Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫ Ж.МАДИНА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
884.74 Кб
Скачать

1.3 Балада еріктің дамуы

Адамның ерік –жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс- әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар: біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамаға келу, кедергілерді жеңе білу, өзін -өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдық т.б.), екіншіден, адамгершіліке сыйымды ерікқимылдардың сапалпрына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден, еріктің адамның дербестігіне байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық т.б.) бөлінеді.

А)Тоқтамаға келгіштік. Тоқтамаға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын қыстау кезеңдерде қажжетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісінің азды көпті кемшіліктерін көре білуді оның ақыл ой парасатымен байланысып жатады.Біреу тоқтамаға келуге оншама көп қателіке жол бермейді, ал екінші біреуі көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре- сараңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі – жиі түрлі тоқтамаға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбнесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік- жігерін жегідей жеп мұқалтады.

Ә)Табандылық. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыныТұрсын Мынбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылады да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқан оның «қолынан» Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өмірінің бағасын танып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды. Қаламды аузымен тастап сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан жылжытқандай болды. Көп қажыр – қайрат жүмсап, талмай жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын да өсірген. Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте жүріп бір жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігінің, табандылығының арқасында өмір қызығын тартып отырған қарапайым еңбек адамының ерлік ісі ерекше жырланған. Сөйтіп, табандылық кісі таңдамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.

Баланы табандылыққа тәрбиелеуде педагог мына шараларды жүзеге асырып отырады:

1) Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенім арттырып отыру қажет;

2) Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;

3) Баланы ұжымдағы ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау – табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.

Б) Ұстамдылық. Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Жігер дегеніміз – құр тілекпен қанағаттану емес, бұл бір мезгілдік тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту да ... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір жігердің де болуы мүмкін емес.

Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік, дегбірсіздік адамның қатты жігерленіп, іске белсенді кірісуіне кедергі келтіреді. Ал ерекше күш жұмсауды керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым жұмысты да нәтижелі орындау мүмкін емес.

Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы өзін меңгере алу үстінде де мықтап шыңдала түседі, онан сайын қатайып, беки береді, яғни М.Горький айтқандай, «тіпті азғана өзіңді жеңу адамды зор қуат иесі етеді». Ұстамдылық өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен ұғынып орындап оыруға бой ұсыну, ұжым мүддесіне нұқсан келтіретін түрлі тғріс қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен сенімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдерді тежей білуге үйретіп отыру қажет.

В) Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді. Жекешіл ұғымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекеттермен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.

Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа ұйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына «сіңіріп» отыру деген сөз.

Г) Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет, сонымен қатар, ерлік –батылдық пен ұстамдылықтың табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді.

Сондықтан да ол адамның өз халқына Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып кіндік кескен жерін көздің қарашығындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп кездеседі. Мәселен, Күлтегін, Едіге, Қарасай, Қобыланды, Ерсайын, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Жанқожа, Кеңесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді Бауыржан т.б. секілді өр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына іздесе таптырмайтын өнеге.

Осы айтылған ерік сапаларымен әр адам өз басын тәрбиелей алады. Бастауыш сынып оқушыларын да осыған баулу қажет. Әрине, бұған мұғалімдердің дүрыс басшылығы керек. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің жас кезінде өзін тәрбиелеудің мақсатында жасаған жоспары көңіл аударарлықтай. Ол жоспар мына төмендегідей:

1) Ерекше сабырлық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу;

2) Сөз бен істе әділ болу;

3) Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы;

4) Тоқтамға келе алу;

5) Өзінің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау;

6) Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбау, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу.

7) Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсе қызарлыққа салынбау.

8) Әр кеш өзің істеген ітке мұқият есеп беріп отыру.

9) Еш уақытта да өткендегі, не алда болатын ісіңмен мақтанбау.

10) Осы жоспарды ешкімге көрсетпеу. Балалардың бойына кез келген ерік сапаларын қалыптастыра беруге болмайтыны түсінкті. Ерік сапаларының мазмұны қандай, қоғамдық пайдалы әрекет жасауға бағытталған ба, әлде жеке қара басының мүддесін көздеуге бағытталған ба – міне, негізгі мәселе осында.

Егер бала түрлі кедергілерді, қиыншылқтарды жеңуде барлық күш- жігерін, тек өз мүддесіне , қара басына пайдаланатын болса, онда мұндайда көрінетін ерік сапаларын ешбір қоғамдық мәні болмайтындығы белгілі. Бұзақы адамның сотқарлығы, қоғам мүлкін тонаушы ұрының, жылпос айлакерлігі, қиқар адамның орынсыз қасарыспалығы жақсы ерік сапалары емес. Өйткені осы соңғы айтылғандар өзінің мазмұны жағынан ешбір адамгершілік қасиетке сиыспайтын сапалар. Сондықтан да адамдарға тән жоғары ерік сапалары туралы мәселе қойғанда әр уақытта да олардың моральдық салмағының қандай екендігін еске алып отыру керек.Әр түрлі ерік сапалары бір-бірімен байланыспайтын оқшау жатқан қасиеттер емес, барлығы да адам бойынан табылатын, оның жеке басының бағытына, дүниетанымы мен сеніміне, мінез бітістеріне, темпераментіне, қабілетіне тағы осындай психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше жағдай қабысып келіп отыратын сапалар. Бір адамның баснды ерік сапаларының бірнешеуі қиысып, келіп отырады. Мәселен, өртеніп жатқан үйдің ішінде қалған баланы алып шыққан адамның басынан батылдықты да, тоқтамға келгіштікті де, шапшаңдықты да, өзін меңгере алушылықты да байқау осы айтылған пікірге жақсы дәлел.