Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДВС ОТВЕТЫ полный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.8 Mб
Скачать

21.Сағаттық және салыстырмалы жанармай шығындарының анықталу жолдары

Ауа асқындығы коэффициенті теңдеуінен сағаттық отын шығынын табамыз:

. (3.22)

Сағаттық отын шығыны жасалатын тиімді жұмысты ескермеген кезде уақыт бірлігі ішінде масса бойынша ғана отын шығынын көрсетеді. Сондықтан, қозғалтқыш үнемділігін бағалағанда тиімді п.ә.к.-мен қатар қуат бірлігін жасауға кеткен отын шығынын көрсететін тиімді өзіндік отын шығынын пайдаланады:

. (3.23)

(3.7) қатынасына ұқсас тиімді өзіндік отын шығыны былай өрнектеледі:

.

Салыстырмалы тиімді жанармай шығын г/квт. сағ.

салыстырмалы индикаторлық жанармай шығындары ,г/квт.сағ.

22. Түптік мойынтіректердің қызып кетуінің себептері Мойынтірек қызған кезде болттың ұзаруы немесе гайканың босауы бұлғақтың төменгі басындағы ішпек пен білік мойыны арасындағы саңылауды

үлкейтеді, нəтижесінде болттың үзілуі немесе мойынтіректегі еріп бабиттің

кетуі мүмкіндіктеріне келтіретін соққылар пайда болады.

ІЖҚ көбіне сырғанау мойынтіректерін қолданады. Ішпектер қалың қабырғалы жəне жұқа қабырғалы болады.Қалың қабырғалы ішпектерді көміртекті болаттан немесе қалайылы қоладан,ал жұқа қабырғаларды қалындығы 0,9-ден 3 мм-ге дейінгі көміртекті болаттан жасайды. Автомобиль қозғалтқыштарында болат таспадан штампталған жəне үйкеліске қарсы қорытпамен жабылған қалыңдығы0,25-0,75 мм жұқа қабырғалы ішпектер қолданылады. Қалайы, қорғасын немесе кадмий негізінде жасалған үйкеліске қарсы қоспаны баббиттер немесе бондраттар деп атайды.

Түптік мойынтіректің қызып кету себептері:

  • майдың сапасының төмендігі немесе майлаудың жеткіліксіздігі;

  • мойынтіректердегі саңылаулардың жеткіліксідігі немесе ішпектердің қисайып кетуі;

  • баббит бетінің білік мойынымен жеткіліксіз жанасуы,бұл қалың қабырғалы ішпектер үшін аса қауіпті;

  • май арналарының бетіліп қалуы;

  • үйкеліске қарсы қабат пен білік мойының маңызды тозуы;

  • айналшақты – бұлғақты механизмнің осьтесулерінің бұзылуы.

23.Газ тарату механизмдерінің құрылымы мен жұмысы

Газ тарату механизмі. Төрт тактілі қозғалтқыштарда цилиндрлерді жаңа

зарядпен толтыру жəне жану өнемдерін шығару үшін газ тарату механизмімен

басқарылатын клапандарды қолданады. Газ тарату механизмінің құрылымы

клапандардың орналасуына жəне олардың жетектеріне тəуелді.

Газ тарату ифазаларын тістегершіктегі белгілер бойынша. Автотракторлық жəне басқа шапшаң жүрісті қозғалтқыштарда жұдырықшалар мен тіректік мойындар таратушы білікпен бірге штампталады (8.1 - сурет).

