- •1.Экономика ұғымы. Экономиканың өзекті мәселелері
- •3.Экономикалық теория дамуының басты кезеңдері.
- •Экономикалық қатынастар. Экономикалық категориялар.
- •Экономикалық теория және экономикалық саясат. Позитивті және нормативті . Экономикалық теория.
- •Экономикалық ресурстар және олардың түрлері. Ресурс шектеулігінің мәселелері.
- •8.Экономиканың өндірістік мүмкіндіктері. Өндіріс мүмкіндігінің қисығы.
- •Экономикалық жүйе типтері: еркін сауда экономикасы, аралас экономика, орталықтандырылған жоспарлы экономика. Әлеуметтік бағытталған нарық концепциясы
- •Мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекетсіздендіру
- •Жекешелендірудің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.
- •Тауар шаруашылығының мәні, пайда болу шарттары және типтері.
- •13 Тауар және оның қасиеттері.
- •Меншік экономикалық категория ретінде. Меншіктің тарихи тұрғыдағы типтері және формалары.
- •Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық түсінігі және қызметтері.
- •Нарық инфрақұрылымы және оның нарықтың қызмет етуіндегі рөлі.
- •18.Сұраныс пен ұсыныс заңдары және олардың өзара әрекеті. Нарықтық тепе –теңдік.
- •19. Бәсеке, оның мәні және түрлері.
- •20. Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке.
- •21.Таза бәсекелі нарық үлгісі және оның мазмұны.
- •22. Таза монополиялы нарық үлгісі. Табиғи монополия
- •23. Монополиялық бәсекелі нарық үлгісі. Осы нарықтағы бағалық емес бәсекенің ролі
- •24. Олигиполиялық нарық үлгісі. Олигополиялық нарықта бағаның қалыптасуы
- •25. Экономика монополизациялануының әлеуметтік экономикалық зардаптары. Антимонополиялық реттеу.
- •26. Өндірістік функция. Өндіріс факторларының (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) өнімділік кему шегінің заңдылығы.
- •27.Өндіріс шағындары. Айқын және айқын емес шығындар.
- •28. Нарықтық экономикадағы фирманың мақсаттары мен қызметтері.
- •29. Бухгалтерлік, қалыпты және экономикалық пайда. Экономикалық пайданың қалыптасу шарттары.
- •30. Пайданы жалпы және шекті көрсеткіштерді пайдалану арқылы максималдау шарттары.
- •31. Кәсіпкерлік ұғымы. Кәсіпкердің экономикадағы қызметтері.
- •33. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары: тұрақты, айнымалы, орташа.
- •35. Жалақы еңбек бағасы ретінде. Жалақыны дифференциалдау факторлары.
- •36. Жалақы формалары және жүйелері. Нақты және номиналды жалақы.
- •37. Пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде.
- •38. Бағалы қағаздар нарығы: мазмұны, құрылымы, экономикадағы ролі.
- •39. Пайда мазмұны. Пайданың негізгі түсініктемелері.
- •40. Жер нарығы, жер рентасы және оның түрлері. Жер бағасы.
- •41. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •43. Экономикалық цикл. Циклдің түрлері.
- •44. Мемлекеттің циклге қарсы саясаты.
- •45. Жұмыссыздық: мазмұны, себептері мен формалары.
- •47. Инфляция: себептері және типтері.
- •48. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары. Қазақстандағы инфляция.
- •51. Экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері.
- •52. Мемлекеттік реттеудің кейнстік және монетарлық үлгілері.
- •55. Бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері.
- •56. Нарықтық экономикадағы әлеуметтік саясаты.
- •57. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
- •58.Салық салу.
- •59. Қр.Салық жүйесі ерекшеліктері.
- •60. Ынталандыру және тежеуші салық саясаты. Лаффер қисығы.
- •62. Несие және банк жүйесі. Банк түрлері, олардың экономикадағы қызметтері.
- •63. Ақша – несие саясаты. Ақша – несие саясатының құралдары.
- •64. Экономикалық өсу ұғымы және оны өлшеу. Экономикалық өсу типтері және
- •65. Экономикалық өсудің қазіргі типі және сапасы. Қр-дағы экономикалық өсу
- •68. Капитал миграциясы (көшкіні). Тікелей және портфельді шетел
- •70. Бдсұ Қазақстанның бдсұ – на енуінің мүмкін салдары.
