Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319.06 Кб
Скачать

22. Таза монополиялы нарық үлгісі. Табиғи монополия

Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектіктк ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады.

23. Монополиялық бәсекелі нарық үлгісі. Осы нарықтағы бағалық емес бәсекенің ролі

Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғары сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады..

24. Олигиполиялық нарық үлгісі. Олигополиялық нарықта бағаның қалыптасуы

Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек.Oligos - аздаған, polio - сату). Оған біртекті немесе әртүрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл бринцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді. Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады, яғни тұтынушылар рыногы монополиясы белең алады.

25. Экономика монополизациялануының әлеуметтік экономикалық зардаптары. Антимонополиялық реттеу.

Экономиканың монополизациялануы және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары. Антимонополиялық реттеу. Монополяның мақсаты – рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу . Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамассыз ететін монополиялық баға құрлымын ұсынады. Монополия рынота үстемдік етеді және монополды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар бәсеке жоқ жағдайда монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарлату ынтасын жоғалтады. Антимонополиялық зандар 1880 ж АҚШ- та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар 2 бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосыуын бақылайды. Қазақстанда 1996 ж “Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық қызметті шектеу туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды.” Бірақ заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды.

26. Өндірістік функция. Өндіріс факторларының (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) өнімділік кему шегінің заңдылығы.

Еркін нарықты жақтаушылардың бірі – Жан Батист Сэй (1767-1823жж.) “Саяси экономия трактаты” (1803ж.) еңбегінде “Өндірістің үш факторы” теориясын ұсынды. Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Ал маржинализдер осы үш факторға кәсіпкерлік қабілеттілікті қосқан. Осы факторлардың қызметін пайдаланғаны үшін жалақы, пайда, рента төлем жүзеге асады. Өндірістік функция дегеніміз - өндіріске енгізілген факторлар мен өнімнің шығарылуы арасындағы өзара тәуелділік.Q=f (L, K),мұндағы L-еңбек (жұмыс күші); K-капитал; Q-өнім. Әдетте, факторлар шамасы өзгермей, тұрақты болады. Яғни барлық факторлар бір мезгілде өзгереді н/е тек олардың біреуі өзгереді. Бұл жағдайда табыстылыққа шектеулі әсер етеді, ол төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]