Газ тарату механизмі былай жұмыс істейді білігінің жұдырықшалары итергіш тарелкасына тығыз тиіп тұрады.Білік айналғанда жұдырықшалар шығыңқы жағымен тарелкаларды итереді жəне бұл кезде итергіш көтеріледі. Итергіш қарнақ 23 арқылы күйентеге 13 бұралған винттің 12 шар тəрізді шетін басады.Күйентенің екінші басы жұмысшы бетімен серіппені 20 қысып ішкі жағымен клапанды төмен түсіретін стаканды16 басады. Төмен түсірілген енгізу клапаны25 цилиндрге ауа жүретін жолды ашады, ал төмен түсірілген шығару клапаны жұмыс істеген газдар шығатын жолды ашады. Жолдың көлденең қимасы жайымен ұлғаяды,ол ең жоғарғы шегіне жеткеннен кейін жұдырықша профиліне сəйкес төмен түседі. Клапан өз ұясына жұдырықшаның профильдік бөлігін итергіш тарелкасы өткеннен кейін толық отырады жəне серіппенің 20 көмегімен ұясына тығыз жабыстырылады.

24.Дизельдерде отын беруді реттеу Қарсы камераға тозаңдатылатын дизельдерде отын75 ¸130 кГ/см2 (7,5 ¸13 МПа) қысыммен көлемі шамамен жалпы жану камерасының25 ¸40% құрайтын қарсы камераға бүріккішпен шашыратылады.Қарсы камера негізгі камерамен бір немесе бірнеше тесіктер арқылы байланысады.Қарсы камераға шашыратылатын дизельдерде жану процесі шамамен былай іске асырылады. Сығымдау кезінде байланыстыру арналарының кедергісі салдарынан негізгі камерада қысымның өсуі дəрежесі қарсы камераға қарағанда жоғары.Қысым айырмашылығы ауаның қарсы камераға қарқынды өтуіне əкеледі.Отын қарсы

камераға

поршень

ЖШН15 ¸200 қалғанда шашыратылады.Отын алғаш

тұтанғанда

қарсы

камерадағы қысым негізгі камерадағыдан артып ,кетеді

нəтижесінде газ ағысының бағыты өзгереді.Əдетте қарсы камераның көлемі үлкен болмағандықтан жəне ауа онда аз болатындықтан, мұнда шашыратылған отынның азғантай бөлігі ғана жанады.Пайда болған жану өнімдері жанып үлгірмеген отынмен бірге жоғарғы жылдамдықпен негізгі жану камерасына өтеді, мұнда олар цилиндрдегі сығымдаулы ауамен араласады, жану жалғасады.

Алынған

жұмысшы

қоспа

жану

өнімдерінің

жоғары

температур

(1600 ¸20000С) нəтижесінде

қысымды 48 ¸50 кГ/см2 (4,8 ¸5

МПа) жоғарылата

жанады.

Қарсы камералы тозаңдататын дизельдердің ағынды шашырататындардан артықшылықтары төмендегідей:

  • отынды шашырату қысымы салыстырмалы алғанда жоғары емес;

  • отын сорғысы мен бүріккіштің құрылымдары қарапайымдандырылған;

  • қымбат емес дизель отынын пайдалану мүмкіншілігі бар;

  • қарапайымданған отын жүйесін тазалау жүйесін қолдану мүмкіншілігі

бар.

Қарсы тозаңдатылатын дизельдердің кемшіліктері:

  • қозғалтқышты от алдыру қиындаған;

  • цилиндрдің жұмыс көлемінің бірлігіне қатысты қозғалтқыштың өзіндік қуаты төмендеген;

- отынның

өзіндік

шығыны

көбейген(ағынды

шашыратумен

салыстырғанда 10 ¸15% көп).

Құйынды камералы дизельдерде ауаның

құйынды ағындары жасайтын

энергия пайдаланылады. Отын негізінен қоспа жасау мен жану басталатын құйынды камераға шашыратылады. Газ жану камерасының арнайы түріне жəне сəйкестендірілген құйынды камера мен негізгі камераны байланыстыратын каналдардың құрылымына сəйкес құйынды қозғалысқа .келедіҚұйынды камералы дизельдерде салыстырмалы алғанда шашырату қысымы жоғары емес (80 ¸130 кГ-см2 немесе 8 ¸13 МПа). Бұндай дизельдерді салыстырмалы алғанда төменгі ауа асқындығы коэффициенттерінде (a = 1,4 ¸1,6) иінді біліктің жоғарғы айналымдарымен жұмыс істей алады. Олар айнымалы режимдерге де жақсы бейімделген, жану қысымдары төмендеу, соның салдарынан басқа тəсілдермен тозаңдатылатын дизельдерге қарағанда тозуға төзімді.

