Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13 тақырып ісік аурулары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.87 Кб
Скачать

4Тапсырма. Топтық жұмыс. Мәтін бойынша жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.

   Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері .

     Бұл ісіктер жеке ағзалар клеткасынан өсіп тек осы ағзаларға тән құрылымдар түзеді және сол ағзалардың кейбір қызметін атқарады.

Бүйрек үсті безінің ісіктері. Бүйрек үсті безінде де түрлі гормон бөліп шығарушы ісіктер кездеседі. Шумақты аймақтан альдостеромалар, талшықты аймақтан кортикостеромалар ме глюкокортикомалар, торлы аймақтан андростеромалар өсіп шығады және одан басқа аралас ісіктерде кездеседі. Аденоманың өзіне тән клиникалық белгілері болады. Альдостеромалар клиникасы Кон синдромымен, кортикостеромалар Кушингсиндромымен, андростеромалар жыныс белгілерініңөзгеруімен сипатталады.

             Аналық без ісіктері.Аналық без ісіктері негізгі бес топқа бөлінеді: эпителийлік ісіктер; жыныстық жолақ стромасының ісіктері; липидтікклеткалық ісіктер; герминогендік ісіктер; гонадобластома. Эпителийлі ісіктердің ішінде жиі кездесетіні сарысулы және муцинді цистаденомалар. Гранулезаклеткалы ісік эстероген гормондарын бөліп шығаратын ісік. Текома да фолликулома сияқты гормон бөліп шығарушы, негізінен қатерсіз, консистенциясы қатты, сары түсті ісік. Дисгерминома қатерлі ісіктер қатарына жатып, жыныс белгілері толық жетілмеген қыздар мен жас әйелдерде кездеседі.

             Аталық без ісіктері. Жалпы аталық без ісіктерін жетілмеген жыныс клеткаларының без стромасының, без қабықтарының және ен қосалқысының ісіктері деген топтарға бөледі. Герминогенді ісіктерге семинома жатады. Ен стромасының ісіктеріне Лейдиг және Сертоли клеткаларынан өнетін, гормондар бөліп шығаратын қатерсіз ісіктер кіреді.Лейдигома қоңыр түсті түйіндер түзіп, цитоплазмасы қоңыр, ядролары хроматинге бай клеткалардан тұрады.

             Сүт бездерінің ісіктері. Сүт безіне тән қатерсіз ісіктерге фиброаденома жатады. Бұл ісік түйін тәрізді өсіп, консистенциясы қатты болады.Сүт бездеріне тән қатерлі ісіктерге: бөлікшеішілік сіңіп өспейтін рак - без эпителийінің соңғы бөліктерінен және бөлекшеішілік өзектерден өседі; өзекшеіші-лік сіңіп өспейтін рак - ісікке тән тән атипиялық эпителий клеткаларының бүртік-теніп,өзек ішін толтыра өсіп кетуімен сипатталады; Педжет ауруы - бір жерден емес, ауқымды ісік өрісінен,емізік эпителийінен,бір мезгілде дамитын рак жатады.

5

          Жатыр ісіктері. Жатырға тән ісіктерге трофобластық аурулар қатарына кіретін инвазиялық қағанақ тығыны және хорионкарцинома жатады. Инвазиялық қағанақ тығыны хорион бүрлерінің жатыр және жамбас веналарына бойлай өсуімен сипатталады. Хорионкарцинома трофобласт элементтерінен өсіп-өнетін ,қағанақ тығынынан кейін, түсіктен кейін, жатыр түтігіндегі жүктіліктен кейін қалған хорион қалдықтарынан дамитын, тез арада гематогенді метастаз беретін ісік.

5 Тапсырма. Суреттерге қарап, сұхбат құрастырыңыз.

1       2

3

6 Тапсырма. Ісік аурулары тақырыбы бойынша жағдаяттық сұхбат құрыңыз.

7 Тапсырма.Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Ісік ауруларының пайда болу себептері қандай?

2. Қатерлі жатыр ісігі ауруының даму механизмі қандай?

3. Өкпе ісігі кезіндегі рентгенологиялық өзгерістер?

4. Сүт безіне тән қатерсіз ісіктерге не жатады?

5. Аналық без ісіктері негізгі неше топқа бөлінеді?