- •1Электрдің даму тарихы.
- •3 Электр энергетикасы. Жалпы баптар.
- •4 Қазақстанның электр энергетикасы.
- •5 Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.
- •6 Энергияның табиғи көздері.
- •7 Электр станциялардың түрлері.
- •8 Жылу конденсациялық электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •9 Жылу электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •11 Газтурбиналы электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •13 Жел электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •14 Күн электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •17 Аудандық қосалқы станцияларының тәуліктік графиктері.
- •18 Электр станциялар жүктемесінің тәуліктік графиктері .
- •19 Жүктемелердің ұзақтығы бойынша жылдық график.
- •20 Жүктеме графиктерінен анықталатын техникалық – экономикалық көрсеткіштер.
- •24 Қысқа тұйықтаулар. Жалпы мәліметтер.
- •29 Сақтандырғыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •30 Оқшаулағыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •31 Өлшеуіш трансформаторлар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •34 Электр тораптарын жіктеу.
- •35 Электр тораптарына қойылатын талаптар.
- •36 Сымдар мен найзағайдан қорғайтын тростардың қиыстырмалары.
- •5.1 Суреті - аж оқшауланбаған сымдарының қиыстырмалары
- •39 Кабель желілерінің қиыстырмалары.
- •41 Энергияны айнымалы токпен жеткізу.
- •42 Энергияны тұрақты токпен жеткізу.
- •46 Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары.
5 Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.
электр станцияларының, жылу және электр тораптарының Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына алып келетін ірі технологиялық бұзылыстарды тексеруді есепке алады;
Біртұтас электр энергетикалық жүйе (БЭЭЖ) — жоғары және аса жоғары кернеулі (500, 750 және 1150 кВ) электр жеткізу желілерімен біріктірілген және бір не бірнеше елдің аумағын электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр энергетикалық жүйелердің жиынтығы. Энергетикалық жүйе (энергия жүйесі) – электрстанциялардың, электр және жылу тораптарының және электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және тұтыну үшін қондырғылар мен құрылғылар қатарының бірлестігі.
6 Энергияның табиғи көздері.
Жаңартылатын энергия немесе жаңартылмалы энергия (ағылш. Renewable energy) - күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін энергия.
Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары (электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады.Жел генераторларының қуаттылығы генератор қалақтарының ауданына тәуелді. Мысалы, даниялық компания Vestas шығарған қуаттылығы 3 МВт (V90) турбинаның жалпы биіктігі 115 метр болса, мұнара биіктігі 70 метр және қалақ диаметрі 90 метрді құрайды.
Жел энергиясын өндірудің ең тиімді жерлері ретінде жағалау аймақтары және биік тау шыңдары қарастырылады. Теңізде, жағадан 10-12 км қашықтықта офшорлық жел электр фермалары салынады. Жел генераторларының мұнаралары тереңдігі 30 метрге дейін қағылған қадалы іргетастартарға қондырады.
Су электр станциялары (СЭС) су ағымының әлеуетті энергиясын элекр энергиясына айналдыруға қолданылады. Су электр станциялары көбінесе өзен бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады. Сондай-ақ, су ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС-терде қолдануға болады.
Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios — күн, және энергетика) — күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электр энергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретінгелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жьшу алу үшін қолданылатын күнколлекторлары және т.б.) пайдалану.
Биомасса (гр. bios - өмір және масса) — бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроорганизм және жануарлардың)тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы; аудан немесе көлем (г/м2 немесе г/м3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықсұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден алынады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданьшады. Кемістігі — жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары.
