Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ortasha_de_1187_gey_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
781.3 Кб
Скачать

Жүрек қан тамыр жүйесі

  1. Жүректің функциясы мен құрылысы қандай?

  2. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері қандай және олардың ерекшеліктері неге байланысты? Негізгі қасиеттері: қозғыштық, қозды өткізу, жиырлу, автоматизмдік қасиеті бар. Мысал, көлбақа жүрегін денесінен алып, физ ертіндге салып қойса, жүрек өзі табиғи ырғағымен көпке дейін жиырыла береді. Жылы қандыларда автоматизм болатынын Лангендерв дәлелдеді: иттің денесінен бөлініп алынған жүректің тәждік тамырына О2 мен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды. Жүрек автоматиясы пайда болғаны туралы миогендік және нейрогендік теория бар Миогендік: қозу жүректің атипті ет тіндерінде паида болады, яғни автоматизм ет тіндерінің қозуына байланысты Нейрогендік: ол жүрек етіндегі қозғыш нейрондардың әсерінен әркетке түседі.Жылы қандыларда миогендік теория дұрыс. Себебі, нейрондар 20-сағатта толық бұзылыды, ал миоциттер бұзылмайды.

  1. Жүректің өткізгіш жүйесінің функциясы мен құрылымы қандай?

миокардта ет талшықтарда 2 - түрі: жүрек еті негізін құрайтын жиырылуға бейімделген миозидтер, жүрек өткізгіш жүйесін құрайтын арнайы емес белсенді тік бейарнамалы миоциттер яғни өткізгіш жүйесі саркоплазмаға бай, миофибриндері аз, өте қозғыш, эмбр жасушаға ұқсас болып келеді.

Өткізгіш жүйесі 2 түрден тұрады.

1. Жоғарғы қуысты вена мен оң құлақша арасында - Кис - Флек түйіні.

2. Оң жүрекше мен қарынша арасында - Ашофф - Тавар түйіні.

осы екі түйінді бір - бірімен және СА түйіні сол жүрекшемен жабыстыратын жіпше бақилан талшықтары. АВ түйін төменінде, қарыншааралық пердеге жақындаған жерде ГИСС шоғыры орналасады. одан оң сол аяқшалар шығып эндокардт астымен төмен түсіп, жүрек ұшындағы қалың етке айналады. Одан иіліп жоғары қарай емізікше еттерге бұтақ тәрізді жайылып жеке Пуркинье талшықтарына айналады. Сонымен жүрек СА түиіннен байланысы, Пуркинье талшықтарымен бітеді.

Өткізгіш жүйесінде СА-ға автоматизм тән өйткені мұнда қозу саны көп сондықтан ешқандай тітіркеніс әрекеттерде мембр. потенциал (МП) - ӘП -ға айналады. Қозу саны әркімде әртүрлі М піпі - 25 рет адам жүрегі 70-72, қоян -150, торғай жүрегі - 600 рет соғады. Бұл зат алмасу деңгейін білдіреді.

  1. ЭКГ элементтерін атаңыз және оларға толық сипаттама беріңіз.

  2. Электрокардиография, ЭКГ тармақтары деген не?

Жүрек еті қозған кезде көптеген ет талшықтары теріс зарядқа көшеді де, қозбай қалған ет талшықтары бұрынғысынша оң зарядын сақтап қалады сөйтіп қозған және қозбаған миоциттер арасында электр айырмашылығы пайда болып,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

  1. Жүректің насостық функциясы немен сипатталады, оның жиырылғыштық көрсеткіштері қандай?

Жүрек адам бойындағы сорғылық яғни насостық қызмет атқаратын бүрден бір мүше. Жүректің насостық қызметіне оның құрылысы сай келеді. Ол тұтас арқылы екі- сол және оң бөлікке бөлінген. Сонымен адамның жүрегі барлық сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камерадан, екі құлақша және екі карыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа,бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылғанда қан қарыншаларға өтеді және қарынша бүкіл тамырларды бойлап қан айдайды. Тікелей сол жақ қарыншадан шыққан қолқа арқылы қан бүкіл ағзаларды оттегі және қоректік заттарды тасымалдайды. Жүректің насостық қызметінің реттелуі организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің қызметінің баяулауына не артуына байланысты организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері өзгеріп отырады. Жүректің насостық қызметі автаномиялы нерв жүйесіне қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің баяулатып әлсіретсе , симпатикалық нервтер жүрек қызметін күшейтіп жеделдетеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларына өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде , бұлшықеттерден сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатиклық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады.

