- •2)1 Кг массадағы газды адиабатты сығудағы меншікті жұмыс
- •3)Гаа компрессор станцияларына кс-ға қосу әдістері
- •4)Жану камерасы,түрлері және жұмысы
- •5)Осьтік компрессордың сипаттамасы
- •7 )Компрессор сатысының реактивті дәрежесі, деген не?
- •9)Компрессор станциялары арқылы өтетін газ өнімін реттеу
- •10) Газтурбиналарының активті және реактивті сатылары
- •11)Бір білікті және екі білікті гтқ-ның сипаттамаларын ортадан тепкіш газайдағыштың сипаттамаларымен бірге үйлестіру
- •13)Гтқ-ның принципиалды схемалары және аралық салқындатқыш газтурбинасының жұмысы.
- •14)Жұмыстық дененің параметрлері өзгергендегі турбина арқылы өтетін газдың шығынын анықтау
- •15)Ауаны сатылы сығымдағыш және аралық салқындатқыш газтурбинасының жұмысы
- •16)Магистралдық газөткізгіш құбырларының режимдері және жұмыс көрсеткіштері
- •17)Турбина және компрессор сатыларындағы меншікті жұмысы
- •19. Газтурбинасының жұмысы,құрылысы,диффузордың қызметі.
- •5.1.Турбина қалақшаларының түрлері және пішіні
- •21. Екі білікті гтқ-ның принципиалдық схемасы
- •23. Компрессордың универсалды сипаттамасы
- •24. Жылу қайта қалпына келмейтін көлемі тұрақты гтқ-ның жұмысы.
- •26. Келтірілген газ шығыны Qн.Пр қалай анықталады?
- •27. Гтқ компрессорының және турбинасының ішкі салыстырмалы пәк-і.
- •31. Газтурбиналы қондырғыларды іске қосу және тоқтату.
- •32. Ұлғаю кезіндегі жылуды аралық алып келу схемадағы гтқ-ның жұмысы
- •34. Осьтік компрессордың қуаттылығы Nквт айналу жылдамдығы және пайдалы әсер коэфиценттерінің шамасы қандай?
- •69)Газ айдағыш агрегаттардың техникалық күйінің өзгеруіне қандай фаторлар әсер етеді?
- •70) Газ айдағыш агрегаттардың техникалық күйін анықтау
- •72) Отга тың пайдаланудың политроптық п.Ә.К ті қандай формуламен анықтайды?
- •75) Гтқ регенераторының есебі
- •71)Отга ның техниклық күйінің коэфиценті дегеніміз не?
5)Осьтік компрессордың сипаттамасы
21-сурет. Осьтік компрессор барабанды және дискалы роторларының конструктивтік схемалары.
а - барабанды штифті, б - барабанды бұрандалы, в - барабанды-дискалы пісірілген, г-барабанды-дикалы штифті, д - дискалы шеттерінде керілген бұрандалары бар, е - дискалы ортасында керілген бұрандалары бар,
ж – бұрандалы, з – сұғындырылмалы дискалы.
1 – радиальды штифт; 2 – бұранда.
Осьтік компрессорлардың көбінесе бірінші сатысындағы жұмыс қалақшалары статистикалық және динамикалық жүктемелерге дұшар келеді.
Жұмыстық қалақшаларды бекітудің ең көп тараған түрлері (22-суретте) осьтік (а,б,в) және тангенцияльды (г) түрлері шарнирлі түрде жоғары орналастыру (д). Ең көп жетілген түрлеріне осьтік бекіту жатады, осылай бекіткенде бұрыштық дәлдік сақталады, қалақшаның және дискінің қажетті массалары азаяды. Үлкен хордада қалақшалардың аз санын пайдалануға да болады. Прогрессивті технологияны пайдалануда (пазаларды) дискадағы саңылауларға және жұмыстық қалақша құйрықшаларын созу мүмкіншіліктері бар.
Осьтік бекітудін кемшілігіне олардың әрқайсысын бөлек бекіту қажет. Тангенциальды бекіту барабанды және біртұтас барабанды роторларда қолданылады. Бірақ хорданың ұлғаюына байланысты тангенциальды құйрықшалар ауырлай түседі. Тангенциальды бекітулердің кемшіліктері құлыптарының күрделілігі және тістерінің қадамдары бірдей келмейді (полей допуск)
Жұмысшы қалақшаларды жеке (салт) орналастырудың басты жетістіктерінің бірі, ол энергия ауытқуларын өзіне дұрыс қабылдап өткізуі. Стационарлы ГТҚ - да көбінесе азбесті тангенциальды құйрықшалы бекітумен трапециалы осьтік жалғастырулар кездеседі. Авия мотор жасауға осьтік бекітілген құйрықшалы жалғаулар қолданылады, бірақ ең көп тараған құйрықшалы а және б түрлері өте ауыр жүктелген жерлерде және д түрі бірінші сатыларда қондырылады.
