Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4kurs_O_1178_TE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Билет№5

1. Құрал біріңғай блок түрінде дайындалған. Құралдың беткі жағында сұйық кристалды индикатор мен 3 тетік орналасқан: қосу/өшіру; көрсеткіштерді ұстап қалу; экранға жарық беру. Құрал қақпағының жоғарғы жағында мәліметтерді алуға арналған түтікшілі датчиктер орналасқан.

2. Термогигрометрдің жұмыс істеу тәртібі.

а. Құрал біріңғай блок түрінде дайындалған. Құралдың беткі жағында сұйық кристалды индикатор мен 3 тетік орналасқан: қосу/өшіру; көрсеткіштерді ұстап қалу; экранға жарық беру.

б. Құралды қосып зерттеу аймағына орналастырылған соң, сұйық кристалды дисплейдегі көрсеткіштерді есепке алады.

в. Құралды қосу және өшіру үшін /Қосу/ өшіру тетіктерін бір рет басу қажет.

Билет№6

1. Құралдың корпусында: сұйықкристалды индикатор, басқару органдары, маркировкалар және мәліметтерді өлшейтін датчигі бар шығарылған зонд орналасқан. Спектральды сипат беретін реттегіш сүзгіші бар фотоқабылдағыш элементтер өлшегіш басында орналасқан.

2. Люксметрдің жұмыс істеу тәртібі. Жарық ағыны энергиясын электр энергиясына айналдыруға негізделген. Қабылдау бөлігіндегі фотоэлемент гальвонометрмен жалғасқан, ондағы шкала люкспен көрсетілген. Өлшеу кезінде фотоэлементті горизонтальды беткейге қойып, қосқыш тетігінің көмегімен қажетті өлшеу диапозонына қояды. Жұмыс соңында фотоэлементті өшіру қажет.

Билет№7

Электрлік және магниттік өріс өлшегіш қабылдағыш – антеннадан тұрады (АП). Беткі жағында басқару панелі мен сұйықкристалды индикатор орналасқан. Артқы жағында ҚА қосуға арналған жері бар. Қарсы бетінде қоректендіру тетіктеріне арналған бұрыштары бар. Қоректендіру қақпағын ажыратуға арналған ілгегі болады. Қақпағын ашу үшін ілгекті ашқышты қолданады. Басқару панелінде:

Ауыстырғыш ӨШІРУ/КОНТ/ӨЗГЕРТУ тетіктері;

Ауыстырғыш 200/2000 тетіктері орналасқан.

2. Электрлік және магниттік өріс өлшегіштің жұмыс істеу тәртібі. Ауыстырғыш тетігін ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан КОНТ жағдайына қою қажет. УО-101 индикаторы құралдың қуатына сәйкес бақылау санын көрсетеді. Индикатордағы сан 75 пен 100 аралығында болуы тиіс.

Жұмыс тәртібіне сәйкес 3 мин.өткен соң ауыстырғыш тетігінің көмегімен ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан ӨЗГЕРТУ жағдайына ауыстырады. Құралды зерттеу аймағына орналастырып, бір қолмен оның пластмасса сабынан, ал екінші қолмен есептегіш қондырғысын ұстау қажет. Құралдың бағытын өзгерту арқылы индикатордағы максимальды көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Билет№8

1. Аспиратор арнайы сүзгіштерден, панельді металл шассиден тұрады. Аспиратордың алдыңғы панелінде келесі түйіндер болады: кіру тетігі/1/, тумблер /3/, сақтандырғыш ұяшық /2/, жеңілдеткіш клапан /4/, штуцер /8/, ротаметр /5/, ротаметрлер вентильдерінің ұстағыштары /6/, винттер /7/.

2. Аспиратордың жұмыс істеу тәртібі: сынама алу үшін ауа арнайы сүзгілерден өткізіледі. Ауа сүзгіден өткен кезде, онда қоспалар сүзіліп қалады. Ауаның сүзгіден өту жылдамдығы мен уақыты белгілі болғандықтан, сүзгі арқылы өткен ауа көлемін есептеу қажет.

Билет№9

1. Экстрактор құрылысы келесі бөліктерден:

  • Штатив;

  • Айналмалы ұстағыш;

  • Қозғалтқыш блок;

  • Араластырғыш;

  • Бөлгіш воронкалар;

  • Басқару блогынан тұрады.

2. Экстрактордың жұмыс істеу тәртібі.

Жұмыс істер алдында қоректендіру блогының жұмысын тексереміз. Воронкаға тексерілетін суды құямыз. Ақпараттық блок арқылы айналу жылдамдығын және уақытын белгілейміз. ЕНГІЗУ тетігін басамыз.

Уақыт өткен соң воронканың төменгі бөлігінен тұнбаны колбаға құямыз. Сонан соң тұнбаны бірнеше пробиркаларға құямыз. Реактивтердің көмегімен ауыр металдарға, хлорорганикалық және органикалық қоспаларға, мұнай өнімдеріне тексереміз.