Жүректің жиырылғыштық көрсеткіштері. Жүректің жиырылғыштық жұмысының көрсеткіштері жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалқ немесе соққы көлемі дегеніміз- әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қан көлемі. Систолалық көлем , жүректің өлшемңне миокард күйіне және ағзаға байланысты. Әр систолалық көлемі шамамен 70-80 мл-ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120-160 мл көлемі келіп түседі. Жүректің минуттық көлемі дегеніміз жүректің өкпе өзегі және аортаға « минутта ығыстырып шығаратын қан көлемі. Жүректің орташа минуттық көлемі 3-5 л құрайды.

  1. Коронарлық қан айналыстың ерекшеліктері қандай?

Жүрек етіне қан әкелетін тәждік артерия қолқаның сол қарыншасынан басталады. Бұл артерияларға қан негізінде диастола кезінде өтеді. Систола уақытында жүрек еті жиырылып, тәждік тамыр қысылғандықтан қан ағысы өте төмендейді. Олай болғанымен де жүректің минуттық көлемінің 4-6 проценті (200-250 мл) жүрек тамырларына түседі. Ал дене қимылы үдесе бұл тамырдан минутына өтетін қан мөлшері 3-4 литрге жетуі мүмкін. Жүрек веналарындағы қанның көбі (75-90 процент) оң жүрекшедегі тәждік синусқа, қалғаны көптеген ұсақ Тебези тамырлары арқылы қарыншаларға құйылады.

Жүрек еті басқа ағзаларға қарағанда қаннан белгілі уақыт арасында оттегін көп сіңіреді. Жүрек тамыры тарылып оттегі аз өндірілетін болса, қатты ауру сезімі пайда болады. Сау адамда оттегі жеткіліксіз болса, тәждік артериялар кеңейіп, қайтсе де миокардты оттегімен қамтамасыз етеді. Бірақ тәждік артерияларда атеросклероздық өзгерістер болса олар онша кеңейе алмайды. Сондықтан жүрек тұсында туатын ауру сезімі көбіне қарияларда кездеседі

  1. Жүрек жұмысына гуморальдық әсерлер неге негізделеді?

Гормондар, иондар, медиаторлар және т.б. химиялық заттар қаннан миоциттерге өтіп, жүректің қызметіне тікелей әсер етеді. Химиялық заттарды денеден бөліп алынған жүректің қоректік ерітіндісіне қосып, кардиограмма жасау арқылы олардың әсерін анықтауға болады. Кальций мен адреналин әсері симпатикалық жүйе әсеріне ұқсайды: жүрек соғуын жиілетіп (хронотропты әсер), күшін (инотропты әсер), тонусын өсіреді (тонотропты әсер), қозу мен қоу өткізу қасиеттерін де көтереді (батмо, -дромотропты әсер).

Хлорлы калий, гистамин, ацетилхолин кезеген жүйке сияқты жүректің барлық қасиеттерін төмендетеді: жүрек әлсіреп, соғуы сирейді, қозу қабілеті төмендеп, қозу өткізу қарқыны баяудайды, кейде бұл заттардың әсерінен диастола кезінде тоқтап қалады. Әсері кезеген жүйке әсеріне ұқсас заттар ваготропты, ал симпатикалық жүйке әсері сияқты химиялық заттар симпатотропты заттар деп аталады.

Гуморальдық заттар жүрекке орталықтағы кезеген жүйке тонусын өзгертуі арқылы әсер етуі мүмкін.Бұл әсер олардың жүрекке тікелей тигізетін әсеріне қарама-қарсы болады. KCl, ацетилхолин кезеген жүйке нейрондары тонустарын өзгертіп, симпатикалық жүйке тонусын күшейтеді, сөйтіп, жүрек қызметін жақсартады, ал адреналин, хлорлы кальций кезеген жүйке орталығын қоздырып, жүректің қызметін бәсеңдетеді, әрі әлсіретеді.

