Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4kurs_O_1178_TE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Билет№9

  1. Денсаулықтың 4 тобына – созылмалы аурулары ауыр ағымды субкомпенсация сатысындағы балалар жатады.

  2. Критерийлері төмендегідей:

  • Өсімтал ағзаның қозғалыс кезіндегі және функционалдық мүмкіндіктерінің биологиялық қажеттілігін ескере отырғандағы тиімді қозғалыс тәртібі;

  • Балалар мен жасөспірімдердің жасына, жынысына, денсаулық жағдайына және физикалық дайындылығына байланысты дене тәрбиесінің әдістері мен түрлерін сараланып қолданылуы;

  • Сабақтардың жүйелілігі, жүктеменің біртіндеп артуы және дене тәрбиесінің әртүрлі әдістері мен түрлерін кешенді түрде қолдану;

  • Дене тәрбиесі сабағы кезінде сыртқы орта жағдайларын толыққанды гигиеналық құру.

Билет№10

1. Денсаулықтың 5 тобына – созылмалы аурулары ауыр ағымды декомпенсация сатысындағы балалар жатады.

2. Бойды антропометрмен өлшеген кезде тексерілуші жарық жаққа карай «тік тұр» қалпында тұрады. Тексеруші тексерілушінің оң жағына тұрып, антропометрдің штангасын оң қолының 4 саусағымен, 1 саусағымен қозғалмалы муфтасын астыңғы жағынан қапсыра ұстайды. Антропометрді тек вертикалды тексерілушіден кішкене қашақтықта дененің ортаңғы сызығына сәйкестеп алдынан орнатады. Тексеруші сол қолымен тексерілушінің басын дұрыс қалыпқа туралайды, оң қолының 1 саусағымен горизонталды сызғышы бар муфтаны жоғарға нүктеге толық түйіскенге дейін жылжытады. Осы нүктенің антропометр сызғышымен түйісуін тексерілушінің сол қолының бақылауымен жүргізіледі; сол қол сызғыштың соңын алға және артқа қозғай отырып, жоғарғы нүктеге орнатылады және нақты бекілуді қамтамасыз етеді. Өлшем нәтижесін төменнен жоғары қарай жүретін, шкала бойынша муфтаның жоғарғы қырының ойығымен белгілейді.

Емтихан алушыға арналған ақпарат: Студенттің білімін антропометрлік көрсеткіштерін және антрометрлік көрсеткіштерді анықтау әдістерін айтып беруіне қарай бағалаңыз.

Қадамды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

1.

Студент антропометрлік көрсеткіштерін дұрыс айтып берді

5,0-4,0

3,9-2,9

2,8-1,8

Төмен

1,7

2.

Студент антрометрлік көрсеткіштерді анықтау әдістерін дұрыс айтып берді.

5,0-4,0

3,9-2,9

2,8-1,8

Төмен

1,7

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

6-кезең

Билет№1

1. Ах1,2 Р1,2 Ма2 Ме12 немесе 0

Ма - сүт бездерінің жетілуі

Ма2 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері біршама көтеріңкі.

Р – қасағаның түктенуі

Р1,2 – қасаға түктері бірең сараң немесе сирек өскен.

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах1,2 – қолтық түктері бірең сараң немесе сирек өскен.

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты: егер жоқ болса - Ме0, ал он екі жаста пайда болса - Ме12.

2. Бас шеңберін сантиметрлік лентамен өлшейді. Бас шеңберін алдыңғы қас үсті доғамен, артқы желке дөңіне лентаны қою арқылы өлшейміз. Лентаның нөл санын алдыңғы қас үсті доғаға қойып оны сол қолмен ұстаймыз, оң қолмен лентаны туралап алып алдымен оң шекеге, одан кейін желкеге, одан кейін сол шеке арқылы алдыңғы қас үсті доғаға қайта әкелеміз.