Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4kurs_O_1178_TE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Билет№4

1. Денсаулықтың II тобына – дені сау, функционалдық немесе морфологиялық ауытқулары бар, өткерген аурудан кейінгі функционалдық ауытқулары бар, жиі ауыратын балалар жатады. Денсаулықтың осы тобына әлсіз деңгейдегі миопиясы, мүсінінде бұзылыстары бар, табандары жазықталған, аномальды ақаулары бар балалар жатқызылады.

2. Тұрған кездегі ыңғайлы қалып келесі жағдайларда анықталады:

а) өкшелер арасындағы қашықтық 8-10см кезіндегі табандар 300 бұрышқа сыртқа қарай бұрылған;

б) қолдар шынайы денеге төмен түсірілген;

в) көзқарас шексіздікке қарауда, яғни бастың қалпы анықталады;

г) екі аяқ басына күш біркелкі түсірілген;

д) бұлшықеттер максималды босаңсыған.

Билет№5

1. 1 жасқа дейінгі балалардың жастық топтастырылуы әр ай сайын жүргізілетіндіктен, баланы 3 айлық топтастыруға жатқызамыз.

2. Аяқ киім аяқ басын қыспауы керек, қан және лимфа айналымын бұзбауы тиіс, аяқтың өзіндік дамуына бөгет болмауы қажет. Аяқ киім биіктігі оның түрі мен тегіне байланысты қалыптастырылады. Балалар аяқ киімі қозғалысты бөгемей, аяққа нық және қолайлы қонуы тиіс.

Билет№6

1. 3 жасқа дейінгі балалардың жастық топтастырылуы әр 3 ай сайын жүргізілетіндіктен, баланы 1 жас 9 айлық топтастыруға жатқызамыз.

2. Сызбасы келесідей болады:

а) Ойыншықтың атауы және оның қысқаша сипаттамасы;

б) Ойыншықтың өлшемі мен түрі (өткір ұшы, ұсақ және жеңіл бөлінетін қырлары бар ма?);

в) Ойыншықтың беріктілігі, салмағы және т.б.;

г) Ойыншықтың жасалынған өнімі, оның беріктілігі, ластануы;

д) Ойыншықтың бояуы – ойыншықтың боялған бояғыштар саны, барлық бояудың сіңіп қатуы.

Билет№7

1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жастық топтастырылуы әр жарты жылда жүргізілетіндіктен, баланы 5 жастық топтастыруға жатқызамыз.

2. Жиһазды бағалау:

- Жиһаздың оқу-тәрбие және еңбек үдерісінің сипатына сәйкестігі;

- Берілген жиһазды пайдалану кезіндегі дене қалпы;

- Жиһаздың негізгі өлшемдері және олардың жастық-бойлық көрсеткіштеріне сәйкестігі;

- Оқу бөлмелеріндегі жиһаздарды орналастыру;

- Жиһаздың санитарлық құрамы.

Билет№8

1. Денсаулықтың ІII тобына –компенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар (ревматизмнің активсіз фазасы, созылмалы тонзиллиттің жай түрі және т.б.), сонымен қатар еңбекке қабілеттілігін және өмір сүру жағдайларын өзгертпейтін дене кемістігі, жарақаттан кейінгі салдары бар балалар жатады.

2. Отырған кездегі бойды ағаш бой өлшегішпен анықтаған кезде тексерілуші бой өлшегіштің отырғышында тік, ұзына бойлы тақтайшаға бөкселері мен жауырын аралық аймақтары түйістіріп отырады. Басы тұрып өлшеген кездегідей қалыпта болады. Аяқтары тізе буыны деңгейінде тік бұрыш жасай бүгілген, қолдары санның үстіне жатқызылған. Жылжымалы планкасын басқа түсірген. Өлшемді отырған беткейден бастың жоғарғы нүктесіне дейін жүргізеді.

Отырған кездегі бойды антропометрмен анықтаған кезде тексерілуші сол қалыпта жазық қатты отырғышқа (орындыққа) отырады. Антропометрді оның арт жағынан отырғыш беткейіне орнатады. Тексеруші сол жағынан тұрады. Сызғышты жоғарғы нүктемен түйіскенге дейін жүргізеді.