Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын фпипкм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

1. Созымдылық пен беріктік қасиеттерінің сипаттамалары.

Созымдылық қасиеті – бұл стандартты үлгідегі материалдың қираусыз өз пошымын және өлшемдерін өзгертуге қарсы тұру қасиеті.

Беріктік дегеніміз қатты дененің сыртқы жүктеме әсерінен қирауға және деформацияға қарсыластық қасиетін атаймыз.

Беріктіктің түрлері және сипаттамасы

  1. Статикалық (қысқа уақытты)

  2. Конструкциялық

  3. Динамикалық (соққылық)

  4. Ұзақ уақытты (ыстыққа беріктік)

  5. Қажу – циклдық және жанаспалы

  6. Меншікті

  7. Механикалық

Статикалық беріктік – созылу, қысылу, бұралу, иілу режиміндегі статикалық жүктеу кезіндегі материалдардың беріктігі.

Конструкциялық беріктік – конструкциялық, металургиялық, техникалық және пайдалану факторларының есебімен конструкциялық материалының беріктігі.

Динамикалық беріктік – материалдың соққы жүктемесіне немесе морт қирауына қарсыласу беріктігі.

Ыстыққа беріктік – материалдың ұзақ уақыт бойы жоғары температура кезінде деформация және қирауға қарсы тұру қасиеті.

Циклдық беріктік немесе ұзақ шыдамдалық – бұл материалдың көп ретті қайталанатын жүктеменің қарсы тұруын сипаттайтын беріктік.

Жанаспалы беріктік немесе тозуға тұрақтылық – материалдың қатты, сұйық немесе шашыранды дене бойынша қозғалу кезіндегі беттік қирауға қарсы тұру қасиеті.

Меншікті беріктік – материалдың тығыздығына қатысты беріктік.

Механикалық беріктік – бұл материалдың қирауына әкелетін ең үлкен кернеу.

Созымдылық дегеніміз қатты дененің сыртқы жүктеме әсерінен қираусыз өз пошымын және өлшемін өзгертуі және осы өзгерісті жүктемені алып тастағаннан кейін тұрақты сақтап қалу қасиет. Созымдылық бұл материалдың қираусыз үлкен қалдық деформацияға түсу қабілеттілігі. Созымдылық материалдың деформациясы кезінде пайда болады және жүргізіледі, қирау кезіндегі қалдық деформация шамасы материалда созымдылық мөлшері болып табылады. Белгілі дәрежеде материалдың созымдылығы беріктікке кері пропорционалды, бірақ олардың арасындағы қатынасты барлық кезде байқалмайды. Материалдың беріктігі мен созымдылығының өзгеруін деформациядан кейінгі күйдірілген күйінен байқауға болады.

Беріктік және созымдылық қатты денелердің кешенді сипаттамасы болып табылады және ішкі, сыртқы факторларға тәуелді. Ішкі факторлар: материалдың фазалық, химиялық құрамы, құрылымы, кристалдық және түйірлік құрылысы, күйі, ақаулық сипаттамалары .

Сыртқы факторлар: температура, уақыт, қысым, жүктеу жылдамдығы, түсірілген жүктеу сипаты, кернеулік күй схемасы.

Сонымен қатар, беріктік тек механикалық емес негізгі пайдалану қасиетіне, ал созымдылық техникалық қасиетке жатады.

Материалдардың беріктігі мен созымдылығы ішкі атомаралық байланыс күштерінен және созымды деформацияға қарсыласуға тәуелді. Сондықтан бір уақытта қатты денелердің механикалық және физикалық категорияларына жатады. Механикалық және физикалық қасиеттерді бағалаудың объектісі болып қатты дене табылады.

2. Аса беріктіктің теориялық негізі. Аса беріктік түрлері.

1945 ж А. А. Бочвар ашылған аса беріктік , теориялық негізімен ғана емес қолдануның практикалық аспектілері де қызықтырады. Өндірісте аса берік технологиялардың іске асырылуы қиын,бұрын сңды қолдалымаған пішім өзгерту процестерін, оның ішінде қиын деформацияланатын қорытпаларды аса беріктік күйге ауыстыру сияқты процестерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Метатұрақты күйде болған қорытпаларды деформациялаған кезде кей жағдайларда пластикалық деформацияға қарсыласудың аномальды өзгерістері байқалатыны анықталған, мұнда : беріктік кенет төмендеп, созымдылық аса артып кетеді. А. А. Бочвар мен 3. А. Свидерско жұмыстарында цинк - алюминий жүйесінің шыныққае қорытпалары зерттелді, қаттылықтың температуралық тәуелділііг 15.1 а суретте көрсетліген; 80 % Zn+20 % Al құрамы үшін, эвтектоидной концентрациияға жақын (рисунок 15.1б), пластикалық деформацияға төмен қарсыласуы байқалған.

Рисунок – 15.1 Изменение твердости в сплавах системы Zn - Al

Рентгендік зерттеулер анықтағандай , цинк – алюминий эвтектоидтық қорытпаларының аса беріктігі бастапқы метатұрақты құрылымнан метатұрақты құрылымға ауысуымен байланысты , оған жоғары температураларда деформация әсер етеді. Бұдан шығатын қорытынды, қаншылықты қорытпада көп көлемде метатұрақты құрылымдар болса, соншалықты жылулық деформация шарттарында аса беріктік эффектісі байқалады. Метатұрақты қүрылымнан тұрақыты құрылымға өту процестері белгілі бір жылдамдықпен жүретіндіктен, онда осы жылдамдықпен деформация жылдамдықтары арасында сәйкестік болуы керек, немесе соңғы ретте бұл ауысу тұрақты күйде болуы керек және осы кезде аса беріктік қасиет пайда болады.

Аса беріктік формуласы былай жазылады.: σ = К έ m , мұндағы : К - кернеулік күйдегі константа ; т - деформация жылдамдығына әсері К және т шамалары сынау температуралары мен түйірлер өлшеміне тәуелді.

Рисунок – 15.2 Кернеу мен деформация жылдамдығына тәуелдігі

Қалайы - қола, оқола - висмут, алю­миний - мыс и мыс - цинк қорытпаларында әртүрлі деофрмация жылдамдықтарымен сынағанда 3 аймақ байқалады (1, II и III) 15.2 сурет . мысалы, Al-Cu ,Al-Si эвтектикалық қорытпасын жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]