25.Екі тактілі ІЖҚ газгаз тарату механизмі Газ тарату механизмдері цилиндрге жаңа заряд толтыру және жанған өнімдерді шығаруды басқарады, сонымен қатар сығымдау және ұлғаю тактілеріндегі цилиндрдегі жұмыс кеңістігінің тығыздығын қамтамасыз етіп тұрады.

Қазіргі заманғы автотрактор қозғалтқыштарында клапанды газтарату механизмді (төрттактілі дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштар) және саңылаулы (екітактілі іске қосу қозғалтқыштары ПД-8,ПД-10,ПД-350) түрлері қолданылады. Клапанды газтазартқыш механизмдер цилиндр блогындағы ойық жазықтыққа орналасуына қарай екі түрге бөлінеді:

Газтазарту механизмдерінің клапандары төмен қарай орналасқан(блокта, цилиндрлер бүйірінде), карбюраторлы және газды қозғалтқыштарда(4а-сурет);

Газтазарту механизмдерінің клапандары жоғары қарай (қақпақшада аспалы түрде) орналасқан шапшаң дизельдерде, карбюраторлы және газды қозғалтқыштарда қолданылады. Клапандары төмен қарай орналасқан газтазартушы механизмдер таратқыш біліктен 1, түрткіштен 2, серіппеден 3, бағыттаушы төлкеден 4 және клапаннан 5 тұрады (4а-сурет).

Таратқыш білік 1 айналғанда оның жұдырықшасы түрткіші 2 жылжыта отырып оны көтереді, түрткіш клапанға әсер етеді де серіппені 3 сығып оны ашады. Таратқыш білік жұдырықшасы түрткіштен өткен кезде, жанған газдар қысымымен және клапан серіппесінің әсерімен өз ершігіне отырып, канал тесігін нығыздап жатады.

ЖҚ

ЖҚ

4-сурет Газтазартушы механизмдер клапандарының схемасы.

а-клапандары төмен қарай бүйірінде орналасқан; б-клапандары жоғары қарай төбесінде орналасқан; 1-тартқыш білік; 2-түрткіш; 3-серіппе; 4-бағыттаушы төлке; 5-клапан; 6-күйінте; 7-штанга(итергіш) ; ЖҚ-жану қоспасы.

Клапандары жоғары қарай орналасқан газтазартушы механизмдер

(4 б-сурет) таратқыш біліктен 1, түрткіштен 2, штангада(итергіш) 7, күйінтеден 6, бағыттаушы төлкеден 4, серіппесі 3 бар клапаннан 5 тұрады.

Механизмдердің жұмыс процестері төмендегіше өтеді. Айналып тұрған таратқыш білік 1 жұдырықшасымен түрткішті 2 жылжыта отырып оны көтереді. Түрткіш жұдырықшадан алған күшті штанга (итергіш ) 7 арқылы күйінтеге 6 береді. Күйінте өз осінде бұрыла отырып екінші шетімен клапан 5 төбесін басады және серіппесін сығып клапанды ашады. Жұдырықшаның клапан түрткішіне берген күші аяқталысымен, серіппенің және газ қысымының әсерінен клапан нығыздалып жабылады.

26. Жоғарғы қысымды жанармай насосы ТНВД-8х10 Жоғары қысымды жанармай насосы (ЖҚЖН) жанармайды қалыпты шашуға және тозаңдатуға жеткілікті қысыммен оның қажетті шамасын белгілі бір уақыт ішінде бүріккішке жеткізуге арналған. Шашырату қысымының шамасы 12,5..47,5 МПа және одан да жоғары.

