- •1.Экономика ұғымы. Экономиканың өзекті мәселелері
- •3.Экономикалық теория дамуының басты кезеңдері.
- •Экономикалық қатынастар. Экономикалық категориялар.
- •Экономикалық теория және экономикалық саясат. Позитивті және нормативті . Экономикалық теория.
- •Экономикалық ресурстар және олардың түрлері. Ресурс шектеулігінің мәселелері.
- •8.Экономиканың өндірістік мүмкіндіктері. Өндіріс мүмкіндігінің қисығы.
- •Экономикалық жүйе типтері: еркін сауда экономикасы, аралас экономика, орталықтандырылған жоспарлы экономика. Әлеуметтік бағытталған нарық концепциясы
- •Мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекетсіздендіру
- •Жекешелендірудің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.
- •Тауар шаруашылығының мәні, пайда болу шарттары және типтері.
- •13 Тауар және оның қасиеттері.
- •Меншік экономикалық категория ретінде. Меншіктің тарихи тұрғыдағы типтері және формалары.
- •Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық түсінігі және қызметтері.
- •Нарық инфрақұрылымы және оның нарықтың қызмет етуіндегі рөлі.
- •18.Сұраныс пен ұсыныс заңдары және олардың өзара әрекеті. Нарықтық тепе –теңдік.
- •19. Бәсеке, оның мәні және түрлері.
- •20. Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке.
- •21.Таза бәсекелі нарық үлгісі және оның мазмұны.
- •22. Таза монополиялы нарық үлгісі. Табиғи монополия
- •23. Монополиялық бәсекелі нарық үлгісі. Осы нарықтағы бағалық емес бәсекенің ролі
- •24. Олигиполиялық нарық үлгісі. Олигополиялық нарықта бағаның қалыптасуы
- •25. Экономика монополизациялануының әлеуметтік экономикалық зардаптары. Антимонополиялық реттеу.
- •26. Өндірістік функция. Өндіріс факторларының (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) өнімділік кему шегінің заңдылығы.
- •27.Өндіріс шағындары. Айқын және айқын емес шығындар.
- •28. Нарықтық экономикадағы фирманың мақсаттары мен қызметтері.
- •29. Бухгалтерлік, қалыпты және экономикалық пайда. Экономикалық пайданың қалыптасу шарттары.
- •30. Пайданы жалпы және шекті көрсеткіштерді пайдалану арқылы максималдау шарттары.
- •31. Кәсіпкерлік ұғымы. Кәсіпкердің экономикадағы қызметтері.
- •33. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары: тұрақты, айнымалы, орташа.
- •35. Жалақы еңбек бағасы ретінде. Жалақыны дифференциалдау факторлары.
- •36. Жалақы формалары және жүйелері. Нақты және номиналды жалақы.
- •37. Пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде.
- •38. Бағалы қағаздар нарығы: мазмұны, құрылымы, экономикадағы ролі.
- •39. Пайда мазмұны. Пайданың негізгі түсініктемелері.
- •40. Жер нарығы, жер рентасы және оның түрлері. Жер бағасы.
- •41. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •43. Экономикалық цикл. Циклдің түрлері.
- •44. Мемлекеттің циклге қарсы саясаты.
- •45. Жұмыссыздық: мазмұны, себептері мен формалары.
- •47. Инфляция: себептері және типтері.
- •48. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары. Қазақстандағы инфляция.
- •51. Экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері.
- •52. Мемлекеттік реттеудің кейнстік және монетарлық үлгілері.
- •55. Бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері.
- •56. Нарықтық экономикадағы әлеуметтік саясаты.
- •57. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
- •58.Салық салу.
- •59. Қр.Салық жүйесі ерекшеліктері.
- •60. Ынталандыру және тежеуші салық саясаты. Лаффер қисығы.
- •62. Несие және банк жүйесі. Банк түрлері, олардың экономикадағы қызметтері.
- •63. Ақша – несие саясаты. Ақша – несие саясатының құралдары.
- •64. Экономикалық өсу ұғымы және оны өлшеу. Экономикалық өсу типтері және
- •65. Экономикалық өсудің қазіргі типі және сапасы. Қр-дағы экономикалық өсу
- •68. Капитал миграциясы (көшкіні). Тікелей және портфельді шетел
- •70. Бдсұ Қазақстанның бдсұ – на енуінің мүмкін салдары.
