Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
864.77 Кб
Скачать

Циклопентанның 5 кұрылымдық изомерін жаз?

C5H10

CH2 H2C — CH2 H2C CH3

H2C CH2 H2C — CH2 C

H2C — CH2 CH2 H2C CH3

Циклопентан Метилциклопентан 1,1 диметилциклопропан

CH3 — CH2 H2C

CH 2 CH2 — C2 H5

CH3 — CH2 H2C

1,2 деметил циклопропан этилциклопропан

2.Реакцияны жалғастыр (реакция калий перманганатымен)

CH3 —CH = CH— CH3 + 4(O)→?

O

CH3 —CH = CH— CH3 + 4(O)→ 2 CH3 — C

OH

Бутен-2 (KMnO4-нан) сірке қышқылы

Цис-транс-изомер күйінде қай қосылыс бола алады? Кеңістіктік изомерлері (геометриялық немесе цис-, транс- изомер деп те аталады). Қаныққан көмірсутектердің молекулаларында көміртек атомдары σσ-байланыс айналасында еркін айнала алады. Ал алкендерде көміртек атомдары өзара қос (σ- және π-) байланыс арқылы жалғасқан жағдайда π-байланыс үзілмейінше еркін айналу мүмкін емес. Қос байланыспен жалғаскан көміртек атомдары осы байланыс осі арқылы еркін айнала алмайды. Сондықтан бутен-2-нің орынбасарлары — метил топтары кеңістікте екі түрлі жағдайда орналаса алады. Бірдей орынбасушы топтары қос байланыстың бір жағында орналасқаны цис-изомер деп, ал екі жағында орналасқаны транс-изомер деп аталады (лат. cis— біржақта, trans — басқа жақта)

Фонтандық әдіс

Қазіргі кезде мұнай өндіру үшін негізінен үш әдісті қолданады: 1. Фонтандық әдіс; 2. Компрессорлік әдіс; 3. Терең-насос әдісі.

Фонтандық әдіс. Қаттың энергиясын қолдану арқылы мұнай ұңғымасын пайдалану әдісін фонтандық әдіс деп атайды. Фонтандық әдіс мұнай ұңғымасын пайдаланудың бастапқы кезеңінде қолданылады. Өйткені бастапқы кезде мұнай шоғырының қаттық қысымы жоғары болады. Бұл кезде қаттың қысымы пайдаланылады, ұңғыма бойымен сұйық пен газ тек қаттың энергиясы әсерінен жоғары көтеріледі. Мұнай тікелей трапқа келіп түседі, онда мұнайдан серіктес газдар бөлініп алынады да, ол газ өңдеу зауытына жіберіледі. Ал мұнай өңдеуге дайындық (сусыздандыру және тұзсыздандыру) цикліне жіберіледі. Фонтандық әдіс экономикалық ең тиімді әдіс. Фонтандық әдіс арқылы мұнай өндірілетін ұңғымаларды арнайы арматурамен бекітеді. Арматура ұңғыма сағасын герметизациялауға, ұңғыманың жұмыс істеу режимін реттеуге және бақылап отыруға мүмкіндік береді, ұңғыманы қысыммен толық жабуды қамтамасыз етеді.

эмульсияларының түзілуі Мұнай эмульсиясы деп бір – бірінде ерімейтін және ұсақ дисперсті бытыраңқы күйде болатын мұнай мен қабат суларының механикалық қоспасын айтамыз. Қабатта және ұңғы түбінде эмульсия түзілмейді. Олар ұңғы оқпанында түзіледі, сол себепті эмульсияның түзілу қарқынына ұңғыны пайдалану тәсілі әсер етеді. Фонтанды ұңғыларда, егер ұңғы өнімінде су болса, онда қысымның төмендеуі әсерінен бөлінетін газдыкөбіктер есебінен сұйықтардың қарқынды араласуы байқалады, яғни неғұрлым тұрақты эмульсиялардың түзілуіне жағдай жасайды.Бұл процес әсіресе, штуцер арқылы су аралас мұнай өткен кезде қатты жүреді. Газлифтілі ұңғыларда эмульсиялардың түзілу жағдайы фонтанды ұңғылардікіне ұқсас, бірақ та эрлифтіні (ауаны) қолданған кезде неғұрлым тұрақты (яғни , берік) эмульсиялар түзіледі, бұл эмульгатор болып табылатын нафтенді қышқылдың тотықтануымен түсіндіріледі (нафтенді қышқылдар ауа оттегісімен тотығып эмульгаторлар түзеді). Штангілі сораптарды қолдана отырып ұңғыны терең сораптармен пайдалану кезінде эмульсйялардың түзілуіне жағдай жасайтын факторлар: плунжердің жүріс ұзындығы, минуттағы жүріс саны, сорап клапандарының өлшемдері, еркін газдың болуы, сораптың динамикалық деңгейден төмен батырылуы, сораптың толу дәрежесі және т.б. Электрлі ортадантепкіш сораптарды қолдану кезінде, сораптың әрбір сатысында газды сұйық қоспасының қарқынды араласуы жүреді, осының нәтижесінде эмульсиялар түзіледі. Неғұрлым тұрақты эмульсиялар электірлі ортадантепкіш сорапты қондырғыны қолдану кезінде байқалса, ал тұрақсыз эмульсйялар бұрандалы (винтті) сорапты қолдану кезінде байқалады. Құбырлар бойында эмульсйялардың түзілуіне турбулентті ағын энергиясы себеп болады. Құбырлардағы қысымның үлкен өзгерісі, газдың бүлкілдеуі (пульсациясы), ысырмалардың болуы , бұрылыстар мен басқа да жергілікті кедергілері мұнайдағы су тамшыларының қарқынды ұсақталуына (диспергирленуіне) жағдай жасайды.Эмульсйялардың түзілуіне сондай ақ парафиндерде әсер етеді , өйткені олар құбырлардың өту қимасын тарылтып және ағын жылдамдығын арттырады, осыған байланысты сұйықтардың араласуы күшейеді.Осылайша мынадай қорытынды жасауға болады, яғни мұнай эмульсйясы келесі түрде көрінетін энергиялар әсерінен пайда болады: • механикалық энергия; • газдың ұлғаю энергиясы; • ауырлық күші әсерінен пайда болған энергия. Мұнай эмульсйясындағы су тамшыларының өлшемі жұмсалған энергия мөлшеріне кері пропорционал. Ұңғы өнімінің сулануы 40-60%-ке жеткен кезде эмульсйяның түзілу процессі қарқынды жүреді, яғни жүие жоғары тұтқырлық және тиксотроптық қасйеттер әсерінен ағымдылығын жоғалтады. Бұл жағдайларда жүйеге ертерек реагент – деэмульгаторды енгізу ұсынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]