Жанармайды мұндай жоғары қысымда алу плунжерлі насостармен де болады. Золотник типтегі плунжер насосының секциясы 12-суретте көрсетілген. Жанармай енгізуші клапан 5 арқылы еніп, кері(айдауыш) клапан 3 және жанармай құбыры арқылы беріледі.

Плунжер 1 гильзаның 2 ішінде ілгері-кейінді жүріп бүріккішке қарай отынды айдайды. Плунжер төмен қарай серіппенің 6 жәрдемінде, ал жоғары қарай жұдырықшалы білік 8 және түрткіш 7 әсерінен әрекет алады.

ТН8.5*10 – көпплунжерлі қатарлы жанармай насосының плунжер диаметрі 8.5мм, плунжердің жүріс жолы 10мм. Мұндай насостардың басқа модификацияларындағы 2ТН, 4ТН, 6ТН насос секцияларының плунжер диаметрі 9мм-ге дейін үлкейтілген. Бұл насостардың жұдырықша біліктерінің айналу жиілігі =700..800 болғанда, наминал берілімі 32..55мг/м (37..65см3/мин).

27 Карбюраторлы ІЖҚ-ң қоректендіру жүйесі Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі

8-сурет. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің схемасы.

1-жанармай багі; 2-бөлімшелер; 3-тұндырғы сүзгісі; 4-шүмек; 5-май құятын қылта мойын; 6-ауа тазартқыш; 7-карбюратор; 8-жанармай құбыры; 9-жанармай насосының қалқаны; 10-шланга; 11-жанармай насосы; 12-14-енгізуші және шығарушы құбырлар; 13-қоспа қыздыруды реттеу секторы; 15-дыбыс өшіргіш.

Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің схемасы 8 және 9 суреттерде көрсетілген. Жанармай бакке құйылады. Бұл жерде жанармай тұндырғышынан 3 тазаланған отын диафрагмалы насосына 11 және жанармай түтігі мен карбюраторға беріледі. Ауа тазартқыш (6) арқылы сорылып карбюраторға келеді де, онда бүркіген бензин ауамен араласып жану қоспасын құрайды. Қоспа цилиндрге түседі де, қалған газдармен араласып жұмыс қоспасын құрайды, кейін ол сығылады, сығылу процесінің соңында ұшқынның әсерінен еріксіз жанады. Шығару процесі кезінде пайдаланылған газдар шығарушы коллектор 14 және өшіргіш 15 арқылы сыртқы атмосфераға жіберіледі.

28. Екі тактілі қозғалтқыштардағы газ алмасу процесстері Газ алмасуды екі нұсқамен жасауға болады:

  1. Газ бен ауа цилиндрге кірер алдында аралыстырғышта араласады. Цилиндрді үрлеу жəне зарядтау үрлеу терезесі арқылы газ бен ауа қоспасымен жасалады. Газ алмасу кезінде жану өнімдерімен бірге газ да атмосфераға шығарылады, бұл отын шығынын өсіреді жəне қозғалтқыштың өзіндік қуатын төмендетеді.

Екі тактілі ІЖҚ толтыру. И.б.а.б. өрнектелген газ алмасу процестерінің

жалпы ұзақтығы екі тактілі қозғалтқыштарда төрт тактілілермен салыстырғанда

3-3,5 есе аз. Шығару органдары ашылғаннан бастап жаңа заряд цилиндрге енуді

бастағанға

дейінгі

газ

алмасу

периодыеркін

шығару

деп

аталады.

Қысымдардың

p £ pk

қатынасы

Кезіңде үрлемелеу-толтыру

периоды

басталады,

яғни, цилиндрде бұрынғы циклдің жұмыс істеген газдарының

қалдығымен жаңа заряд араласады. Бұлармен бірге шығару органдары арқылы

жұмыс істеп шыққан газдардың, сонан кейін олардың жаңа зарядпен қоспасы

шығарылады.

Газ

алмасу

периодының

тұзақтық

схемасында

қосымша

шығар

жүргізіледі.