22-сурет. Осьтік компрессордың жұмыс қалақшаларының а - трапеция тәрізді («қарлығаш құйрықты»); б – цилиндр тәрізді; в-осьті бекітілетін тісті; г – тангенциальды бекітілетін тісті ; д – шарнирлі (салт қондырғылы)
Компрессорлар, бағыттауыш және соплолы апараттары.
Стационарлы ГТҚ конструкциясында осьтік компрессорлардың бағыттауыш қалақшалары көлденең ойықшаға бөлек бекітіледі, ал жонылған саңылауға Т тәрізді (НЗЛ, «Дженерал электрик») түрде бекітіледі. Мұндай конструкцияның артықшылығы қарапайымдылық және бағыттаушы қалақша құнының арзандығы, егер дайындама штамповка немесе дәлдеп құю арқылы алынса, ротордың цилиндр немесе конус тәрізді беттерінде, бұл конструкция өте сәйкес жайғасқан. Егер бағыттауыш қалақшаларды ауыстырғанда биіктігі үлкен немесе бірнеше қалақшаларды жөндеу технологиясын жеңілдетеді. (24-сурет, а). Салмағы аз статорлар, консольді бағыттауыш қалақшаларды талап етеді. Мұндай конструкцияны ТМЗ және басқа фирмалар қолданады.
24 – сурет. Осьтік компрессорлардың бағыттауыш апараттары
а – тангенциальды Т – тәрізді саңлауға бекітілген; б – бұрандалы құйрықшасы мен жеке бекітілген; в – Т – тәрізді саңылауға бекітілген рамалы бағыттауыш аппарат; г – бұрандамен бекітілген рамалы бағыттауыш аппарат; 1 – қатайту; 2 – қисық саңылаулы сегменті; 3 – сыртқы қатаңдау; 4 – ішкі қатаңдау; 5 – желінген қабат; 6 – бұранда.
Статор детальдарында бағыттауыш қалақша санына қарай тесіктер теседі, аралық сегменттер астына терең емес сақиналы ойық жасалады да, қалақша блоктарына қисық саңылаулар жасалады (24-сурет). Бұл конструкцияның артықшылығы – қалақша қадамы және бұрыштық қондырулары өте қатаң орындалады.
Көліктік ГТД – де пісіріліп бөлшектелінбейтін және бір – бірімен жабыстырылған көлденең ойығы бар бағыттауыш аппараттар кеңінен қолданылады. Оларды мысалы Т – тәрізді саңылауға немесе бірнеше радиалды бұрандалармен (24.г-сурет) корпусқа бекітеді.
6)
Екі турбиналы регенераторлы ГТҚ-ның
жұмысы(Vк=2, Vт=2,
)
Сырттан сорылған ауа Ра қысымда және Та температурада сүзгі жүйесінен өтіп, осьтік төменгі қысымды компрессорға (ОҚК) келеді, бұл жерге ауа Рс қысымға және Тс температураға дейін сығылады. ТҚК-дан кейін ауа аралық мұздатқышқа 5 келеді, оның температурасы Та дейін төмендеп, кейін ауа жоғары қысымды компрессорда ТҚК екінші рет сығылады (Рс-Тс дейін). Аралық салқындатқышта 5 ауа насоспен берілген сумен салқындатылады. Осы аралықта мұздатқышта шығатын жердегі ауа температурасы ЖҚК-ға кіре берістегі температурадан 25-30°С жоғары, ТҚК-дан кейін ауа регенераторға 4 келеді, бұл жерде Тφ температурасына дейін қыздырылады, кейін жану камерасына 2 (ЖҚ) келеді, бұнда жанған өнім температурасы Тz жетеді, газ қысымы Рz-тен Рс-ке дейін ұлғаяды, температурасы Тс екінші жану камерасына (ТҚЖК) келеді, сол жерде отынның жануынан оның температурасы Тz-тен Рz-ке дейін жетеді. Жанған өнім төменгі қысым турбинасында ұлғаяды, кейін регенераторды өтіп, сыртқа шығып кетеді.