Организмде сан қилы әрекеттердің жүйкелік және гуморальдық реттелуі бір-бірімен тығыз байланысты үдерістер. Мұнда жүйке жүйесінің қатысуымен реттелу жетекші рөл атқарады, ал қан арқылы реттелу оның әсерін тінге өткізетін тәуелді үрдіс. Оны мынадан байқауға болады.

1. Гуморальдық әсері күшті заттардың деңгейі жүйке әсеріне тәуелді. Мәселен, қандағы адреналин деңгейі жүйке жүйесінің бүйрекүсті безге тигізетін әсеріне байланысты; 2.Белгілі бір жүйке нақты тінге ықпал ету үшін алдымен өзінің ұшынан химиялық зат бөліп шығарады да сол арқылы әсер етеді. Жүйкенің тінге химиялық заттар арқылы әсер ететінін тұңғыш 1892 ж. Қазан университетінің профессоры А.Ф.Самойлов болжаған.

  1. Гемодинамикаға анықтама беріңіз. Қан тамырларының функционалдық бөлімдеріне сипатталады?

Гемодинамик- қан тамырлары жүйеміндегі гидростатикалық қысым айырымы нәтижесінде тамырдағы қанның жылжуы . Мысалы адамда жүрек бір жиырығанда 60-70 мл қан айдап шығарады. Бұл тыныштық күйінде 4,5-5 л/мин ға тең. Жүректің 1 минутта айдайтын қан мөлшері жүрек- тамыр жүйесі қызметінің ең басты көрсеткіші болып табылады. Қара жұмыс кезінде ол

20-25 л/мин жетеді. Қан тамыр жүйесі тұйық және тамырлардың ұзындығы диаметрі әртүрлы болғандықтан едәуір кедергі тұдыды. Ол кедергі шамасы Пуазеиль заңы бойынша анықталады. Қан тамырларының барлық бөлігінде бір мезгілде өтетін қан мөлшері бірдей болады. Қанның тамыр бойымен қозғалу жылдамдығы тамыр бөлігінің осы арадағы барлық қуыс көлеміне кері пропорционал келеді . Қанның адам қолқасында ораша жылд. 50см/сек, капилярда 0,5 см/сек,ал қуыс венасында 20 см/сек. Жүректің соғуына байланысты қолқа мен ірі артериялардан қан үздік-үздік өтеді. Артерия қаьырғасының созымталдығы арқасында, артық қан іріліп қалады да , капилярға үздіксіз ағып келіп отырады. Қан тамырдың функционалдық бөлімдеріне: қанды жүректен адып шығып организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар-артериялар

Қанды организмден жүрекке алып келетін- веналар , оларды өзара байланстырып организмдегі жасушалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процесін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырлары қызыл тамырша- артериола, қылтамыр-капиляр, және көк тамырша -венула жатады. Артерия жүйесіне - өкпе артерясы,қолқа,және артериолаға дейінгі артерия тармақтары жатады.

Вена қантамырлары- мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ веналардың өзара қосылуынан,ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғарғы және төменгі қуыс венасына құяды

Венула- көктамырша, гемокапилярлардың бір-бірімен өзара бірігулерімен түзілетін, орташа арнасы 30-50 мкм тең жіңішке қан тамыры.

Капиллярлар – олар дененің барлық мүшелерін торлайды. Онда қан өте баяу қозғалады. Қандағы қорек заттар қылтамырлардың қабырғасымен ұлпаларға өтеді. Қорыта келгенде , адам ағзасында қан- артериялар, веналар, капиллярлар бойымен ағады .

