Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4kurs_O_1178_TE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Билет№2

Қалалық дәмханада кешкі тамақтан кейін 7 адам ауырған. Ауырғандардың өздері ауруларын жаңадан дайындалған «ассорти» салатынан көрді. Ауырғандардың 9-13 сағаттан кейін дене қызуы 37,5-37,9С дейін көтерілді. Асқазандағы қолайсыздықты сезіну мен дененің қақсауы пайда болды.

Кейін оған лоқсу, құсу және іш өту қосылды. Ауырғандар мүлде еңбекке жарамсыз болды және амалсыздан медициналық көмекке жүгінді. Оларды қабылдаған аурухана бөлімшесінде асқазанды жуу және дәрі – дәрмекпен емдеу жүргізілді. Асқазан жуындысынан, құсықтан, нәжістен Рroteus микробтары табылды. Осы сияқты микрофлора дәмхана столы мен ыдыстарының шайындысынан да алынды.

Сұрақтар:

1.Табылған микроб қандай ауруды тудырады, оның таралу жолдары қандай?

2.Аурулардың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№3

Спорттық лагерде бесіндік тамақта шайды кремдік тортпен ішкен соң, спортшылардың көпшілігі 1,5-3 сағаттан кейін лоқсыған, құсқан, эпигастральдың аумағында сыздаған аурулар пайда болған. 6 ауруда коллапс болды, 13-інде өте әлсіздік, нәзік тамыр соғысы, күшті терлеу пайда болды. Ауырғандардың дене қызуы 37,2 -37,6С. Лагерь дәрігері барлық күйзелгендерге жедел жәрдем көрсетті, асқазан мен ішектерді жуу, дәрілерді қолдану т.б. Содан, көбінің жағдайлары әжептеуір жақсарды.

Тексергенде: тортты фолликулярлық баспамен ауырған және үйіне босатылған аспаз дайындағаны анықталды. Тортты ол бір тәулік бұрын дайындап, тамақ бөлімшесінің қоймасына сақтап қойған.

Сұрақтар

1.Спортшыларда қандай ауру дамыған және оның таралу себебі неде?

2.Тамақпен уланудың алдын алу шараларын атаңыз.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№4

Санаторияда демалушылардың бір тобы жазғытұрым кезінде саңырауқұлақтарды жинап, аспазшыға кешкі тамаққа қуыруға берді. Саңырауқұлақтар күнбағыс майына пиязбен қосып қуырылды, дәмдік сапалығы қанағаттанарлық болды. Бірақ, тамақтанудан кейін 6-12 сағат өткен соң «саңырауқұлақшылар» мен аспазшы іштерінің ауырғанын байқады, лоқсыды, ептеп құсты. Ертеңінде барлық ауырғандардың көздерінің ағы сарғайып, барлығының терісі жаппай сарғайды. Барлық аурулар санаторийдің оқшаулау бөлмесіне гепатит деген диагнозбен орналастырылды. Өйткені, қарнын сипап қарағанда оң жақ қабырғасының астында аурулық байқалды, дене қызуы 37,8-38,3С дейін көтерілді, жалпы әлсіздік, қалжырағандық, бастың қатты ауруы сияқты ауру нышандары байқалды. Біраз уақыт өткен соң, олардың бәрі қалаға жақын жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырды. Бірақ қойылған диагноз дәлелденбеді, тамақтан улану деген диагнозы қойылды. Ауруларға ем тағайындалып қанағаттанарлық жағдайлармен ауруханадан шығарылды.

Сұрақтар:

1.Уланудың қандай түрі және жиналған саңырауқұлақтарды аспаздың дайындауы дұрыс болды ма?

2.Саңырауқұлақтармен уланудың профилактикалық шараларын атаңыз.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№5

Ақпанның 3-і күні 21 сағат 20 минутта ауданның ауруханасына 6 жастағы Савкина мен оның 32 жастағы әкесі Савкин А. жедел жәрдеммен жеткізілді.

Қыздың ауруханаға түскендегі температурасы 36,5 тері мен көрінетін шырышты қабығы өңсіз, қимылсыз, сұрақтарға әрең жауап береді, хәлі ауыр, қарашықтары кеңейген, жарыққа әсері нашарлау. Жұтқан суы мұрнынан кетеді, қою тамақ жегісі келмейді, іші жұмсақ. Екі күн дәретке отырмаған

Савкин А. түрі өңсіз, тілі ақпен үлпектеліген, іші жұмсақ, сипағанда ауырсыну сезімі байқалмайды, тек дене қызуы 36,7С тамырдың соғуы минутына 105 рет. Ауру тым әлсіздікке, көзінің бұлдырауына, аузының құрғауына шағым айтады.

Савкиннің әйелі Антонина Ивановна Савкина 27 жаста, таңертеңнен жалпы әлсіздігіне,жүрегінің айнуына, көзінің көру қабілетінің бұзылғанына шағымданады, бірақ та бұл жағдайын өзінің жүктілігімен байланыстырған. Кешке жақын ауыратын күні оған дәрігерлік түсік жасалған. Әлсіздігі мен көзінің көрмеушілігі көбейе бастаған, тамағының жыбырлауы, аузының құрғауы байқалған. Аурудың жағдайы төмендеген соң оны жүйке жүйесі ауруларының бөлімшесіне ауыстырып,симптомдық ем тағайындайды.

Отбасының ересек мүшелерінен сұрағанда анықталғаны: дәрігерге көрінуге ауырғаннан кейін екінші күні барған. Соңғы екі күнде мынадай азықтар мен тағамдар желінген: диеттік жұмыртқадан дайындалған қуырған жұмыртқа, сүрленген шошқа шұжығы, пельмен, борщ, тұздалған қырыққабат, қарақұмықтан істелген ботқа, картоп, қияр және банкаға жабылған қызанақ. Қияр мен қызанақты үй иесі дүкеннен сатып алып тұздаған. 12-15 күннен соң тұздығы сумен араласқан сүттің түрі сияқты болып кетті. Қиярлар дәмді болды, бірақ жұмсарып, босап кетті.

Сұрақтар

1. Қандай тамақтан улану және қандай жағдай аурудың пайда болуына мүмкіндік жасады?

2. Аурудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.