- •Жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімі
- •Ғылыми-зерттеу тәжірибесі жөніндегі
- •Тараз 2008 ж. Мінездеме
- •Магистрлік ғылыми-зерттеу іс-тәжірибесін өту кезіндегі есебім
- •Жұмыстарымның орындалған нәтижелері бойынша есебім
- •Су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтаудың деңгейiн арттыру
- •Ғылыми-зерттеу тәжірибем бойынша қорытынды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімі
«Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасы
Ғылыми-зерттеу тәжірибесі жөніндегі
Е С Е Б І
Курс: 2
Оқыту нысаны: күндізгі
Магистрант: Омар А.
Тараз 2008 ж. Мінездеме
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Заң факультетінің юриспруденция мамандығының 2 курс магистранты Омар А.
Омар А. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 04.02.08 жылдан 19.04.08 жыл аралығында өзінің ғылыми-зерттеу тәжірибесін өткізді.
Омар А. ғылыми-зерттеу тәжірибеден өту барысында өзін заң және ғылыми-әдістемелік, жаңа технологиялық ақпараттарды жақсы меңгергендігін көрсете білді. Кафедраның тапсырған барлық тапсырмаларына байыпты қарап, өзін ұқыпты, салмақты, адамгершілігі мол маман ретінде көрсете білді. Талап еткіш, ұйымдастырушылық қабілеті мол. Ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту барысында диссертациялық жұмысының тақырыбына байланысты көптеген мәліметтерді кітапханалардан, мерзімдік басылымдардан және интернет жүйесі арқылы тауып отырды.
Омар А. өзін жоғары мәдениетті маман ретінде, ізденгіш, еңбекқор тұлға ретінде, өзіне жүктелген жүмыстарды жауапкершілікпен, уақытылы орындаумен көзге түсіп, өзін жағымды жағынан көрсете білді.
Зерттеу тәжірибесінің жетекшісі О.К. Джолдасова
Кіріспе
Мен ғылыми-зерттеу тәжірибесі жөніндегі есебімде диссертациялық жұмысымның тақырыбына байланысты қажетті мәліметтерді, мағлұматтарды қаншалыкты көлемде және қандай арналардан тапқандығым жайлы, жалпы сақтандыру қызметіне байланысты табылған материалдарды жинақтап, диссертациялық жұмысымның бір бөлігін қарастырдым.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу тәжірибесі жөніндегі есебімде қандай әдебиеттерді пайдаланғандығымды да атап өттім. Жалпы тәжірибе кезінде қандай жұмыстармен айналысқандығымды толықтай жазып өттім.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің мақсаты - жинақталған ғылыми тұрғыда қарастырылған, кеңейтілген мәліметтер бойынша магистерлік диссертация дайындау және оны рәсімдеу.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің мақсаты - көсіби білімді кеңейту және бекіту, жүйелеу, магистранттардың өзіндік ғылыми жұмысты жүргізуін қалыптастыру, зерттеу және эксперимент жасау. Тәжірибеге басшылық жасау магистранттың ғылыми жетекшісіне жүктеледі. Ғылыми зерттеу тәірибесін өту уақытында магистрант әдеби оқулықтарда қарастырылған мәселе бойынша талдау қажет, зерттеу әдістері мен эксперименттік жұмыстарды жүргізу, зерттеу қондырғыларын пайдалану ержелері, талдау әдісері мен эксперименттілік заттарды жетілдіу, физикалық және математикалық басқару процестерінің модельдерін, ғылыми зерттеудегі ақпараттық технологияны, ғылыми жәе практикалық мәнділігін зерттеу, сонымен қатар оның экономикалық маңыздылығын зерттеу жатады. Ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту кезінде магистрант толығымен зерттеу жұмысының маңыздылығын, беретін ақпаратын, күтілетін нәтижесін толық анықтап беру қажет.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесі магистранттардың ғылыммен
айналысуына, диссертациялық жұмысын жазуына өз септігін тигізері сөзсіз.
