Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4kurs_O_1178_TE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Билет№6

Кудиновтардың отбасындағы кешкі тамағы мынадай: қайнатылған картофель, сары май, хариус балығы, бисквитті пирог, шәй. Тамақтанғандар: анасы-32 жаста, қызы -5 жаста,әжесі – 61 жаста. Ертеңіне әжесі мен немересі өздерін жайсыз сезінген, сонда да әжесі немересін балабақшаға апарды. Балабақшада тәрбиеші қыздың жұтынуының қиын екенін байқады. Тексергенде аузы құрғап, көз алдындағы заттар қосарланып көрінді. Эпигастральдық аумақта ауырсыну, ептеп денесінің құрысуы байқалды. Балабақшаның дәрігері қызға «полиомиелит» деп диагноз қойып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуды ұйғарды.

Әжесінің көзі бұлдырап, емханаға әзер жетті. Терапевт шағымын тыңдап, бұрын глукомамен сырқат екенін ескеріп, көз дәрігеріне қаралуын өтінді. Ауру офтальмологқа қаралуға жазылды. Түске таяу халі тым нашарлаған ауруды дәрігер қабылдап, глаукомаға тән ем тағайындады. Үйіне қайтып бара жатқанда құсу ,денесінің құрысуы, ішінің ауруы басталған соң, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Түске қарай анасы да ішінің қатты ауырғанын байқады, кейін құса бастады және жұтынуы қиындады. Цех дәрігері шағымдарын тыңдап, жатырдан тыс жүктілік деп диагноз қойып, ауруханаға жөнелтуді ұйғарды.

Әкесі өзін жақсы сезінді. Сұрастырғанда бисквитті бәліш «кулинария» дүкенінінен сатып алынған, ал әкесі хариус балығын үйде дайындаған. Балықшылар балықты құмның үстінде өңдеген, аздап тұздаған, төрт сағат бойы кастрюлде сақтап, кейін күнге кептірген. Кешке а дейін балық пайдаланылмаған.

Сұрақтар:

1. Қандай тамақтан улану қай түрі және қандай жағдай аурудың пайда болуына мүмкіндік жасады?

2. Осы аурудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№7

Балабақшаның бір тобының тәрбиешісі балалардың біразы түстік тамақтарды ішкісі келмей, бастары мен іштері ауырғанын, жалпы дімкәстігін байқады. Барлық балалардың дене қызуы 37,4-37,8С. Ауырған 5 баланы дәрігер бөлек бөлмеге жіберді. Күндізгі ұйқы кезінде тағыда 9 бала құсы, ішінің ауыратынын және дене қызуының 37,9С дейін көтерілгеніне шағымданды. Олардың үшеуінің дәреті көбік тәріздес. Барлық ауырған балалар ауруханаға орналастырылды. Кешке қарай осылай осы топтың тәрбиешісі де ауырды. Басқа топтардың балалары мен қызметкерлері ауырған жоқ.

Таңертең балалардың ішкен тамақтары:

1.Сүтке пісірілген ботқа.2. Бутерброт сырмен. 3. Сүтпен кофе 4. Печенье.

5.Ауырған балалар осымен қоса, бір баланың туысы әкелген кремделген бисквит тортын жеген. Ал торт сатылып әкелінген күні үстелдің үстінде тұрған, тек түнде ғана тоңазытқышқа қойылған.

Сұрақтар:

1.Тамақтан уланудың қандай түрі және тамақтан уланудың себебі қандай?

3.Тамақтан уланудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№8

Аудандық ауруханаға 8 адам 7-сынып оқушылары мен спорт нұсқаушысы түсті. «К» деген көрші елді мекенге жорыққа барған, жорық екі күнге есептелінген. Лагерді құрған соң, мынандай тағамдардан кешкі тамақ дайындалған: макарондар, жарма, қоюлатылған сүт, пакеттегі «ерекше» деген сорпа, қалбырдағы өнімдер, бұқтырылған сиыр еті, спорттық галет.

Ерекше деген сорпаны және макарондарды эмальданған шелекке пісірген, шай қайнатқан. Лагердің жанындағы алаңда балалар саңырауқұлақтарды тауып алып, сыртқы түрінен «сморчок» деп анықтады. Саңырауқұлақтарды жинап, құдықтың суына жуып, шелекте пісірген, сосын саңырауқұлақ пісірген суды төкпей, саңырауқұлақтарды шаймай, 8 адам мен нұсқаушы жеген.

Кешкі тамақ 18-19 сағатта болған, таңға қарай саңырауқұлақ жегендерді ң барлығы іштерінің ауырғанына ,жүрек айнығанына ,әлсіздікке ,бастарының айналғанына шағымданған. Нұсқаушы үш баланың терісінің сарғайғанын байқаған. Балалар тоғайда жол мен елді мекеннен алыс болғандықтан нұсқаушы барлық ауырған балаларды алып, аудандық ауруханаға барған. Аудандық ауруханада барлық ауырғандарды ауруханаға жатқызды.

Сұрақтар

1. Уланудың қандай түрі және тамақтан уланудың себебі неде?

3.Саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.