- •71. Қр Президентінің 28.01.2011 жылғы «қр тәуелсіздік жылдарындағы
- •72. Қазақстан экономикасын жедел түрлендіру туралы. Қр Президентінің 28.01.2011
47. Инфляция: себептері және типтері.
ҚР-дағы инфляция.Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі. Инфляцияның себептері:
- Тауардан ақша жиынының асып түсуі
- Ақша эмиссиясы
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы
- Экономиканың милитарландырылуы
- Халықтың болжамы
- Экономиканың сәйкеспеушілігі
- Экономиканың жұмсалса сипаттамасы
- Жалақы – баға бұрылымы
- Кәсіпорындардың монополизмі
Инфляция типтері: 1) ашық – бағаның тұрақты көтерілуі; басыңқы – тауардың жоғалуы. Басыңқы ифл-да бағаны мемлекет реттейді.Ашық ифл-я 3 белгі б/ша жіктеледі:
- бағаның өсу қарқыны;
- әр түрлі тауар топтары б/ша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы;
- инфляцияның күтілуі және алдын – ала болжануы.
1 белгі тұрғысынан 3ке бөлінеді:
- баяу: баға баяу жылына 10 % өзгереді.
- галопирленген: бағаның өсуі жылына 100%.
- гиперинфляция: бағаның өсуі 1000 %-тен жоғары.
2 белгі тұрғысынан 2 түрге ажыратылады:
-тең инф-да әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.
-тең емес инф-я.
3 белгі тұрғысынан:
- күтілетін: күтілу факторы инф-я салдарынан білінеді.Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінің білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді ж/е ешкім зардап шекпейді.
- күтілмейтін инф-я: бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
2)Сұраныс инф-я:сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі сұраныс жағынан бұзылады.Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады.Бұдан жинақталған сұраныс артық болады. Бұл бағаның өсуіне итермелейді.Ұсыныс инф-я: өндіріс шығынының өсуіне б/ты бағаның өсуі. Бұның салдары: жалақының өсуіне ж/е энергия мен шикізатқа бағаны көтереді. 2006 жылғы қаңтар – шілдеде ҚР-да инфляция деңгейі 5,1% болды.
48. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары. Қазақстандағы инфляция.
Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы ерекшеліктері.Инфляцияның зардаптары:Жағымды:
- Экономикаға біркелкі инфляция пайдалы: ақша жиынының өсуі –іскерлік белсенділік-инвестициялардың өсуі-экономикалық өсу
Жағымсыз:
- Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуі: жеке жинақ ақшаның нақты құндылығының төмендеуі, ағымдағы табыстардың құлдырауы
- Кәсіпкерлік қызмет деңгейінің төмендеуі
- Капиталды өндірістің нақты саласынан айналым саласына шығару
- Экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтеді
- Ұзақ мерзімді инвестцияларға ынталандыру жойылады
- Ақша – несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын азайтады
- Экспорт азайып, импорт өседі
- Мемлекет қарызы көбейеді
- Валюталық дағдарыс күшейеді
- Халықтың рухани жағдайы нашарлайды
Мемлекеттің инфл-ямен күресу әдістері тікелей ж/е жанама болады.Ақша бірлігінің төлем қабілеттілігін тікелей реттеу Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады ж/е келесі құралдарды қамтиды:
1. Немиелерді бөлу ж/е оларды реттеу;
2. Тарифтер мен бағаларды реттеу;
3. Жалақы шегін реттеу;
4. Сыртқы сауда мен валюта курсын реттеу;
Жанама әдістерді елдің Орталық банкі келесі құралдардың көмегімен жалпы ақша массасын реттеу арқылы жүргізеді:
1. Ақша эмиссиясын реттеу;
2. Пайыздық есептік мөлшерлемені реттеу;
3. Міндетті резервтеу талаптарын реттеу;
4. Ашық бағалы қағаздар н.арығындағы операцияларды реттеу.
49. Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.2007 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономика дамуының қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.Тұтастай алғанда, 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы көлемі 6 725 млрд. теңге мөлшерінде немесе 8,3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық инфляция 5,7 %-дан 7,6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгепі маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары2006 жылғы республикалық бюджетті нақтылау осы жылғы екінші жарты жылдықтан бастап Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімге арналған тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуіне бағытталған, бұған сөйкес елдің барлық мұнай кірістері қорға аударылады.Бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен ғана қалыптасатын болады. Егер мұнай емес сектордан түсетін кірістер қалыптасқан республикалық бюджет шығыстарының денгейін жаппайтын болған жағдайда, онда осы айырмашылықты жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық кордан қаражат жіберіледі. Бұл ретте, кепілдік берілген трансферт бюджеттік даму бағдарламалары ғана қаржыландырылады.Мұнай және мұнай емес кірістерді есепке алудың жаңа тетігін қолданысқа енгізу кезінде және барлық мұнай кірістерін Қорға есепке алудың салдарынан 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамы 39,6 млрд. тенгеге азаяды.Бекітілген бюджетте жоспарланған даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыру үшін және бюджетті нақтылау кезінде қабылданған қосымша шығындар үшін 2006 жылдың екінші жартысында ұлттық қордан республикалық бюджетке 124,6 млрд. теңге келілдік берілген трансферт жіберілетін болады.Макрокөрсеткіштерді нақтылауды және Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тетігін іске асыруды ескере отырып, 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 576,9 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 18,1%) мөлшерінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 85 млрд. теңгеге өсумен қалыптасты, шығыстардың көлемі 1 703,1 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 19,5 %) немесе 97,5 млрд. теңгеге өсумен тапшылық 126,3 млрд. теңгені құрайды.ЖІӨ-нің нақтыланған көлеміне пайыздық қатынаста тапшылық өзгеріссіз 1,4%-да қалды, ал абсолютті мәнде 2005 жылғы республикалық бюджетті атқару қорытындылары бойынша пайдаданылмаған бюджет қаражатының еркін қалдықтарын тарту мақсатында 12,5 млрд. теңгеге ұлғайды. Бюджеттің шығыс бөлігінің өзгерістері тұтастай Мемлекет басшысының Жолдауында айқындаған басымдықтардан туындайтын іс-шараларды іске асыруға бағытталған.2005-2010 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберін делингафондық және мультимедиалық кабинеттерді жасауға — 1,1 млрд. тенге, физика, химия және биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 2,5 млрд. теңге қалыптасқан үнемдеудің есебінен қосымша қаражат бөлу көзделген. Қорғаныс министрлігіне қосымша 20 млрд. теңге шығыстар қарастырынды. Осылайша, Қорғаныс министрлігінің 2006 жылға арналған бюджеті 101 млрд. теңгені немесе нақтыланған ЖІӨ-нің (8 725 млрд. теңге) 1.2%-ын құрайтын болады.Қазақстанның көлік стратегиясын іске асыру мақсатында автомобиль жолдарын салуға қосымша 5 млрд. теңге бөлінеді.2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 5 млрд. теңге көзделіп отыр.Астана қаласын дамытуға 38 млрд. теңге сомасында, онын ішінде қала бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 17,4 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлінеді. Алматы қаласын дамытуға 5,5 млрд. теңге (тұрғын үй құрылысын қоса есептегенде — 8,5 млрд. теңге) бөлінетін болды.2005 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген: - мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; - төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; - валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; - қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету. /Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.,
50. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметтері.
Нарыктык экономикадагы мемлекеттін экономикадагы кызметтері.Мемлекет пен нарыктын озара катынасы нарыктык когамда манызды мәселелердің бірі,Себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады.Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеуіндегі рөлін кушейтуде объективті жағдайлар жасайды.экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі,бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды.Кез келген экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің рөлі оның қызметтері арқылы байқалады.Экономикалық қызметтің түрлері өте көп,сондықтан оны топтап,негізгі блоктарға біріктіру қажет;Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады; стратегиялық, экономиклық, құрылымдық, техникалық,әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды.Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады.Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;Екіншіден,мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәспорын (когамдык пен шаруашылык есептегі) мен ондірістік және әлеуметтік инфракурылымды жасайды. Ушіншіден, нарыктык жуйе калыпты кызметін камтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мудделерін коргау, стандарт кызметін куру, онім сапасы мен салмагын олшеу, бәсекені колдай отырып, нарыктык экономикада монопализмнін болуына барынша курес жургізу, ол ушін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жагдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн. Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатынын көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады.
