Мұнайдың фракциялық құрамы және топтық құрамы
Алкилдеу және полимерлеу қай процеске жатады Мұнай өңдеудегі технологиялық процестегі химиялық әдістеріне жатадыАлкилдеу процесі
Алкилдеу дегеніміз органикалық және бірқатар бейорганикалық заттар молекуласына алкил топтарын енгізу процесі болып табылады. Бұл реакциялардың ароматты қосылыстар ядросында, изопарафиндерде, көптеген меркаптандар мен сульфидтерде, қарапайым эфирлі байланыстарда, элемент- және металлорганикалық қосылыстарда, α-оксидтер мен ацетилендерді өңдеу өнімдерінде заттарды алкилденгендер синтезі үшін үлкен практикалық маңызы бар. Алкилдеу процесі көбінесе мономерлер, жуғыш заттар өндірісінде аралық сатысы болып табылады.
Полимерлену — мономерлердің активті орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу (nM(—M—)n) процесі. Полимерленуге еселі байланысты (CC, C=C, C=O, CN, т.б.) немесе байланыстары ашылу мүмкіндігі жоғары циклді топтар қатысады. Полимерленуге қатысқан мономерлердің санына қарай бір мономер қатысса гомополимерлену(стиролдың Полимерленуі), екі немесе бірнеше мономерлер қатысса сополимерлену (стирол мен метилметакрилаттың біріккен Полимерленуі) болып бөлінеді.
Полимерлену тізбекті реакцияға жатады және негізгі төрт сатыдан тұрады:
активті орт-тың түзілуі;
тізбектің өсуі;
тізбектің үзілуі;
активті орт-тың басқа бөлшекке өтуі
Мұнай және газ алкандары. Мұнайдағы алкандар және жолай газдар. Оның жалпы құрамы. Алкандар (метан көмірсутегі) – газ, сұйық, қатты күйде кездеседі. Газ күйіндегі қосылыстары құрамында көміртегіңі 1-ден 4-ке дейін тізбегі (С1-С4) мен табиғи газдар (метвн, этан, пропан, бутан, изобутан) бар. Көміртегінің бестен он беске дейін атомдары кездессе, сұйық зат болып табылады. Гексадеканнан бастап (С16) нормалы алкандар қалыпты температурада мұнайда қатты қайнайтын фракцияларда ерітілген немесе кристал күйінде болады. Мұнайдағы алканның жалпы құрамы негізінде -25-30 % (ерітілген газдарды санамағанда). Еріген күйдегі көмірсутегін санасақ кейбір мұнайларда алкан құрамы 40-50 % дейін жетеді. Алайда құрамындағы алкандары 10-15 % қана болып келетін мұнайларда бар.
-ОН тобы құрамында бар қосылыстар қандай косылыстарға жатады? Спирттер (ағылш. spіrіt) – құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары. Гидроксил тобының санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп атомды спирт; радикалдар құрылысына қарай қаныққан, қанықпаған, циклді, ароматты және гетероциклді спирттерді айқындаймыз. Алкогольдердің ең маңыздылары: метил спирті (метанол, ағаш спирті), химиялық формуласы — CH3 OH әлсіз иісті түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t 64,5 0С, тығызд. 0,7924 г/см3 (20 0С-та), формальдегид, күрделі эфирлер, түрлі еріткіштер алынатын шикізат, жүйке және тамыр жүйелеріне әсер ететін күшті у; этил спирті (этанол, шарап спирті), {химиялық формула|химиялық формуласы]] — C2 H5 OH өзіндік иісі және күйдіргі дәмі бар түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t 78 0С, тығызд. 0,794 г/ см3 (20 0С-та), тағамдық шикізатты (крахмал, қант, шырындар т.б.) ашыту, өсімдік текті заттарды гидролиздеу және синтездеу (этиленді гидраттау) жолдарымен алынады
Мұнай және газдың химиялық және элементтік құрамы? Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады.
Мұнайдың нафтенді көмірсутектері.Нафтенді (полиметиленді) көмірсутектер. Нафтенді КС ғылым саласына орыс ғалымы В.В.Марковников (1838-1904) енгізген. Ол көмірсутектердің бұл класын кавказ мұнайларын зерттеу барысында ашқан. Құрамындағы жетекші бөлік ролін нафтенді көмірсутектер атқаратын мұнай түрлері. Бұл мұнайлар өздерінің жаралу тегінен туындайтын бір топ ерекшеліктерімен сипатталады, олардың ең бастысы – құрамындағы хошиісті көмірсутектердің, қатты парафиннің, шайыртасты-шайырлы заттардың аздығы.Нафтенді мұнайдың құрамы шектелмеген, бірақ тізбектің шығыршық түрінде тұйықталу нәтижесінде олар қаныққан қосындыларға жатады. Нафтенді көмірсутектер, жалпы формуласы CnH2n, табиғи жағдайда сұйық зат. Бұл қосындылар (цикландар) тұйық көмірсутекті тізбек құрастырады. Нафтенді көмірсутектер пентанафтендер және гексанафтендерге, мононафтендер және полинафтендерге бөлінеді. Бүйірлік көмірсутекті тізбекті нафтенді КС парафинді КС ұқсас келеді, олар химиялық нашар белсенді, сутек атомдары галогендермен алмасуы мүмкін. Мұнайдағы нафтенді КС мөлшері 25-30%-дан 80%-ға дейін. Фракциялар бойынша біркелкі таралған, 200-400°С фракцияларында мөлшері шамалы көбееді. Нафтенді КС пайда болу үшін негізгі материал аралас нафтенді-хошиісті КС.
Берілген реакция нәтижесінде қандай қосылыс аламыз 700
C2H6===C2H4+H2
