіне түскен адам тек қарапайым автоматты әрекеттердіғана жасауға қабілетті. Бұл жағдайда адамда бостық сезімі, ойлардың жоқтығы пайда болып, құбылыстар арасында күрделі байланыстарды тұрғызу, ойлау қабілеті жоғалады. Мұндай күй айқын вегетативті көріністерге ие болады: бозару, тыныс алудың жиілігі, жүректің соғуы, қолдардың дірілдеуі және т.б. Ажитация психологиялық норма шегіндегі патология алдындағы күй болып есептеледі. Апат жағдайында ол сасқалақтау түрінде көрінеді.

Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түңілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көңіл-күй жағдайы.

Истерия (грек. hystera – жатыр), ұстамалы сырқат – адам мінез-құлқының, қозғалысының, сезімталдығының, ішкі органдар қызметінің бұзылуынан болатын психикалық ауру. Ежелден гректер истерияны жатыр ауруларының салдарынан болатын тек әйел дерті деп санаған (“истерия” аталуы содан). Бұл аурудың негізгі себептері, көбінесе, жүйке жүйесінің бұзылуы, психикалық қайғы, аурудан жүдеу, ми жарақаттары, дұрыс тәлім-тәрбие болмауы, т.б. И.Павловтың айтуынша, жоғары жүйке жүйесінде тежелуден гөрі қозу басым болғанда ғана истерия пайда болады. истерияның белгісі әр адамда әр түрлі, көп жағдайда ұстамалы дерттің белгілері байқалады; истериялық талма кезінде адам кенеттен құламайды, құласа да еш жерін жарақаттамайды, тілін тістемейді, аузынан көбік ақпайды, тек көз қарашығының көлемі өзгереді. Мұндай көріністі эпилепсиялық ұстамамен шатастырмаған жөн (қ. Қояншық). Негізінен, истерия кезінде адам денесінің жартысына жуығы өзгеріске ұшыраса, кейде мұндай құбылыс аяқ-қол немесе бетте ғана байқалады. Кейде истерия кезінде жылау мен күлкі бір мезгілде келеді, тынысы тарылып, бір нәрседен қорқып шошиды, киімін жыртып, шашын жұлады. Беті қызарып, көруі нашарлап, құлағы естімей, қол-аяғы жансызданып, дауысы қарлығады, құсады, кекіріп, есінеп жөтеледі. Ал егер бір нәрсе қатты ұнаса, көңілі көтеріліп, ақтарыла жарылып, көңіліне жаққан адамды, дүниеде одан артық жан жоқтай көреді. истерияның ауыр жағдайында адамның көз алды қарауытып, галлюцинация басталып, бұл – науқастың сандырақтауына ауысады. истериядан алдын-ала сақтанудың бірден-бір жолы – отбасында, мектепте, қоғамдық ұйымдарда дұрыс тәрбие беру; адам мінез-құлқына әсер ететін жағдайларды болдырмау. истерияны психотерапия (адамның өзіне және өзін қоршаған ортаға саналы да сын көзбен қарап, әділ баға беруі); еңбек терапиясы (қара жұмыс жасау); жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілер ішу; физиотерапиялық шара қолдану арқылы емдейді.