Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет гылыми зерт тажирибе магистр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.62 Кб
Скачать

Су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтаудың деңгейiн арттыру

Халық тiршiлiк ететiн негiзгi жерлерде қоршаған ортаның жай-күйi қанағаттанғысыз болып отыр жəне сапалы ауыз судың жетiспеушiлiгi мен ауаның ластануы халықтың денсаулығына терiс əсер ететiн негiзгi факторлар болып табылады. Өнеркəсiптiк жəне тұрмыстық қалдықтардың, ластанған сарқынды сулардың прогрессивтi жинақталуы бұл факторларды едəуiр күшейтедi.

Елде Кеңес Одағы кезеңiнде ескi технологиялармен салынған қуатты өндiрiстердiң болуы ластанған заттардың қоршаған ортаға тасталу эмиссиясының азаймайтынын болжауға негiз қалайды.

Табиғат қорғау заңдарының негiзi қаланды, қоршаған ортаны қорғау мəселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды.

Əскери полигондар жабылды, ядролық қаруды сынау тоқтатылды, үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың қызметi жанданды.

Ластайтын барлық көздердің мемлекетт iк кадастры жəне олардың орналасу карталары жасалды.

Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем жасау жүйесi дамуда. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн жасалған төлемдерден түскен қаражаттың шоғырландырылған көлемі роялтиден алынған түсiмдермен шамалас едəуiр соманы құрайды.

Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы табиғи байлықтарды игерудi, өндiрiстiк күштердiң дамуын жəне тұтастай алғанда экономикалық өсудi тежейтiн елеулi фактор болып табылады. Осындай проблемалардың аймақтағы басқа мемлекеттерде де орын алуы жағдайды ушықтыра түседi.

Қазақстан Еуроазия құрылығындағы суға неғұрлым тапшы елдердiң бiрi болып табылады. Жердiң үстiңгi қабатындағы су ресурстарының барлық көлемiнiң жартысына жуығы республикадан тысқары жерлерде қалыптасады, үштен бiрi Қазақстан арқылы көршi мемлекеттердiң аумағына өтедi. Халықаралық өзендерге трансшекаралық əсер етудiң өсе түсуiне орай Қазақстанда жердiң үстiңгi қабатындағы табиғи су ресурстарының қысқару үрдiсi байқалады.

Перспективада республиканың жəне шектес мемлекеттердiң трансшекаралық өзендер бассейнiнде, əсiресе су ресурстарын қалыптастыру жəне басым пайдалану аймағында шаруашылық қызметiнiң ұлғаюына орай су жетiспеу проблемасы күшейетiн болады.

Осы ресурстың Орталық Азия аймағында тапшылығын ескере отырып, трансшекаралық су ағынының сапасы мəселесiн де шешу қажет.

Бiрiншi кезекте, өнеркəсiп пен ауыл шаруашылық қызметiнiң интенсивтiлiгiне байланысты су көлемi мөлшерiнiң қысқаруы жəне трансшекаралық су ағынының концентратпен ластануының көбеюi республиканың оңтүстiгiндегi аграрлық секторға əсер етедi.

Аралдың жəне Сырдария мен Амудария бассейндерiндегi өзендердiң экологиялық проблемалары, ірі халықаралық гидротораптарды бiрлесiп пайдалану, суландыру жүйелерiн технологиялық жарақтандыру мəселелерi өткiр қойылып отыр.

Гидроресурстарды тұрақты түрде ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің мемлекетаралық деңгейде нақты тұжырымдалған тетiгi əлi де жоқ .

Республиканың оңтүстiгi мен шығыс бөлiгiн нəрлендiретiн өзендер, негiзiнен елден тыс жерлерден бастау алады, соның iшiнде Сырдария мен Ертiс тəрiздi iрi өзендер бiрнеше мемлекеттердiң аумағы арқылы өтедi жəне олар үшiн өмiрлiк маңызы бар экономикалық күретамыр болып табылады. Өзендер бассейндерiмен байланысты аймақтың өндiрiстiк жəне салалық мамандануына қарай, мемлекеттер үшiн олар маңызды стратегиялық мəнге ие болады.

