- •1Электрдің даму тарихы.
- •3 Электр энергетикасы. Жалпы баптар.
- •4 Қазақстанның электр энергетикасы.
- •5 Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.
- •6 Энергияның табиғи көздері.
- •7 Электр станциялардың түрлері.
- •8 Жылу конденсациялық электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •9 Жылу электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •11 Газтурбиналы электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •13 Жел электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •14 Күн электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •17 Аудандық қосалқы станцияларының тәуліктік графиктері.
- •18 Электр станциялар жүктемесінің тәуліктік графиктері .
- •19 Жүктемелердің ұзақтығы бойынша жылдық график.
- •20 Жүктеме графиктерінен анықталатын техникалық – экономикалық көрсеткіштер.
- •24 Қысқа тұйықтаулар. Жалпы мәліметтер.
- •29 Сақтандырғыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •30 Оқшаулағыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •31 Өлшеуіш трансформаторлар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •34 Электр тораптарын жіктеу.
- •35 Электр тораптарына қойылатын талаптар.
- •36 Сымдар мен найзағайдан қорғайтын тростардың қиыстырмалары.
- •5.1 Суреті - аж оқшауланбаған сымдарының қиыстырмалары
- •39 Кабель желілерінің қиыстырмалары.
- •41 Энергияны айнымалы токпен жеткізу.
- •42 Энергияны тұрақты токпен жеткізу.
- •46 Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары.
11 Газтурбиналы электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
Қазіргі газтурбиналық электрстанциялардың негізін құрайтын қуаты 25 — 100 МВт газ турбиналары. Газтурбиналық электрстанция энергоблогының қарапайым қағидалы сұлбасы 4.13 сур. келтірілген.
Отын (газ, дизель жанармайы) жану камерасына беріледі, сол жаққа компрессормен қысымдағы ауа беріледі. Жанудың ыстық өнімдері өзінің энергиясын газ турбинасына береді, ол компрессор мен синхронды генераторды айналдырады. Қондырғыны айналдыратын қозғалтқыштың көмегімен жібереді, бұл 1—2 мин созылады, осыған байланысты газтурбиналық қондырғылар (ГТУ) жоғары маневрлы және энергия жүйелерінде жүктеменің шыңдарын жабуға қолданылады. ГТУ жану камерасындағы алынатын жылудың негізгі бөлігі, атмосфераға лақтырылады, сондықтан мұндай электрстанциялардың жалпы ПӘК – і 25 - 30% құрайды.
4.13 суреті – Газтурбиналы электростанциялардың қағидалы технологиялық сұлбасы: КС- жану камерасы; КП- компрессор; ГТ- газ турбинасы; G- генератор; Т- трансформатор; М- жіберуші модуль
Газ турбиналарының тиімділігін көтеру үшін бугаздық қондырғылар ойластырылып жасалған (ПГУ). Оларда отын бу генераторының ошағында жанады, одан бу бу турбинасына бағытталады. Бу генераторынан жанған өнімдер қажетті температураға дейін салқындағасын газ турбинасына бағытталады. Сонымен, ПГУ – ң біреуі газ турбинасымен, екіншісі бу турбинасымен айналатын екі электр генераторы бар. Мұнда газ турбинасының қуатыбу турбинасының 20% құрайды. ТМД – да тиімді техникалық –экономикалық көрсеткіштері бар қуаты 200 — 250 МВт ПГУ ойластырылып жасалған.
12 Атом электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
(АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қ-нда салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23е-ін, Францияда 75--ін, Жапонияда 48--ін АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған. Оның ең алғашқыларының бірі Қазақстанда салынған. Ол Ақтау қаласын тұщы сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етеді (қ. Энергия комбинаты). 20 ғ-дың ақырында дүние жүзіндегі АЭС-тердің жалпы қуаты 500 000 Мвт жетті. Ядро энергиясынан электр тогын тікелей (турбинасыз, электргенераторсыз) алу жолдары да зерттелуде. Әсіресе, термоядролық энергияны игеру ісіне халықар. қауымдастықтар ат салысуда. Ондай АЭС-тер адам баласының тұтынуына қажет энергия мәселесін түпкілікті шешетін болады.
