Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19 тақырып Психологиялық аутқулар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.28 Кб
Скачать

Мамандығы:Жалпы медицина, 4 курс

Қазақ тілі кафедрасы

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Сөйлеу интенциясының тақырыбы: Психологиялық ауыткулар, аурулар

Курс: 4

Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Алматы 2016

I. Тақырыбы: Психологиялық ауыткулар, аурулар

II. Мақсаты:тіл үйренуші ғылыми-өндірістік, медицина саласындағы жағдаяттарға қатысты лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді сақтай отырып,сауатты пайдалану.

  • Тіл байлығын арттыру.

  • III. Міндеті:

  • Практикалық маңызы:

  • -студент сұхбаттасушымен тілдік қарым-қатынасқа түседі;

  • -ақпарат алмасу, коммуникацияға түсу барысында сөйлеу әдебі формаларын кез-келген жағдаятқа сәйкес қолданады;

  • -пікірін, эмоциясын білдіруге және осы мақсатта қолданылатын сөздердің лингво-мәдени мазмұнын түсіну дағдыларын меңгереді;

  • IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • 1. Мамандық бойынша семинар өткізу

  • 2. Сұхбат, кәсіби сала бойынша диалог құру

  • 3. Сөйлеу интенциясының тақырыбына сәйкес глоссарий

  • V. Оқыту әдістері және тәсілдері:

  • Кешенді: проблемалық, топтық жұмыс, миға шабуыл; коммуникативтік-бағдарлы оқыту; оқылым және жазылым арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту; даралап-саралап оқыту, техникалық құралдарды пайдалану.

  • VI. Тақырып бойынша тапсырмалар.

1 тапсырма.Сөз тіркестерімен танысыңыз. Дауыстап оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын баяндаңыз.

Психологиялық аурулар, психологиялық ауытқулар, бала психологиясы, психикалық дамуы тежелу, аутизм, медициналық көмек, психикалық функция.

2 тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді шағын абзацтарға бөліп, оған сұрақ қойыңыз.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелерi бойынша ойлау, сөйлеу тiлiнде және шығарманың мазмұнынын айтуда қиындықтар кездесетiнi, сонымен қатар есте сақтау қабiлетiнiң артта қалғаны да анықталады. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi. Интеллектуалды, сезімдік (эмоционалдыќ)-жігерлі сфераның және баланың жеке басының даму қарқынының бұзылуы тұтас алғанда қоршаған ортаның түрліше жағымсыз факторларының әсер етуіне байланысты, әсіресе өмірдің ерте кезеңінен ПДТ-ның негізінде көбіне өз бетінше әрекеттенудің қиын түрінің дамымағаны жатыр.

Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ-ң себептері болып табылады.

ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым-қатынастың жеткіліксіздігі (мысалға, емшектегі балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық) – мұндай жағдайларда бала толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала-алмайды. Баланың психикалық қызметінің дамуы жас ерекшелігіне байланысты кезеңдерде болады. Егер ол осы уақытта қажетті хабарларды, мәліметтерді алмаса, оның дамуы бәсеңдейді.

Баланың әдеттегідей дамуына үлкен маңыздылық пен тәрбие жағдайы керек. Мәдениеттілігі төмен от басында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интеллектуалды қарым-қатынасы жағынан жиі қалып отырады. Педагогикалық салақтық та өзінің белгілі ролін атќарады. ПДТ пайда болу себептерін зерттеу кезінде ОНЖ-нің органикалық зақымдануын бастан кешкеннен кейін, себепші болған қалдық құбылыстың ең ауыр түрі белгілі болған, ал функционалды –динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі байқалады. Сол және бір ғана этиологиялық фактор зақымдалу уақытына байланысты генотиптік фонның есебімен бір ғана жағдайда тек жетілу қарқынының бұзылуына әкелуі мүмкін, басқаша жағдайда ПДТ-ң қиындалған түрін береді немесе олигофренияға әкеледі.

ПДТ-ң түріне, сонымен бірге бала ағзасына әсер ету уақытына байланысты эмоционалды - ерік сферасында және таным әрекетінде түрлі ауытқулар байқалады. ПДТ зерттей келе балалардың танымдық, эмоционалды – ерік сферасында, тәртібіне және жалпы тұлғасында бірқатар спецификалық ерекшеліктер анықталды. Түрлі этиологиядағы ПДТ-нің ортақ белгілер:

  • жоғарғы әлсіздікке байланысты еңбек қабілеті төмен;

  • ерік және эмоционалдық жетілмеуі;

  • жалпы мағлұмат және елестету қорының шектеулігі;

  • сөз қоры нашар;

  • интеллектуалды әрекет дағдының қалыптаспауы;

  • ойын әрекеті толық жетілмеген;

  • қабылдауы бояу, ойлауда сөздік-логикалық операцияда қиындықтар кездеседі.

Есте сақтаудың барлық түрі бұзылуын, өзін-өзі бақылауы өте төмен денгейде. Мектепте білім алуға алғаш келгенде, бұл балаларда негізі ойлау операциялары – анализ, синтез, салыстыру, жалпылау қалыптаспаған. Әрине, бұл балалар үлгерімі нашар балалар тобына кіреді, бұл олардың психикасын жаралап, оқуға деген жағымсыз көзқарасты қалыптастырады. ПДТ балалар оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуде тырысады.

ПДТ балалар тез шаршайды, кей жағдайда бастаған ісін аяқтамайды.

Осыны қорытындылай келе, мынаны байқауға болады, ПДТ эмоционалды-ерік сфераның даму темпінің баяулығы және интеллектуалды жетіспеушілік байқалады. Олардың интеллектуалды қабілеті оның жасына сәйкес келмейді.

Ойлау әрекеттеріде біршама артта қалу және өзіндік ерекшелік байқалады.

ПДТ балалар ақыл-ойы кем балалардан сапалық жағынан ерекше.

Сөйлеу тілінің дамуы да біршама ерекше сөз қатарында жай жетіледі. Сөзінде “неологиз” қолдану кезіне біршама созылады.