Елдегi барлық су объектiлерi сапасының жай-күйi iс жүзiнде қанағаттанғысыз күйде қалып отыр. Негiзгi ластану су объектiлерiне өнеркəсiптiң жəне түстi металлургияның мұнай-химия, машина жасау салалары кəсiпорындарының қалдық суларынан келіп түседi.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасының өткiрлiгi төмендемей отыр. Елдi мекендердің көпшiлiгiндегi ауыз судың сапасы ұлттық жəне халықаралық стандарттардың талаптарына жауап бермейдi.

Елдiң қалалары мен өнеркəсiп орталықтарында атмосфералық ауа ластануының айтарлықтай жоғары деңгейi сақталып отыр. Автокөлiк санының көбеюi, сапасыз бензин пайдалану жағдайдың нашарлай түсуiне алып келуде.

Бос жатқан құмдауыт жерлер алаңының көп болуы, жайылымды жүйесiз пайдалану топырақтың жел мен су эрозиясына ұшырауына алып келдi.

Топырақтың жəне өсiмдiктiң азып-тозуына алып келетiн шөлейттену процесiнiң ұлғаю үрдiсi байқалады.

Ауыл шаруашылығын экстенсивтi жүргiзудiң нəтижесiнде дала мен орманды даланың табиғи ландшафты жойылуда. Тыңайтқыштардың қолданылып жүрген жүйесi қоректендiрудiң негiзгi элементтерiмен теңдестiрiлмеген. Суармалы егiн шаруашылығында суарудың артта қалған, суды шығынға ұшырататын технологиясы басым.

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, соның iшiнде қауiптi жəне радиоактивтi қалдықтарды басқару жүйесi iс жүзiнде жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау, кəдеге жарату жəне қайта өңдеу жүйесiнiң жетiлдiрiлмеуi қоршаған ортаның ластануына алып келедi.

Мұнай өндiру аудандарында қоршаған ортаның ластануы елеулi экологиялық проблемаға айналуда. Пайдалы шикiзатты жабық тəсiлмен өндiру кезiнде жыныс қабатын толық өңдеу жөнiндегi нормативтер бұзылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесiнiң елдің жалпы аумағымен салыстырғанда мардымсыз болуы, мұның өзi елдiң айрықша бағалы ландшафты мен табиғи қорықтық қор объектiлерiн сақтау мен қалпына келтiруге мүлдем жеткiлiксiз.

Су ресурстарын мемлекетаралық бөлуге ықпал ету тетiктерiнiң болмауы республиканың мүддесiне қысым жасайды.

Су шаруашылығын басқарудың қазiргi жүйесi оны реформалаудың мiндеттерiне жауап бермейдi.

Табиғат қорғау заңдарының əзiрленген стандарттары iс жүзiнде сақталмайды.

Қоршаған ортаның ластануын қадағалау пункттерiнiң жүйесi жеткiлiксiз.

Орман алып жатқан алқаптардың азаюы өрт, ағаш шабу нəтижесiнде, сондай-ақ орманды қалпына келтiру мен қорғаныс ағаштарын егу көлемiнiң азаюынан болып отыр.

Табиғи ресурстар əзiрлеуден алынған қаражатты қоршаған ортаны қорғауға бөлу. Өнеркəсiбi дамыған елдердiң пайдалы қазбаларды өндiру бойынша Қазақстанмен ынтымақтасуға мүдделiлiгiне байланысты экологиялық мiндеттердi шешу үшiн қаржы қаражаты мен технологияны тартуға мүмкiндiк бар.

Дамыған елдердiң дамушы елдерге көмек көрсету жөнiнде өздерiне мiндеттеме қабылдауы. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге арналған қаражат алуға мүмкiндiгi бар.

Əлемдiк қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жинақтаған тəжiрибесi мен күш жiгерiн пайдалану.

Қазақстан экономикасының дамуына орай су тапшылығы проблемасын, əсiресе трансшекаралық өзендер бассейнiнде шиеленiстiретiн, су тұтынудың əлеуеттi ұлғаюы. Гидроресурстарды бөлу мəселелерi бойынша позицияның сай келмеуi жəне осы проблеманы шешу тетiгiнiң болмауы судың Орталық Азия мемлекеттерiнiң экономикалық өсуiн жүзеге асыратын құралдан, керiсiнше, аймақтағы мемлекетаралық келiспеушiлiктердің өзектi проблемасына айналуына алып келедi.

