Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВВС экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.51 Кб
Скачать

3 Электр энергетикасы. Жалпы баптар.

Электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, жеткізетін, тарататын және оны тұтынатын элементтердің өзара байланысқан жүйесі — электр энергетика жүйесі деп аталады.

Электр энергетика жүйесіне механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін генераторлар, кернеу мен ток шамасын өзгертетін трансформаторлар, электрэнергиясын қашықка жеткізетін электржеткізу желілері, жүйенің жұмысына өзгерістер енгізетін көптеген қосымша қондырғылар, сонымен бірге басқару және реттеу құрылғылары жатады.

Жүйе режимі, яғни оның белгілі бір уақыттағы жағдайы оның жұмыс нәтижесін көрсететін өлшемдермен айқындалады, осындай жүйе өлшемдері болып қуат, кернеу, ток, жиілік және т.б. есептелінеді. Жүйе жұмысы тұрақты және өткінші болып екіге бөлінеді. Тұрақты жұмыс өлшемдері белгілі бір уақыт ішінде өз шамаларын сақтайды немесе олар өте аз өзгеріске ұшырайды. Өткінші жұмыс жүйенің бір тұрақты жұмыстан екінші тұрақты жұмысқа өту кезеңін сипаттайды. Бұл уақытта жүйе өлшемдері жай немесе өте тез өзгерулері мүмкін.

Электр энергия жүйесі тұрақты жұмыс жасауы үшін және электр энергиясын тұтынушылар өз жұмыстарын сапалы атқарулары үшін электр энергиясы өлшемдерінің ауытқуы қандай жағдайда болмасын, белгіленген шамалардан артпауы қажет. Тұтынушыларға берілген электр энергиясының сапасы оның кернеуі, жиілігі, симметриялылығы (үш фазалы ток үшін) және синусоидалылығымсн (айнымалы ток сызығының түрі) анықталады.

Электр жүйесі элементтерінің физикалық касиеттері мен олардың бір-бірімен байланысы электр жүйесі өлшемдерімен сипатталады. Оларға элементтердің кедергілері, электрлік және механикалық шамалардың өзгеру жылдамдығы, көрсететін инерция моменті мен уақыт тұрақтылығы жатады.

Электр энергетика жүйесінің элементтері оларда жүретін процестердің тұтастығымеи өзара байланысқан. Мысалы, электр желісінің өзгерісінен туындайтын электрмагниттік процестердің жүруі механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін турбинаның жұмыс режиміне әсерін тигізеді. Бұл процестерге электр қозғалтқыштарының және оларға қосылған өндірістік механизмдердің де жұмыс режимдері әсер етеді, себебі козғалтқыштарда электр энергиясы механикалық энергияға түрленеді. Турбинаның жұмыс режимінің өзгеруі, өз кезегінде бу өткізгіштеріндегі бу өнімдерінің өзгеруін туғызады, ал оның салдарынан бу генераторының жұмысында да өзгеріс болады. Электрберіліс ауа желілері (АЖ) электрэнергияны сымдармен қашықтыққа жеткізуге арналған. Негізгі қиыстырмалық элементтері болатындар сымдар, найзағайдан қорғайтын тростар, тіректер, оқшаулағыштар және желілік арматура. Сымдар электрэнергияны жеткізуге арналған. АЖ найзағайдың асқын кернеулерінен қорғау үшін тіректердің жоғары жағындағы сымдардың үстінен найзағайдан қорғайтын тростарды монтаждайды.Тіректер сымдар мен тростарды жер немесе судың деңгейінен белгілі биіктікте ұстайды. Оқшаулағыштар сымды тіректен оқшаулауға арналған. Желілік арматура сымды оқшаулағыштарға және оқшаулағыштарды тіректерге бекітуге арналған.Ең кеңінен тараған бір – және екітізбекті АЖ. Үшфазалық АЖ бір тізбегі әртүрлі фазалардың сымдарынан тұрады.  Екі тізбек те бір тіректе жайғасулары мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]