- •2)1 Кг массадағы газды адиабатты сығудағы меншікті жұмыс
- •3)Гаа компрессор станцияларына кс-ға қосу әдістері
- •4)Жану камерасы,түрлері және жұмысы
- •5)Осьтік компрессордың сипаттамасы
- •7 )Компрессор сатысының реактивті дәрежесі, деген не?
- •9)Компрессор станциялары арқылы өтетін газ өнімін реттеу
- •10) Газтурбиналарының активті және реактивті сатылары
- •11)Бір білікті және екі білікті гтқ-ның сипаттамаларын ортадан тепкіш газайдағыштың сипаттамаларымен бірге үйлестіру
- •13)Гтқ-ның принципиалды схемалары және аралық салқындатқыш газтурбинасының жұмысы.
- •14)Жұмыстық дененің параметрлері өзгергендегі турбина арқылы өтетін газдың шығынын анықтау
- •15)Ауаны сатылы сығымдағыш және аралық салқындатқыш газтурбинасының жұмысы
- •16)Магистралдық газөткізгіш құбырларының режимдері және жұмыс көрсеткіштері
- •17)Турбина және компрессор сатыларындағы меншікті жұмысы
- •19. Газтурбинасының жұмысы,құрылысы,диффузордың қызметі.
- •5.1.Турбина қалақшаларының түрлері және пішіні
- •21. Екі білікті гтқ-ның принципиалдық схемасы
- •23. Компрессордың универсалды сипаттамасы
- •24. Жылу қайта қалпына келмейтін көлемі тұрақты гтқ-ның жұмысы.
- •26. Келтірілген газ шығыны Qн.Пр қалай анықталады?
- •27. Гтқ компрессорының және турбинасының ішкі салыстырмалы пәк-і.
- •31. Газтурбиналы қондырғыларды іске қосу және тоқтату.
- •32. Ұлғаю кезіндегі жылуды аралық алып келу схемадағы гтқ-ның жұмысы
- •34. Осьтік компрессордың қуаттылығы Nквт айналу жылдамдығы және пайдалы әсер коэфиценттерінің шамасы қандай?
- •69)Газ айдағыш агрегаттардың техникалық күйінің өзгеруіне қандай фаторлар әсер етеді?
- •70) Газ айдағыш агрегаттардың техникалық күйін анықтау
- •72) Отга тың пайдаланудың политроптық п.Ә.К ті қандай формуламен анықтайды?
- •75) Гтқ регенераторының есебі
- •71)Отга ның техниклық күйінің коэфиценті дегеніміз не?
31. Газтурбиналы қондырғыларды іске қосу және тоқтату.
1. ГТҚ-ны іске қосқыш турбодетандар
ГТҚ-ның іске қосу жүйесіне оталдыру құрылғысы, жағу (оттық) жүйесі, отын беруге арналған қоректендіру жүйесі, іске қосуды автоматты түрде басқару және реттеу жүелері жатады.
Агрегатты іске қосу үшін, бірінші рет майлау жүйесінің насосын және гидравликалық тығыздауыш насосты іске қосудан басталады.
Осыдан кейін ротордың инерциялық тыныштығын жеңу және подшипниктерде май сыналарын болдыру үшін төменгі қысымды (ТҚТ) және жоғары қысымды турбина (ЖҚТ) біліктерін бұру құрылғысын іске қосады.
Газқұбырларындағы газайдағыштарды іске қосу үшін жетек ретінде ГТҚ-лап автономды түрдегі қондырғы болып есептеледі және бұл жерде ГТҚ-ды іске қосуға көбінесе турбодетандерлер (42-сурет) қолданылады. Турбодетандер – ұлғайтқыш турбина, КС-сына кіреберістегі тасымалданатын газ қысымының ағынын және оны атмосфераға шығарып жіберуші. Турбодетандердің ең негізгі кемшілігі де осы, пайдаланған газдар сыртқа шығарылады және ол қоршаған ортаны ластайды. Турбодетандердің номинал қуаттылығы ГТҚ-ның тиімді қуаттылығының 2-4% құрайды, іске қосқыш газ қысымы 1-1,5 МПа аралығында. Бір рет от алдыруға кететін газ шығыны 600...1000 м3.