Шекаралық мəселелер реттелмей отырған жағдайда су бөлу проблемасының жанжалды əлеуетiнiң көтерiңкi болуы.

Қоршаған ортаға пайдалы қазбалар өндiрумен iлесе жүретiн əсер етулер. Табиғат қорғау қызметiндегi негiзгi қиындық табиғатқа келтiрiлетiн шығын мен осы шығын үшiн өтемнiң мөлшерi арасындағы қатынасты белгiлеу болып табылады.

Техникалық көмек беру арқылы жүзеге асырылатын дамыған елдермен ынтымақтастық кезiнде қосымша мiндеттемелер таңу əрекетi байқалады, оларды орындау Қазақстан үшiн ауыртпалық болып табылады жəне ол iс жүзiнде экономикалық өсуге ықпал етпейдi.

Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердi əдеттегi салыққа теңестiру оның бастапқы мəнiн бұрмалайды жəне ластаушылар тарапынан терiс əрекетке алып келуi мүмкiн.

Қазақстанда қоғамдағы жəне экономикадағы өзгерiстермен қатар табиғат пайдалану мəселелерiн реттеуге қатысты трансформациялау процесi жүрiп жатыр. Сондықтан табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу процесiнiң қоғамның қажеттерi мен күткендерiне барабар болуы қажет.

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық-экономикалық жағдай табиғат қорғау саясатын басқарудың айрықша ерекшелiктi технологиясын талап етедi. Таяудағы он жылда қоршаған ортаны жəне табиғи ресурстарды қорғау саласында мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:

су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтаудың деңгейiн арттыру;

қолданыстағы заңдарды жетiлдiру жəне халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

табиғат пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру;

қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру;

экологиялық оқу-ағартуды қамтамасыз ету.

Трансшекаралық суды ұтымды пайдаланудың тетiктерiн оларды шешудің айқын шаралары мен санкцияларын көздейтiн, iске асырудың қатаң тетiктерiн белгiлей отырып, көп жақты негiзде əзiрлеу.

Көршi мемлекеттердiң Қазақстанда бар ресурстарға жəне елдiң транзитт iк əлеуетiне өткiр қажеттiлiгiн ескере отырып, трансшекаралық суды пайдалану проблемаларын кешендi түрде пəтуамен шешудiң жолдарын iздеу қажет.

Су шаруашылығы органдары мемлекетаралық салада ағын суды бөлу кезiнде елдiң мүддесiн қорғауды жəне трансшекаралық өзендер суын тиiмдi басқару жөнiнде ынтымақтастықты күшейтудi ұстануы керек.

Су ресурстарының барлық түрлерiн, ең алдымен, ластанудан неғұрлым қорғалған жер асты су көздерiн пайдалануды интенсивтендiрудiң есебiнен ауыз сумен жабдықтауды жақсарту жөнiнде шаралар əзiрлеу.

Таяу перспективада ауыз су сапасына мемлекеттiк мониторингт iң бiрыңғай жүйесiн құру. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекетт iң инвестициялық саясатын жоспарлауды жүзеге асыру.

Су тапшылығы өткiр өзендер бассейнiнде суды сақтау, суды көп қажет ететiн өндiрiстiң даму қарқыны мен көлемiн шектеу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, егiс алқаптарының құрылымын қайта қарау.

Өзендердiң ағысын реттеу жəне аймақаралық бөлу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу.

Жер асты суларын пайдалануды ұлғайту жөнiнде iс-шаралар жүргізу.

Су ресурстарының өткiр тапшылығы мен стратегиялық мəндiлiгi жағдайында саланы экономикалық əдiстермен басқаруға көшудi мемлекет иелiгiнен алу бағдарламаларына сəйкес жүзеге асыру.

Халықаралық жəне аймақтық құжаттардың тəртiбiн сақтаудан жалтармау негiзiнде қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық жəне аймақтық жүйесiн қалыптастыруға қатысу.