Цилиндрге жеткізілген ауаның (немесе қоспаның) шамасының М к

газ

алмасу

біткеннен

кейін

цилиндрде

қалатын

жаңа

зарядтың

шамасына

қатынасын

үрлемелеу

коэффициенті j1 ур

=

М

к

деп

атайды.

Бұл коэффициент

М

неғұрлым көп болса, соғұрлым жаңа заряд шығыны көп.

29. ІЖҚ-ң майлау жүйесіне түсініктеме Двигательдердің жұмыс істеу қабілетін жақсарту үшін майлау жүйесіне қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету қажет, оларға май сақтайтын ыдыс, жағармайды тазалап қажалатын беттерге жеткізіп беретін, салқындату, майлау процесін бақылау сияқты аспаптар мен құрылғылар. Майлау жүйесінің атқаратын қызметі детальдардың өзара қозғалыста қажалатын беттерін үздіксіз майлау, олардағы жылуды бәсеңдету. Майды үйкеліс беттеріне жетізіп беру әдісіне қарай майды шашыратып беру, қысыммен және құрама майлау болып бөлінеді. Көпшілік двигательдерге құрама майлау жүйесі қолданылады, детальдардың көп күш түсетін бөліктеріне май қысым күшінен, ал қалғандарына – шашырату арқылы және аз ағынымен жіберіледі. Двигательдердің майлау жүйесі туралы жалпы мәліметтерді [1,2,8,9] әдебиеттерінен оқуға болады. Двигательдер жұмыс кезінде өзінің орналасу жағдайын өзгертеді ( авиация, судолық), сол жағдайда май құйылатын ауыздардан, сальниктерден майлар шығарылады, әрі май насосымен майды жеткеріп беру тәртібі бұзылады.

Жоғары жылдамдықтағы (шапшаң) двигательдерде құрғақ картерлі жүйелер қолданылады. Май картер газымен, қызған двигательдермен аз уақыт жанасады, аз көпіршіктенеді және өте баяу тотығады, осыларға байланысты май өз қасиетін сақтайды (17- сурет).

17-суретте көрсетілген схемадан қосымша құрылғыларды әрі олардың жайғасуын, жұмыс істеу принциптерін көруге болады.

17-сурет

Поддон картердің 1, екі шетіндегі ойықтан екі майсорғыш 2 насоспен май секциясы 3 арқылы сыртқы циркуляциялық бакқа 14 майсалқындатқыштан 10, майқұбырлары арқылы жеткеріледі. Циркуляциялық бактан 14 майайдағыштың май насосының секциясынан 5 майсүзгісі 6 арқылы айдап, басты май магистралына 8 береді. Редукциялық клапан, май насосында орналастырылған, қысымның реттелуі 0,2 … 1,5 МПа.

30. ІЖҚ –ын үрлеудің негізгі сұлбалары Үрлеу жүйесі. Үрлеу жүйесінің үш түрі бар: жетектелетін сығымдағыш-пен, турбосығымдағышпен және құрама. Жетектелетін сығымдағышты 1 пайдалан-ғанда оны жоғарылату берілісі арқылы иінді білікпен қосады (11.2–сурет, а). Турбосығымдағышты (ТС) жетектеу үшін турбина 4 арқылы өтетін жұмыс істеп шыққан газдардың энергиясы пайдаланылады (11.2-сурет б).

