- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқау Тараз 2015
- •Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемелік нұсқауы
- •Зертханалық жұмыс №1. Параллельді есептеулерді талдау және модельдеу. Жеке тізбектік сумманың сандық мәнін табу тапсырмасын шешу
- •Зертханалық жұмыс №2. Мәлімет алмасудың негізгі амалдарының орындалу алгоритмдерін жүзеге асыру және құру. Салыстырмалы талдау
- •Зертханалық жұмыс №4. Тізбектелген және параллельді алгоритмдерді сұрыптаудың жүзеге асырылуы
- •Зертханалық жұмыс №5. С алгоритмдік тіліндегі mpi қолданатын параллельді программаның өңделуі
- •3. «Тақ-жұп орын ауыстыру» алгоритмі.
- •Зертханалық жұмыс №6. Прим тізбектелген және параллельді алгоритмін жүзеге асыру және салыстырмалы талдау
- •Зертханалық жұмыс №9. Параллель есептеулердің алгоритмдері. Матрицаларды қайта көбею әдістері
- •Зертханалық жұмыс №10-11. Векторға матрицаны параллельді көбейту
- •Зертханалық жұмыс №12-13. Параллель есептеулердің алгоритмдері. Сұрыптау. Сұрыптаудың түрлері. С алгоритмдік тілінде mpi қолдана отырып параллельді программаларды өңдеу
- •Зертханалық жұмыс №14. Нақты сандардың тізбегін сұрыптау параллель алгоритмінің моделі
СМЖ-нің құжаты |
Н 11/1-1.02-2013 |
|
Әдістемелік нұсқау |
Баспа 3 |
|
Енгізу күні 01.11.2013 |
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
«Информатика»
кафедрасының меңгерушісі
______________ _Тлебаев М.Б
/қолы/ /аты-жөні./
«_____»_______________20__ж.
«Параллельді есептеу» пәнінен 5В060200-Информатика» мамандығына арналған зертханалық жұмыстарды орындау үшін
Әдістемелік нұсқау Тараз 2015
Әдістемелік нұсқау зертханалық жұмыстарды орындау үшін «Параллельді есептеу» пәнінен 5В060200-Информатика мамандығының студенттері үшін пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:
___Жоранова Н.Ж ______________________
/аты-жөні/ /қолы/
Әдістемелік нұсқау «Информатика» кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №_____ «______»_____________20__ж.
Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемелік нұсқауы
Зертханалық жұмыстың мақсаты: Параллельді есептеулер, параллельді компьютерлер, параллельді программалау, сұрыптаудың параллельді алгоритмдері бағдарламалармен танысу.
Материалдар және жабдықтар: ДК, параллельді есептеулер программалау ортасы, Delpi, Java программалау жүйесі.
Зертханалық жұмыстың мазмұны және орындалу тәртібі:
Параллель компьютер дегеніміз – есепті сандық түрде шешіп, үйлесімді шешуге қабілетті процессорлардың жиынтығы.
Параллельді программа – бұл әр процесс өзінің меншікті процессорныда жүріп қана қоймай, параллель орындалатын программа.
Программа деңгейінің параллельдігі - бір программа оны құраушы бөліктеріне бөлініп орындалатын процесс.
Командалар деңгейінің параллельдігі - бұл типті іске асыратын негізгі тәсіл –конвейерлер. Бұл жағдайда не жеке командалар қалқаланады, не берілген команда бағыныңқы операцияларға жіктеледі.
Арифметикалық және биттік туралау параллельдігі – параллельдігінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей - орталық процессордағы арифметика-логикалық құрылғыға жатқызылады.
Программалау модельдері: параллельді және тізбекті.
Көпшілік қолданарлық (общедоступный) көп процессорлы жүйе – көптеген процессордың жыйынынан тұрады, олар бір-бірімен жадының модульдер жиынымен өзара байланысты.
Параллельді компьютерлер мен параллельді есептеулер қолданылатын облыстарға тоқталсақ:
- күрделі жүйені сандық модельдеуде: ауа-райын болжау, гендік инженерия, интегралдық схеманы жобалау, жаңалықтар, кезекті космосқа ұшырылу туралы жедел хабар, т.б.
- бизнесте, коммерциялық салада: видеоконференциялар, параллель мәліметтер қоры, банктік транзакция, т.б.
- техникада: медицина саласында, автоматты түрде диагноз қою, жер сілкінуді болжау, айналадағы ортаның ластануын анализдеу, дәрі-дәрмек препараттарын жасау, т.б.
- білім беру саласында: кеңейтілген графика және виртуальды әлем, әсіресе, компьютерлік ойындар құрастыру.
Зертханалық жұмыстың орындалуы туралы есебінің формасы:
1. Берілген есептердің қойылымын талдап, түсіндіру.
2. Берілген есептерді шешу алгоритмін түсіндіру.
3. Орындалған жұмыс жөнінде есеп беру
