- •1 Курс студенті Бақытжан ә.С.
- •Мазмұны
- •1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде........................4 1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні......................................................7
- •І бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері
- •1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде
- •1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні
- •2.Пішіндерді боя
- •3.Дәл осындай пішінді тап
- •2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер.
- •2. «Бір сөзбен ата»
- •3. «Мен жеңімпазбын»
- •5.«Шапалақты тыңда»
- •6. «Қанша дыбыс естідіңдер»
- •7. «Айна»
- •9. «Төрт құбылыс»
- •1 1. «Орныңды тап»
- •12.«Менің көңіл-күйім қандай»
- •13.«Теңіз жағасындағы түс»
- •15. «Әріптер»
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Курстық жұмысы
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуы
Тексерген: аға оқытушы, магистр Халикова Б.Т.
Орындаған: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
1 Курс студенті Бақытжан ә.С.
Орал 2015
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3 І БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері
1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде........................4 1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні......................................................7
ІІ БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын эксперименталды зерттеу 2.1 Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекетін қалыптастыру әдістері...................................................................................................................16 2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер........................................................................................................... 19
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................24
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті, сондықтан оларға анықтама береміз.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.
Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі балаларда ойын әрекетін қалыптастыру
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуы
Зерттеу болжамы: балабақшадағы балаларда ойын әрекетін қалыптастырсақ, балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына көз жеткізе аламыз.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдармалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Зерттеу кезеңдері:
Анықтау: зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық, психология-педагогикалық, этногеографиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудің теориялық және және әдіснамалық негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент жүргізілді.
Қалыптастыру: зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыстар ұйымдыстырылып, жүргізіледі.
Қортындылау: тәжірбиелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделініп, ғылыми жүйеге келтірілді. Негізі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар құрастырылып, ғылыми – әдістемелік қорытындылар жасалынды.
Зерттеу құрылымы: Кіріспедан, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №45 «Нұрсәт» бөбекжайы, «Достық» II – кішілер тобы.
