Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13 тақырып ісік аурулары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.87 Кб
Скачать

Мамандығы: Жалпы медицина, 4 курс

Қазақ тілі кафедрасы

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Сөйлеу интенциясының тақырыбы: Тыныс жолдары ауруы

Курс: 4

Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Алматы 2016

I. Тақырыбы: Ісік аурулары

  • II. Мақсаты:тіл үйренуші ғылыми-өндірістік, медицина саласындағы жағдаяттарға қатысты лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді сақтай отырып,сауатты пайдалану.

  • Тіл байлығын арттыру.

  • III. Міндеті:

  • Практикалық маңызы:

  • -студент сұхбаттасушымен тілдік қарым-қатынасқа түседі;

  • -ақпарат алмасу, коммуникацияға түсу барысында сөйлеу әдебі формаларын кез-келген жағдаятқа сәйкес қолданады;

  • -пікірін, эмоциясын білдіруге және осы мақсатта қолданылатын сөздердің лингво-мәдени мазмұнын түсіну дағдыларын меңгереді;

  • IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • 1. Мамандық бойынша семинар өткізу

  • 2. Сұхбат, кәсіби сала бойынша диалог құру

  • 3. Сөйлеу интенциясының тақырыбына сәйкес глоссарий

  • V. Оқыту әдістері және тәсілдері:

  • Кешенді: проблемалық, топтық жұмыс, миға шабуыл; коммуникативтік-бағдарлы оқыту; оқылым және жазылым арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту; даралап-саралап оқыту, техникалық құралдарды пайдалану.

  • VI. Тақырып бойынша тапсырмалар.

1 тапсырма.Мәтінмен танысыңыз. Терминдерге назар аударыңыз. Сұрақ-жауап арқылы өзара сұхбат құрыңыз.

 Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)- тұтас ағзаның жүйкелік – эндокриндік реттеулеріне бағынбай,өз бетінше дербес өсетін,құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.

Ісіктер  қатерсіз және қатерлі болып екіге бөлінеді. Бұлардың бір - бірінен ең негізгі айырмашылығы, біріншісі еш уақытта көрші сау ұлпаларға, тіндерге, яғни мүшелерге тарамайды, немесе зақымдамайды, ал екіншісі аталмыш үрдісті міндетті түрде орындайды, сөйтіп өмірге қауіп туғызады. Ал микроскоппен қарағанда қатерсіз ісіктерде, олардың клеткалары  бірдей бір келкі болып, олар сырт пішіні, көлемі жөнінен аналық клеткаларға  өте ұқсас келеді. Қатерлі ісіктерде, клеткалардың көлемі, бояалу қасиеттері, тіпті ядро мен цитоплазманың ара қатынасы, хромосомдардың саны, сапасы мүлдем өзгеріп кетеді. Кейбір қатерсіз ісіктер мүлдем қатерлі ісіктерге ауыспайды, мысалы липома, миома, ал кейбіреулері - тоқ ішектегі түймешіктері (полиптері) міндетті түрде қатерлі ісікке айналады. Сондықтан барлық қатерсіз ісіктерді нақты, нақты емес деп те қарауға болады. Нақты рак алды аурулар  қатерлі ісікке көшу қабілеті өте жоғары келеді, ал нақты еместерде бұл қасиет төмен, немесе, тіпті, мүлдем болмайды. Дегенмен олардың қөбісін ісік алды өзгерістер деп қараған жөн.

Біріншіден, ісік алды өзгерістерді ісік алды аурулардан ажыратып алу керек. Ісік алды өзгеріс ол ауруға жатпайды, бірақ созыла түссе және оны туғызған себептері ағзадан кете қоймаса, яғни емделмесе, онда ол міндетті түрде ісік алды, немесе ісік ауруларына ауысады. Өмірде көбінесе бұл екеуі де рак түйінінің айналасында орналасады. Жалпы рак

2

клеткаларына мыналар тән - атипизм, яғни клеткалардың  өзге түрлілік болуы, ядросының полиморфизмі мен цитоплазманың әртүсті бояуымен боялуы, ядродағы бөліну үрдісінің неше түрлі дәрежеде және деңгейде тұруы. Рак клеткасы  дамылсыз өніп, өседі, бұл үрдіс ағзадағы ми жүйелерінің реттеу қасиеттеріне бағынбайды және ол жеке дара автономды басқарылады. Осылардың нәтижесінде рак клеткалары   көрші сау мүшелерді зақымдай отырып, ісіктің ошақ көзі ұлғайа береді.

Кейде ісіктің үлкен көлеміне байланыссыз қан-лимфа тамырлары арқылы ісік алыста орналасқан сау мүшелерді зақымдап, екінші бір рак ұяларын - бөгелме ісік ошақтарын тудырады. Мұны метастаз деп атайды, оның болмайтын, орналаспайтын жерлері мен мүшелері, кемде-кем. Дегенмен әр рактың жиі бөгелме ісік беретін  жерлері бар, мысалы: ішкі мүшелердегі рак көбінде бауырға, лимфа бездеріне, миға, өкпеге оның екінші ошағын негіздейді. Сүт бездерінің рагы жалпақ сүйектерге жиі бөгелме ісік береді. Жалпы бөгелме ісік беру қасиеті рак орналасқан мүшенің қан-лимфа тамырларына бай, не  нашар бітуіне тікелей байланысты және атқаратын қызметіне де тығыз сыбайлас келеді. Қызметін белсенді атқаратын мүшедегі рак жиі, әрі тез арада бөгелме ісік береді. Бұған мысал: рактың жас және ескірген ағзада орналасуына  да байланысты болады, ал оның  біріншісінде зат алмасу үрдісі тез  және белсенді жүреді, сол себепті ісік тез арада өзгеріп, құбылып отырады, әрі жылдам ағзаға тарап кетеді. Міне, осының салдарынан жас адамдарда емдік нәтиже өте тиімсіз орындалады, ал егде жастағы адамдарда алмасу үрдісінің баяу жүруінің негізінде кезкелген ем пәрменді орындалады. Жалпы емдік нәтиже  ісіктің  өсу дәрежесіне, қарқынына, орналасқан жеріне, морфологиялық түріне және ағзаның иммунологиялық хал-ахуалына байланысты болып келеді. Кейінгісі ең керекті және өте маңызды  себептердің бірі болғандықтан, оған кезкелген дәрігер  үлкен мән беруі керек.Рак ауруы тез арада пайда бола қоймайды, оның жасырын жүру мезгілі 20-60 жыл.