Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВВС экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.51 Кб
Скачать

4 Қазақстанның электр энергетикасы.

Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.

Алғашқы электр станциялары. Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген.

Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.

Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген.

ҚР-ның электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi:

iрi электр станциялары шет елдiк компанияларға тиесiлi,

кернеуi 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелердi шешу мiндеттерi электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания — KEGOC-қа жүктелдi;

кернеуi 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесi шеңберiнде таратушы электр компанияларының басқаруында;

электр қуатын өндiрушiлерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген.

Прочяя информация

2) жылу электр орталығы – электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясы; 3) газ-турбиналық – газ тектес отын түрін энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы; 4) су электр станциясы – су ағыны энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы.

Қазақстанның барлық электрстанцияларының қосынды орнатылған қуаты 19 мың МВт, ал іс жүзіндегі беретін қуаты — 14 558,0 МВт. Қазақстан жылына 87,2 млрд. КВт*сағ электрэнергияны өндіреді ( 2012 ж деректері., 1053 млрд. КВт*сағ Ресей, 3900 млрд. КВт*сағ - АҚШ, 4744 млрд. КВт*сағ - Қытай), яғни Қазақстанның электржарақтылығы жылына 3,9 МВт*сағ/адам, 6,7 - Ресейде, 14 - АҚШ, 3,2 - в КХР. Электрстанциялар типтері бойынша ЭЭ өндіру келесі:

ЖЭС (жылу электрстанциялары) — 87,7 %, оның ішінде:

  - КЭС (конденсациялық электрстанциялар) — 48,9 %;

  - ЖЭО (ТЭЦ) (жылуэнергияорталықтары) — 36,6 %;

  - ГТЭС (газтурбиналық электрстанциялар) — 2,3 %;

СЭС (суэлектрстанциялары) — 12,3 %.

Электрэнергияның72 %Қазақстандакөмірден өндіріледі, 12,3 % — суресурстарынан, 10,6 % — газданжәне4,9 % — мұнайдан. Сонымен, электротанциялардың негізгі 4 түрімен 99,8% электрэнергия өндіріледі, ал альтернативтік көздерге0,2%аз келеді.

Ұлттық электрстанциялары қатарына жатады:

ТОО «Экибастузская ГРЭС-1;

АО «Станция Экибастузская ГРЭС-2»;

АО «Евроазиатская Энергетическая Корпорация» (Аксуская ГРЭС);

ТОО ГРЭС «Корпорация Казахмыс»;

АО «Жамбылская ГРЭС»,

және үлкен қуатты су электростанциялары, олар ҚР БЭЖ графигін реттеу үшін де пайдаланылады:

Бухтарминская ГЭК АО «Казцинк»,

ТОО «AES Усть-Каменогорская ГЭС»,

ТОО «AES Шульбинская ГЭС».

Өндірістік мағынасы бар электрстанцияларға жылу және электр энергиясын өндіретін ЖЭО – лар жатады:

ТЭЦ-3 ТОО «Караганда-Жылу;

ТЭЦ ПВС, ТЭЦ-2 АО «Арселор Миттал Темиртау»;

Рудненская ТЭЦ (АО «ССГПО»);

Балхашская ТЭЦ, Жезказганская ТЭЦ ТОО Корпорация «Казахмыс»;

Павлодарская ТЭЦ-1 АО «Алюминий Казахстана»;

Шымкентская ТЭЦ-1,2 (АО «Южполиметал») и другие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]