- •1Электрдің даму тарихы.
- •3 Электр энергетикасы. Жалпы баптар.
- •4 Қазақстанның электр энергетикасы.
- •5 Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.
- •6 Энергияның табиғи көздері.
- •7 Электр станциялардың түрлері.
- •8 Жылу конденсациялық электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •9 Жылу электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •11 Газтурбиналы электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •13 Жел электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •14 Күн электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
- •17 Аудандық қосалқы станцияларының тәуліктік графиктері.
- •18 Электр станциялар жүктемесінің тәуліктік графиктері .
- •19 Жүктемелердің ұзақтығы бойынша жылдық график.
- •20 Жүктеме графиктерінен анықталатын техникалық – экономикалық көрсеткіштер.
- •24 Қысқа тұйықтаулар. Жалпы мәліметтер.
- •29 Сақтандырғыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •30 Оқшаулағыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •31 Өлшеуіш трансформаторлар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
- •34 Электр тораптарын жіктеу.
- •35 Электр тораптарына қойылатын талаптар.
- •36 Сымдар мен найзағайдан қорғайтын тростардың қиыстырмалары.
- •5.1 Суреті - аж оқшауланбаған сымдарының қиыстырмалары
- •39 Кабель желілерінің қиыстырмалары.
- •41 Энергияны айнымалы токпен жеткізу.
- •42 Энергияны тұрақты токпен жеткізу.
- •46 Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары.
46 Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары.
Орындайтын функцияларынан, энергия жүйесінен қоректену сұлбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктерінен, электрэнергия және қуаттың шамасынан және тұтыну режимдерінен, электрэнергияны пайдалану ережелерінің ерекшеліктерінен тәуелді электрэнергия тұтынушыларын келесі негізгі топтарға бөлу қабылданған:
- өндірістік және соларға теңестірілген;
- коммуналдық - тұрмыстық;
- электрлендірілген көлік;
- өндірістік ауылшаруашылық.
Өндірістік кәсіпорындар электрэнергияның 30 дан 70% дейін тұтынады. Өндірістік тұтынудың едәуір айырмашылығы әртүрлі елдердің индустриалдық дамуы мен ауа – райы жағдайларымен анықталады; индустриалды дамыған елдер үшін бұл энергия тұтынудың 50-70% санды мәндері бар. Бұл топқа машина жасау, қара және түрлі – түсті металлургия,
химия өндірісінің, құрылыс материалдарының және көптеген басқа өндірістердің кәсіпорындары кіреді.
Электрқабылдағыштардың қосынды орнатылған қуаттары және оларға сәйкес өндірістік кәсіпорындардың электр жүктемелері өте кең шектерде өзгереді, шамамен мегаватт бірліктерінен (металды өңдеу, майда машина жасау және т.б.) 300-500 МВт және жоғарыға дейін (ірі машина жасау, қара металлургия, алюминий мен басқа түрлі – түсті металдардың электролизі). Сонымен бірге кәсіпорындардың негізгі бөлігі үшін 30-150 МВт арасындағы қуаттар кездеседі.
Коммуналды – тұрмыстық тұтынушыларды электрмен жабдықтау. Бұл топқа қалалар мен елді мекендердің тұрғын аудандарында орналасқан ғимараттардың кең ауқымы жатады. Бұл – тұрғын ғимараттары, әкімшілік – басқару ғимараттары, оқу және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау, мәдени – бұқаралық, қоғамдық тамақтану және т.б. ғимараттары. Тұрғын және қоғам ғимараттарында электрқабылдағыштардың орнатылған қуаты (типінен, қабаттар және тұрғын секциялар санынан тәуелді) 100 - 200 кВт – тан мегаватт бірліктеріне дейін құрайды.
47 Электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар.
ЭҚЕ (ПУЭ) талаптарына сәйкес электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша электрқабылдағыштар үш категорияға бөлінеді.
I категорияға жұмыстағы үзіліс адамдардың өміріне қауіп төндіретін, халық шаруашылығына едәуір ысырап жасайтын, қымбат тұратын негізгі жабдыққа зақым келтіретін, өнімнің жаппай бұзылуына алып келетін, күрделі технологиялық процестің, коммуналды шаруашылықтың ерекше маңызды элементтерінің жұмыс атқаруын бұзатын электрқабылдағыштар жатады.
II категорияға электрмен жабдықтаудағы үзіліс өнімнің жаппай толық шықпауына, жұмысшылардың, механизмдер мен өндірістік көліктің жаппай тұрып қалуына, қала және ауыл тұрғындарының едәуір санының қалыпты тіршілігін бұзуына алып келетін электрқабылдағыштар кіреді.
III категорияға І және ІІ категориялардың анықтамаларына келмейтін барлық қалған электрқабылдағыштар жатады. Бұл негізгі цехтардағы әртүрлі көмекші механизмдер, өндірісі сериялы емес цехтар.