Халықаралық келiсiмдердiң мiндеттемелерiн зерделеуде оларға қол қоюдың мақсатқа сай келетiн-келмейтiндiгiн айқындау кезiнде iс-қимылдың ақылға қонымдылығы мен ой-елегiнен өткiзiлуiн қамтамасыз ететiн сапалы жаңа қағидаттарды талдап жəне алынған қаражатқа мемлекет тарапынан бақылау белгiлеу.

Халықаралық ынтымақтастық процесi мен сыртқы жəне аралас қаржыландыру жобаларын жалпы жəне тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету проблемасын шешу.

Трансшекаралық экология проблемаларын шешу үшiн аймақтық экологиялық саясатты талдап жасау саласында Орталық Азия мемлекеттерiмен ынтымақтастықтың тұрақты тетiгiн жасау.

Қабылданған халықаралық конвенцияларға сəйкес табиғи-ресурстық жəне өзге заңдардың жетiлдiрiлуiн қамтамасыз ету.

Əлемдiк тəжiрибе негiзiнде экологиялық сақтандыруды жəне бюджеттен тыс экологиялық қорларды енгiзудiң жүйесiн əзiрлеу.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн əзiрлеу.

Елдiң аумағын экологиялық аудандастыруды жүзеге асыру. Табиғи ресурстарды алудың экологиялық тұрғыдан жол берiлетiн шегiн айқындау жəне қоршаған ортаның ластануын шектеу. Əртүрлi аумақтарды бағалау мен салыстырудың өлшемдерiн əзiрлеу.

Табиғи ресурстардың автоматтандырылған деректер базасын жəне мемлекеттiк кадастр жүргiзу жүйесiн жасау.

Жер қойнауын пайдаланушылардан жəне роялтиден түскен салық түсiмдерi қаражатын бағыттай отырып, жер қойнауын геологиялық зерделеудi бюджеттен қаржыландыруды көбейту.

Пайдалы қазбалардың кен орындарын болжаудың, iздестiру мен барлаудың тиiмдi əдiстерi мен технологияларын енгiзу. Бəсекеге төзiмдi жаңа кен орындарын ашудың ғылыми негiздерiн жасау.

Каспий аймағының биологиялық саналуандылығын сақтау мақсатында су мен биологиялық ресурстардың жай-күйiн зерделеу жəне қоршаған ортаның ластану көздерi мен биологиялық саналуандылықтың азаю себептерiн анықтау, қорықтық аймақтарда экологиялық аймақтандыру жүргiзу.

Теңiздiң жағалау бөлiгiнде жəне теңiзде су мен биологиялық ресурстардың сапасына мониторинг пен талдауды тұрақты негiзде жүзеге асыру.

Деректерді өңдеу мен гидрометеорологиялық болжауды берудiң тиiмдi жүйесiн құра отырып республиканың шаруашылық кешенiн гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастырудың, экологиялық туризм маршруттарын дамытудың бағдарламасын əзiрлеу.

Инновацияны енгiзу жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне қатаң нормалар мен стандарттар белгiлеу.

Агрожүйенiң қанағаттанарлық мелиоративтiк жай-күйi жағдайында топырақтың сандық жəне сапалық органикалық заттарын көбейте отырып, жер құнарлылығын тұрақты түрде ұдайы арттыра отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң органикалық немесе экологиялық егiн шаруашылығына негiзделген тұрақты жүйесiне көшу қажет.

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мониторингi н жүзеге асыру, зиянды қалдықтарды көмудiң қоршаған ортаға əсерiн бағалау.

Ресурс-энергия үнемдеушi технологияны белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды өңдеу мен пайдалану жөнiндегi қызметтi ынталандыру.

Экологиялық оқу-ағартуды қамтамасыз ету

Қоғамда экология жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында насихат пен оқу-ағарту жұмыстарын жүргiзуге зор назар аудару.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық-насихат жұмыстарын кеңейту.

Экологиялық бiлiм беру жүйесiн құру. Оқу құралдарын əзiрлеу жəне шығару. Эколог-мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру.

Экологиялық бiлiм берудiң жəне тəрбиелеудiң нормативтiк құқықтық базасын жасау.

Үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара iс-қимылын күшейту.

Қоғамдық экологиялық қозғалыстардың, ассоциациялардың, топтардың дамуына жағдай жасау.