Құрама жүйенің (11.2-сурет, в) бірінші сатысы жетектелетін сығымдағыш, ал екіншісі – турбосығымдағыш. Турбоүрлеуде газ жүретін жолға турбина қойылатындықтан итеріп шығару жұмысы өседі, бірақ ТС жетектеуге жұмыс істеп шыққан газдардың энергиясы пайдаланалатындықтан, бұл жетектегі сығымдағышқа қарағанда отын үнемділігін арттырады. Жетектегі сығымдағышқа қарағанда ТС артықшылықтары үрлеу жүйесінің шағындығы, қозғалтқышты үрлеумен күшейту дәрежесін арттыратын орташа және жоғарғы айналымдардағы жоғарғы үрлеу қысымы, сондай-ақ шу деңгейінің төмендігі. Сонда да жетектегі сығымдағыш и.б.-пен қатаң байланыста болғандықтан төменгі айналымдарда және екпін алуда жоғарырақ үрлеу қысымын қамтамасыз етеді. Тек жетектегі сығымдағыш қана қозғалтқыштың бүкіл режимдерінде цилиндрдің енуінде қысымды шығуындағыдан жоғары жасайды, бұл екі тактілі қозғалтқыштарды үрлеуде өте қажет. ТС келтірілген артықшылықтарының арқасында ІЖҚ, ал жетектегі сығымдағышты негізінен екі тактілілерде орнатады.

Цилиндрден турбинаға газды жеткізу бойынша үрлеу жүйесін үш түрге бөледі:

- изобаралық жүйе; - импульстік жүйе; - өзгертушілі импульстік жүйе.

31. Төрт тактілі ІЖҚ газ тарату механизмі. Домалақ фазалық диаграмма 3.3 Газтарату диаграммасы.

Клапандардың ашылу кезінен жабылу кезіне дейінгі кезеңді газтарату фазасы деп атайды. Газтарату фазасын дөңгелек диаграмма түрінде бейнелейді, сондықтан оны газтарату диаграммасы деп атайды(5-сурет).

Газтазарту диаграммасына – газтазарту фазаларын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар сығылу және ұлғаю процестеріндегі иінді біліктің айналу бұрышында көрсетуге болады. Мысалы(5-сурет) А нүктесінде φ1 озықтық бұрышта енгізу клапаны ашылады да В нүктесінде φ 4 кешігу бұрышында жабылады. Демек енгізу процесі иінді біліктің бұрылу бұрышы 180-та емес, ол 180+ φ1 + φ 4 -ке тең.

5-сурет. Газтазарту диаграммасы.

Сығылу процесі В нүктесінен басталып С нүктесінде аяқталады. Жану процесі (ұлғаю такті) С нүктесінен басталып Д нүктесіне дейін жалғасады. Д нүктесінде шығарушы клапан ашылады және осы кезде цилиндрдегі газдар шығарылып, тазаланады процесс А нүктесінде аяқталады, цилиндрге таза заряд ене бастайды. Цилиндрдің толық тазалануы Е нүктесінде аяқталады. Демек, шығарушы клапан φ 3 озық бұрышында ашылып, φ 2 бұрышында кешігіп жабылады. Клапанның ашылуы, иінді біліктің бұрылу бұрышына 180+ φ 3 + φ 2 тең.

Іштен жану қозғалтқыштарын енгізу клапанының озықтық бұрышы 3...31°, ал жабылуының кешігу бұрышы 8..47° тен.

32 ІЖҚ-ң суыту жүйесі Сұйықтықпен салқындату жүйесі

Сұйықтықпен салқындату жүйесінде (15-сурет а және б) цилиндрлер қақпақшасында 8 және қуыстарында толтырылған су, цилиндр және жану камераларының қабырғаларын жуып жылуды өзімен бірге алып өтеді. Қызған ( ыстық ) су жоғарғы келте құбырмен 7 радиаторға 1 келеді, бұл жерде қарсы ауа ағынымен салқындатылып, төменгі келте құбыр 11 арқылы блоктағы су қуыстарына бағытталады. Сөйтіп салқындату жүйесіндегі су үздіксіз айналыста (циркуляцияда) болады. Радиатордан кейін орналастырылған желдеткіш 2 және ол салқындату қарқынын күшейте түседі. Сұйықты айналдыру тәсіліне байланысты жүйе термосифондық және еріксіз болып бөлінеді. Термосифонды салқындату жүйесінде двигательге қызған және радиаторда суытылған су бағаны қысым айырмашылығы әсерінен су айналымы іске асырылады ( 15,а - сурет). Термосифонды салқындату жүйесінің құрылысы қарапайым және пайдалануға ыңғайлы болғанымен оның негізгі кемшіліктері өте баяу айналыста болуы, сондықтан тек іске қосқыш двигательдерде қолданылады (ПД-10М,П-350).

