Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВВС экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.51 Кб
Скачать

7 Электр станциялардың түрлері.

Электр станцияларының негізгі мақсаты — өндіріс орындарын, халық шаруашылығының барлық салалары мен халықтың үй-жайын электр энергиясымен және көпшілік жағдайда жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету. Энергия түрлерінің технологиялық процесінің ерекшелігіне және қолданылатын табиғи энергия көзіне (қатты, сұйық, газ немесе ядролық отын, су немесе эиергиянын басқа түрлері) қарай электр станциялары бірнеше түрге бөлінеді:

— жылу электр станциялары (ЖЭС), олар жұмыс жасау ерекшелігіне қарай мемлекеттік ауданаралық электр станциялары (МАЭС) немесе конденсациялы электр станциялары (КЭС), жылу электр орталығы (ЖЭО), газ турбиналы электр станциялары (ГТЭС) және бу-газ электр станциялары (БГЭС);

су электр станциялары (СуЭС) жәнс су қорын жинайтын электр станциялары (СуҚЖЭС);

атом электр станциялары (АЭС), олар конденциялы немесе атом жылу электр орталығы (АЖЭО), жылумен қамтамасыз ететін атом станциялары және өндірісті жылуменқамтамасыз ететін атом станциялары;

күн немесе гелий электр станциялары (КүнЭС);

жер асты жылуымен жұмыс жасайтын электр станциялары (ЖЖЭС);

дизель электр станциялары (ДЭС);

тасқын электр станциялары (ТасқынЭС);

жел электр станциялары (ЖелЭС);

магнитті гидродинамикалық генераторы (МГД) бар электр станциялары.

Бүкіл дүние жүзінде бүгінгі күндері өндірілетін электр энергиясыныңнегізгі бөлігі ЖЭС, СуЭС және АЭС-ларда өндіріледі. Салынатын электр станциясының қуаты оның тиімді жұмыс жасауына қажетті отын мен су қорларының орналасуына, қажетті отынды жеткізуге жұмсалатын шығынға, электр және жылу энергиясын тұтынатын тұтынушылардың орналасуына электр станцияларыныңқоршаған ортаға тигізер әсеріне байланысты анықталады.

Мемлекеттік ауданаралық электр станциялары (МАЭС) электр энергиясын өндіру үшін отынмен бірге көп мөлшерде су қажет етеді. Егер де сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі тиімді шешілетін болса, онда олар пайдаланылатын отын қорына жақын салынады да, өндірілген электр энергиясы тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу желілері арқылы жеткізіледі.

Қуатты конденсациялы электр станциялары да өзінің тарихи даму жолында МАЭС деп аталып кетті. Сол себепті олардың бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, көптеген окулықтарда осы екі атау да бірден қолданыла береді.

МАЭС-ларға қуаты 200-ден 1200 МВт-қа дейін жететін бірнеше энергетикалықблок (қазан-турбиналы генератор— трансформатор) орнатылады. Бұл агрегаттар маневрлі емес, себебі оларды жұмысқа косу үшін, яғни оттықта кажетті көлемде температурасы жоғары бу дайындап, турбина білігі мен оған бекітілген генератордың роторын кажетті жылдамдықпен айналдырып, оны электр желісіне қосып және кажетті куат мөлшерін өндіру үшін 3—6 сағатуақыт қажет. МАЭС-лардың пайдалы әсер коэффициенті (п.э.к.) 32—40% шамасында болады. МАЭС-лар су көздерінің температурасынарттыруарқылы жылу балансына әсер етіп, қорғағанортаныластайды.

8 Жылу конденсациялық электр станциялары. Жалпы мәліметтер.

Жылу электростанцияларында жанған отынның химиялық энергиясы қазанда турбоагрегатты (генератормен жалғанған бу турбинасын) айналдыратын су буының энергиясына түрленеді. Айналудың меха­никалық энергиясы генератормен электрлікке түрленеді. Электростанциялар үшін көмір, торф, жанатын тақта тастар және газ және мазут отын болады. Елдің энергетикасында КЭС – ң үлесіне электроэнергияны өндірудің 60% келеді.

КЭС – ң негізгі ерекшеліктері болып табылады: электроэнергия тұтынушыларынан қашықтығы, бұл негізінде қуатты жоғары және асқын жоғары кернеулерде беруді және электро­станция құрылысының блоктық қағидасын анықтайды. Қазіргі КЭС – тердің қуаты әдетте елдің ірі ауданын электроэнергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Осыдан электростанциялардың бұл типтерінің тағы бір аты бар — мемлекеттік аудандық электр станциясы (МАЭС - ГРЭС).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]