Турбодетандер 1 (42-сурет) екі тәжілі жұмысшы дөңгелектен, кейде ортаға қарай бағыттайтын турбина түрінде жасалады. ТД деп – осьтік компрессор ротырына, ажыратып қосқыш муфта 3 арқылы қажетті бұраушы моментті газгенераторының білігіне жеткізеді. Қазіргі заманғы ГТҚ ажыратқыш қосқыш 3 құрылғылармен жабдықталған, олардың бірінші шығарылған ГТҚ-дан айырмашылығы ГТҚ ротырларының толық тоқтауын күтпей-ақ, екінші рет қосуға мүмкіншілік бар.
42-сурет. Іске қосқыш құрылғысының схемасы. 1-қосқыш двигатель; 2-редуктор; 3-ажыратқыш –қосқыш муфта; 4-газгенераторының білігі.
ГТҚ-ды іске қосу үшін, турбодетандерден басқа поршенді ГЖҚ-ры ауалы турбостартерлер және электрқозғалтқыштарыда қолданылады.
12.2 ГТҚ-ны іске қосудағы помпаж.
ГТҚ оталдыру мен аз жүктемедегі жұмыс істеу аралығында, осьтік компрессордан сығымдалған қысым шамасы өте төмен болуы мүмкін, себебі турбина бар ауа шығынын өзі арқылы жібере алмайды, сондықтан компрессорды помпажға әкеп соқтырады. Ауа шығынының күрт төмендеуі және кезекші газоттығындағы жанған өнім температурасының көтерілуі, ГТҚ оталдыру сызығын компрессордың помпаж сызығына жақындатады (43-сурет). ГТҚ от алу сызығы компрессордың помпаж (43-сурет) сызығына жақындаған сайын , ауа шығыны күрт төмендеп, кезекші оттықтағы жанған өнімнің температурасы көтеріледі. Температураның онан әрі көтерілуі жұмысшы оттықтар (горелкалар) іске қосқанда байқалады.
Турбодетандер және білікті бұру құрылғысының жұмысы а-аймағына сәйкес келеді, бос жүріс айналымына жеткенде b-сызығында кезекші оттық іске қосылады, жұмыстық оттықтар с аймағынан да іске қосылады, жанармайдың жану камерасына берілу дозасы көбейіп, А жұмыстық нүктеден шыққанша жалғасады.
43-сурет. ГТҚ -ны жұмысқа қосу схемасы.
ГТҚ-ды от алдырғанда помпаж аймағын болдырмау үшін, компрессордан сығымдалған ауаның бір бөлігін помпаж клапаны арқылы сыртқа шығарылады, бұл осьтік компрессордың пайдалану қуатын және ГТҚ нормальді іске қосылуын төмендетеді. Помпаж клапаны ашылып ауа сыртқа шығарылғанда жұмыс сызығы оңға қарай, ал клапан жабылғанда солға қарай, яғни компрессордың помпаж сызығына қарай ығысады.
12.3. ГТҚ іске қосу және тоқтату реттері
ГТҚ қозғалтқышын іске қосу реттері:
Агрегатты іске қосу май жүйесіндегі май насосын жұмысқа қосудан басталады.
Газайдағыштың тығыздағыш насосын іске қосу.
Төменгі және жоғарғы қысымды турбиналарының біліктерін бұру құрылғысы іске қосылады.
Негізгі іске қосқыш қозғалтқыш іске қосылады (турбодетандерден, электрқозғалтқыштан немесе ІЖҚ).
Жану камерасына отын беру үшін жұмысшы оттықтар іске қосылады.
ГТҚ-ны тоқтату:
Жылдамдықты реттегіш ТҚТ – айналу жиілігін бос жүріс режиміне дейін төмендетеді.
Кран ашылады газайдағыш контурынан газ сыртқа шығарылады.
Турбинадағы температура 100-150°C дейін суығанша білікті бұру қондырғысы жұмыс істеп тұрады.
Агрегаттық авариялық тоқтатылуы автоматты түрде сақтау жүйесі қосылғанда іске асады.
Сақтандыру қондырғысына мыналар жатады:
Авария кезіндегі қауіпсіздікті реттегіш
Тоқтату релесі
Температура шегін реттегіш
