- •2. Қирау. Жоғары температуралар кезіндегі қирау.
- •3. Созымды деформацияға қарсыласудағы жылдамдық пен температураның ықпалы.
- •2. Кернеу. Кернеу түрлері.
- •3. Ыстыққа беріктік. Термиялық беріксіздендірудегі физикалық мәні.
- •2. Созымдылықтың температуралық аномалиясы. Жылулық сынғыштық мәселелері және оны шешу келешегі.
- •3. Кирау. Кираудың түрлері мен белгілері.
- •1. Созылмалы-оң нормальды
- •2. Қысылу-теріс
1. Созылмалы-оң нормальды
2. Қысылу-теріс
3. жанаспалы (оң) - осыған байланысты қираудың әртүрлі сипаттамалары болады.
Қысылу кернеуі өздігінен қирауды болдырмайды, өйткені атомдар арасындағы арақашықтық азайған кезде өзара әрекеттесу күші көбейеді. Қирау созылу және жанаспалы кернеу кезінде 2 түрлі тәсілмен жүреді: 1) үзілу; 2) кесілу;
Үзілумен қирау мортты, кесілумен тұтқырлы деп аталады. Морт және тұтқырлы қирау түсінігі туралы белгілі совет механиктері: Я.Б.Фридман және В.М.Фринкель келесі белгілері бойынша сыныптады:
Процестің энергиясыйымдылығы;
Күштік әрекеттесу сипаты тұрақты жүктеме;
Қираудың ірі құрылымдық беткейінің бағдарлануы;
Қирауға әкеліп соқтыратын созымды деформация шамасы;
Қирау беткейінің құрылымдық орналасуы - кристаллит ішіндегі, кристаллит аралас;
Қираудың даму дәрежесі - бастапқы; дамыған және толық.
Осы белгілерге байланысты қираудың 2 түрін былай айтуға болады:
1) мортты қирау
а) аз энергия сыйымдылығымен сипатталады және сырттан әкелінген қосымша энергиясыз белгілі кернеуге жеткен кездегі өзіндігінен дамуы;
б) серпімділіктің ірі құрылымдық шегінен төмен кернеу, ереже бойынша есептіктен жоғары;
в) қирауға дейінгі суммалық ұзару 1-2% аспайды.
г) мортты жарықтың таралу жылдамдығы берілген материалдың дыбыс таралу жылдамдығына сәйкес;
д) қирау беткейі әсер ететін күшке перпендикуляр;
е) жарық түйір шекарасы бойынша жойылады - интеркристаллитті сынақ;
ж) сынық беткейі жылтыр;
2)Тұтқырлы қирау
а) жоғары электрсыйымдылық сипаттамасы- тұтқырлы жарықтың жоғарлығы сырттан энергия әкелінуін қажет етеді, демек, әсер ететін кернеуді үздіксіз жоғарлату қажет;
б) кернеу есептік кернеумен сәйкес;
в) қирауға дейінгі ұзару белгілі шамаға жетеді, қирау процесі пластикалық деформациямен жүреді;
г) тұтқырлы жарықтың жайылуы елеусіз және деформация жылдамды-ғымен сәйкес;
д)макромасштабтағы сынық беткейі ең үлкен жанаспалы кернеудің әсерлік бағытына 450 бұрышпен иіледі;
е) жарық түйір денесі бойынша жойылған- транскристалитті (түйір ішіндегі) сынық;
ж) сынық беткейі бұлдыр ;
|
|
6.1-сурет. Созымды қираудың мүмкіндік түрлері
|
6.2-сурет.Созылған үлгі мойнынан орталық жарықтың пайда болуы мен тесіктер |
Созымды қираудың мүмкіндік түрлері:
а) базалық жазықтық бойынша сырғу басқа жазықтық бойынша бір беткейде сырғанаумен бітетін ГПУ торы бар монокристалдар;
б) 2-бөлікке бөліну «пышақ жүзінде» туындайтын мойыншаның түзілуімен болатын ГЦК торымен монокристалдар (мыс, күміс);
в) деформацияның ірі тіліктерінің түзілуімен, мойынсыз қирайтын Cu,Al қорытпалары;
г) мойыншаның жіңішкеруі бойынша созымдылығы 100%-ға тең нүктеде туындайтын ГЦК торымен жоғары созымды поликристалдар;
д) аз созымды поликристалдар қирау түрі тұтқырлы қирау есебінде алынады. Оның түзілу процесінің бірізділігі келесі түрде көрсетіледі:
1. Созымды деформациядан кейінгі мойыншаның пайда болуы;
2. Ұсақ тесіктердің түзілуі, олардың үлгі ортасында бірігуі және жарықтардың тууы;
3.Үлгі беткейіндегі жарықтардың жойылуы және чашка түбінде түзілуі;
4.Нормальді кернеудің мүмкіндік шегіне жетуі, қираудан нормальді әсерден жанаспалы кернеу әсерінен қирауға ауысуы;
5.Жарықтың бастапқы бағытымен салыстырғанда 450 бұрылуы, конустық түзілуі және беткейге шығуы. Сонымен мойыншаның түзілуі тұтқырлы қираудан бастау соңғы қирауға дейін жететін созымды деформацияның локанизациясымен байланысты.