- •71. Қр Президентінің 28.01.2011 жылғы «қр тәуелсіздік жылдарындағы
- •72. Қазақстан экономикасын жедел түрлендіру туралы. Қр Президентінің 28.01.2011
44. Мемлекеттің циклге қарсы саясаты.
Мемлекеттің циклға қарсы шаралары. Гүлдену кезеңіндегі маңызды дағдарысқа қарсы саясаттар:
1. Қаржы-несие саясаты: есеп ставкасын көтеру, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату.
2. Фискальды саясат мемлекеттік бюджет есебін қысқарту, салық ставкасын көтеру.
3. Еңбекақы және тариф саясаты, еңбекақыны төмендету.
4. Мемлекеттік инвестиция саясаты: мемлекеттік құрылысты тежеу.
Тоқырау кезіндегі дағдарысқа қарсы аса маңызды саясат:
1. Қаржы-несие саясаты: есеп ставкасы төмендеуі, ашық рынокта мемлекеттік бағалы қағаз сатып алу.
2. Фискальды саясат: мемлекеттік бюджеттің қосымша шығыны, салық ставкасы төмендету.
3. Еңбек ақы және тариф саясаты: еңбекақыны көтеру.
4. Мемлекеттік инвестиция саясаты: инвестициялық бағдарламаның тезірек жүзеге асуы.
Қорытынды:
1. Өрлеу кезеңінде мемлекеттің мақсаты экономикалық қызудан сақтап қалу, іскерлік белсенділікті ұстамды жүргізу.
2. Күйзеліс кезеңінде мемлекеттің барлық шарасы құрылымдық іскерлік белсенділікке бағытталады.
Таңдалып алынған реттеу өлшеміне қарай, жалпы қазіргі рыноктық шаруашылық дәстүрлі схемаға сәйкес келмейді.Барлық фазаларда ашық сипаттама жоқ, фазаның бірінен екіншісіне бірқалыпты өтіп отырады.
45. Жұмыссыздық: мазмұны, себептері мен формалары.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық –адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы, бұл кейбір ауыл шарашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез-келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2.5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.
46. Мемлекеттің жұмыс бастылық саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.Әлемдік тәжірибеде жұмыс бастылықтың деңгейіне әсер етудің 3 негізгі бағыты қарастырылады: 1) жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу және кадрларды даярлау мен қайта даярлауда қолдау көрсетеді; 2) икемді еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын құқықтық қамсыздандыруды құруды ынталандыру; 3) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.ҚР-да осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме. Мұндай еңбекті жалдау кезінде, жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады.ҚР-да 1991 жылдан бастап жұмыс атқарады. Еңбек биржасының мақсаты – жұмыссыздарға көмек көрсету. Негізгі қызметі – еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру, кезінде делдалдық іс атқару ж/е жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу.ҚР-да тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған. Жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға, қамқорлықтар жасауға көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың квотасы белгіленген.
ҚР президентінің Жұмыс бастылықтың жаңа стратегиясы туралы 28.01.2011. ж. жолдауы
Екі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылымдарды жақсарттық.Бұл бағдарламалар қазақстандықтардың кең қолдауы мен разылығына ие болды.Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар – біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз.Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту жөнінен қағидатты түрде жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырамын.Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.Ол табысты жүзеге асырылды.Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрияландыру шынымен де бүкілхалықтық сипат алып, әрбір қазақстандықтың ісі болатындай етіп құру қажет.Өз өмірлерін ауылмен байланыстарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.
Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.Даму әлеуеті жоғары елді мекендерде селолық инфрақұрылымдар дамытылып, суаратын суларға, микронесиелеу бағдарламалары мен табиғи гранттарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.Қазірдің өзінде микронесиелік ұйымдар қызметінің құқықтық негізі бар.Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.Дегенмен, олар негізінен айтарлықтай жоғары мөлшерлемемен тұтынушылық мақсаттарға жұмсалуда.Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, еңбекпен қамту жағына басымдық беру керек.Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.2012-2015 жылдары бұл қаржыландыру жыл сайын 10-15 миллиард теңгеге көбейтілсін.Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.Жоғарыда айтылған мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұрғындарына жұмыс тауып береді.Сондықтан атқарушы биліктің барлық деңгейлері мен «Нұр Отан» партиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.Үкіметке алдағы жылдан мотивациялы ақшалай төлемдерге көшуді тапсырамын.Басты мәселе – масылдықты еңсеру.
Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.
Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.
Мемлекет тек объективті тұрғыдан еңбекке қабілетсіздер мен аз қамтамасыз етілгендерге ғана көмектесетін болады.