  1. Артериялық пульстің шығу табиғатына, зерттеулеріне және қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

Жүректің ырғақты соғуына байланысты қолқадағы қан қысымның жоғарылап-төмендеуі артерия тамырларын лүпілдетіп тұрады.Мұны артерия пульсі деп атаймыз. Систола кезінде жүректен шыққан қан қолқаны кеңітеді,ал диастола кезінде қолқадағы серпімді талшықтардың серпінісі ішіндегі қанды қысып қолқа түтігін бұрынғы қалпына келтіреді де, қанды сығып қолқадан әрі артерияға ығыстырып жылжытады.Жүректен шыққан қанның ықпалынан пайда болған осы қолқа қабырғасының толқыны пульстік толқын деп аталады. Ол артерия тамырларының бойымен лезде шетке тарап

Кетеді. Пульстік толқын секундына 9-12метр жылдамдықпен тарайды,ал қолқадағы қан ағысының сызықтық шапшаңдағы секундына 30-50см ,пульстік толқын шеттегі тамырларға қолқаны қаны кеңейткен қан бөлігінен бұрып келіп жетеді .Артерия тамырын саусақпен ұстап басқан кезде осы пульстік толқын сезіледі.Пульс көбінесе қатты тіннің (сүйектің) үстінде теріге жақынырақ орналасқан артерияларда байқалады.Мысалы ,адамда самай,білезік, білек,ұйқы артерияларын бас бармақтан басқа төрт саусақпен басып анықтайды.Пульсті белгілі аспаппен сфигмографпен жазып алуға болады. Тамырдың соғуын көрсететін қисық сызық-сфигмограмма анакроттық көтерілу және катакроттық төмендеу сызықтарынан тұрады.Катакроттық төмендеу кезінде ойыс (инцизура)кездеседі.Одан кейін дикроттық тіс пайда болады(қайта көтеріледі).Анакрота қан қысымының систолалық көтерілуіне ,ал катакрота оның диастолалық төмендеуіне сәйкес келеді.Ал дикроттық тіс диастола мезгілінде қолқаның айшық қақпақшаларының алдымен қарыншаға қарай созылып ауытқуынан,кейін бұрынғы қалпына келіп ,бастапқы орнына түсуіне байланысты қанның біресе қарыншаға ауытқып ,содан соң қайтадан қолқаға өтуінен пайда болатын қосымша толқын .

Артериялық пульс жүректің атқаратын қызмет көрсеткішінің бірі.Пульстің көптеген қасиеттері арқылы қанайналымын да сипаттауға болады .

  1. Қан тамырлар тонусының миогендік және гуморальдық ретелулері деген не?

Қан тамырлар тонусының миогендік реттелуі қан тамырлар қабырғаларында ғы тегіс бұлшықет клеткаларының спонтанды активтілігіне байланысты болып келеді

Ағзадағы физиологиялық демалыс жағдайында қан плазмасында ангиотензин концентрациясы тікелей қабілетті деңгейге жетеді. Тамыр тонусының әсері оның секрециясын ынталандыру үшін жеткілікті болып табылады.Натрий мен судың органына кідіріссіз септігін тигізетін- альдостерон, және су-тұз балансының айтарлықтай жиырылғыш қызметін әсер етуі мүмкін қан тамырлары- тегіс бұлшықеттер. вазопрессин , бұл пептидтер тобына жатады, перифериялық және орталық ретінде де әрекеті бар.

Бүкіл организмнің жылы тамырлардың тонусын реттейтін жергілікті химиялық факторлар өзара іс-қимыл нақты органның мүдделерін миогенді нәтижесі өзара іс-қимыл орталық жүйкелік және гуморальдік модельдеуі әсер етеді.

Гуморальдық реттелу-биологиялық активті заттар және метаболизмнің өнімдері арқылы орындалады

Олардың прессорлық әсері және депрессорлық әсері бар.

Бұл реттелу осы заттар арқылы жүзеге асырылады-

Адреналин

Норадреналин в

Вазопрессин

Серотонин

Ренин , ангиотензиноген, ангиотензин I, ангиотензин II.

метаболизм өнімдері, хининдер

Ацетилхолин

Гистамин

  1. Қан мен тіндер арасындағы алмасу процестерін сипаттаңыз.

Бұл тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиыны. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады…

  1. Қан тамырлардағы қанның ағысына гравитацияның әсері қандай?

  2. Қанның деполануы (қорға жиналуы) деген не?

  3. Микроциркуляторлық арна деген не және ондағы қанның жылжуы қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]