- •1Электрдің даму тарихы.
- •3 Электр энергетикасы. Жалпы баптар.
- •4 Қазақстанның электр энергетикасы.
- •5 Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.
- •6 Энергияның табиғи көздері.
- •7 Электр станциялардың түрлері.
- •8 Жылу конденсациялық электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •9 Жылу электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •11 Газтурбиналы электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •13 Жел электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •14 Күн электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •17 Аудандық қосалқы станцияларының тәуліктік графиктері.
- •18 Электр станциялар жүктемесінің тәуліктік графиктері .
- •19 Жүктемелердің ұзақтығы бойынша жылдық график.
- •20 Жүктеме графиктерінен анықталатын техникалық – экономикалық көрсеткіштер.
- •24 Қысқа тұйықтаулар. Жалпы мәліметтер.
- •29 Сақтандырғыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •30 Оқшаулағыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •31 Өлшеуіш трансформаторлар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •34 Электр тораптарын жіктеу.
- •35 Электр тораптарына қойылатын талаптар.
- •36 Сымдар мен найзағайдан қорғайтын тростардың қиыстырмалары.
- •5.1 Суреті - аж оқшауланбаған сымдарының қиыстырмалары
- •39 Кабель желілерінің қиыстырмалары.
- •41 Энергияны айнымалы токпен жеткізу.
- •42 Энергияны тұрақты токпен жеткізу.
- •46 Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары.
9 Жылу электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
Тұтынушыларға жылу мен электрэнергиясын беретін жылу электр станциялары - жылу энергия орталықтары деп аталады (ЖЭО). Жылу энергиясы ыссы су түрінде жылыту процестерінде пайдаланылса, төменгі потенциалды бу түрінде өнеркәсіпте және де басқа салаларда қолданылады. Энергияның екі түрін бірден шығаратын осындай орталықтар басқа жылу электр станцияларынан әлдеқайда ұтымды.
Жылуды құбырлар арқылы 30...5 км қашықтықтағы тұтынушыларға жеткізуге болады.
ЖЭО-да электрэнергиясы кернеуі 6...24 кВ желі арқылы жергілікті тұтынушыларға, ал қалған энергия кернеуі 35...220 кВ желімен энергетикалық жүйеге немесе қашықтықтағы тұтынушыларға беріледі.
Жылу энергиясын толық пайдалану арқасында ЖЭО-ның пайдалы әсер коэффициенті 60...65%-ға жақын, яғни жоғары көрсеткішке таяу. Жылу энергия орталықтарының ерекшеліктері:
1. Оның жылу энергиясын тұтынушыларына жақын салынуы.
2.Тасымалданған отынмен жұмыс істейді.
3. Өндірілген электр энергиясының айтарлықтай бөлігін жергілікті тұтынушыларға таратады.
4. Heгiзгi жылу энергиясын өндіру графикпен жүргізіледі.
5.Төменгі маневрлі станцияға (КЭС сияқты) жатады.
6. Басқа электр станцияларымен салыстырғанда пайдалы әсер коэффициенті шартты түрде жоғары (Ti = 0,6 - 0,65).
10 Су электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
Су тасқынының механикалык, энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы су электр станциясы деп аталады (1, 2, 3, 4, 5). Олар су энергиясы көздеріне жақын жерлерде өзендерде, теңіз жағалауларының маңайына салынады.
Су электр станциясының жұмысы гидравлика және гидродинамика заңдарына негізделген (6). Гидроэлектрстанция (ГЭС) — су ағыны энергиясын пайдаланатын электростанция. Гидроэлектростанцияларды плотина және су қоймаларын жасап, әдетте өзендерде салады.
Электроэнергияны ГЭС – те тиімді өндіру үшін екі негізгі нышан қажет: жыл бойында сумен кепілдік қамтамасыз етілу және өзеннің үлкен көлбеулері, рельефтің каньонтәрізді түрлері гидроқұрылысқа тиімді.
|
Ерекшеліктері
ГЭС – гі электрэнергияның өзіндік құны ЖЭС – ден екі есе төмен.
Энергияны тұтынудан тәуелді ГЭС генераторларын тез қосып, ажыратуға болады.
Энергиияның қайталанатын көзі.
Ауа ортасына басқа электрстанциялармен салыстырғанда әсері аз.
Әдетте ГЭС – ті салу күрделі қаржыны көп талап етеді.
Жиі ГЭС – р тұтынушылардан қашық орналасады.
Су қоймалары жиі едуір аймақтарда жайғасады.
Плотиналар балық шаруашылығының сипатын өзгертеді, балықтарға ұрық шашуға кедергі жасайды, бірақ жиі су қоймасында балықтың қорын көбейтеді.
Өндіретін қуаттан тәуелді гидроэлектрлік станцияларды бөледі:
қуатты —25 МВТ - тан 250 МВт және одан жоғарыға дейін өндіреді;
орташа — 25 МВт дейін;
кіші гидроэлектростанциялар — 5 МВт дейін.
ГЭС – ң қуаты тікелей судың арынынан және пайдаланылатын генератордың ПӘК – нен тәуелді. Табиғат заңдары бойынша судың деңгейі өзгеретін болғасын, гидроэлектрстанциясының қуаты ретінде циклдық қуатты қабылдаған. Мысалы, гидроэлектростанция жұмысының жылдық, айлық, апталық немесе тәуліктік циклдарын айырады.
Гидроэлектрстанциялар су арынын максималды пайдаланудан тәуелді бөлінеді:
жоғары арынды —60 м артық;
орта арынды — 25 м - ден;
төменгі арынды — 3 тен 25 м дейін.