15- сурет. Суыту жүйелерінің схемасы

а – термосифондық су жүйесі; б- еріксіз су жүйесі;

1- радиатор; 2- желдеткіш; 3- жапқыш; 4- радиатордың жоғарғы багы; 5- су құятын мойын қақпағы; 6- бу шығаратын түтікше; 7- жоғарғы жалғастырғыш шланга; 8- цилиндрлер қақпақшасының су тысы; 9- блок-катердің су тысы; 10- цилиндрлер; 11- төменгі жалғастырғыш шланга; 12- радиатордың төменгі багы; 13- ағызу шүмегі; 14- бу-ауа клапаны; 15- термостат; 16- термометр; 17- су таратқыш канал; 18- ортадан тепкіш насос; 19- су құбыры;

Еріксіз салқындату жүйесінде ( 15, б - сурет) су айналысы ( циркуляция ) ортадан тепкіш су насосы 18 суды сорып қысым күші мен двигательдің су тысына айдайды да цилиндрлерді салқындатады. Сұйықпен салқындату жүйесіне блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су тысы 8, радиатор 1, су насосы 18 мен желдеткіш 2, су тартатын канал 17, термостат 15, жапқыш 3, бу ауа клапаны 6, жоғарғы 4 және төменгі 12 радиатор бактарынан тұрады.

6.2. Ауамен салқындататын жүйе

Ауамен салқындатылатын двигательдерде ( 16- сурет) детальдардағы қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына ауа үрленеді. Ауаның ықтиярсыз қозғалысы роторлық желдеткішпен 1 жүзеге асырылады. Аса жоғары жиіліктен айналған ротор ауа тарататын құндақтың 4 астына ауа айдайды. Ауамен салқындатылатын двигательдерде желдеткіш ротордың айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты реттегіштер енізілген 7 және 8. Осы мақсатта желдеткіш жетегінің шкиві мен ротор аралығына май толтырып тұратын гидродинамикалық муфта 3 яғни цилиндрлер қалпақшасына май жіберуді реттеуіш орнатылған. Гидромуфтаның екі дөңгелегі бар: жетекшісі – насостың және жетектегі турбиналық, ол ротормен берік байланысқан.

16-сурет. Ауамен салқындату

33.Май сораптарының құрылғысы, жетектері, орналасуы және жұмысы . Тістегершік типтегі май сорғысы«құрғақ» картелі қозғалтқыштарда (В2, М-620, М-601, Д-6) үш секциядан тұрады:біреуі айдаушы, екеуі сорып алушы. Шанақтан май айдаушы секция жасайтын сирету əсірінен май сорғыға келеді.Айдаушы секциядан майды механикалық қоспалардан тазалау үшін сүзгіге береді,əрі қарай азғантай түтіктердің жəне көптеген қозғалтқыш корпусы\ денесінде жасалған арналар арқылы иінді білікке, үйкеліс беттеріне беріледі.

Май үйкелісетін беттер арасындағы саңылау арқылы күштеп өткізіледі жəне картер түбіне жиналады,одан сорғымен сорылып алынып суытқышқа бағытталады, əрі қарай көбік басқыштардан өтіп шанаққа жеткізіледі.

Цилиндрлер мен поршень тобының бөлшектері иінді білік айналғанда шашыратылып майланалады. Артық май цилиндр қабырғасынан май қырнағыш сақиналармен қырып алынып,поршеньдегі тесіктер арқылы картерге құйылады. Саусақтарды майлайтын майлар да поршень бобышкасы жанындағы тесік арқылы картерге құйылады. «Ылғалды» картерлі қозғалтқыштың (КДМ, СМД, ГАЗ, ЗИЛ жəне т.б.) жоғарыда жазылған жүйеден майлау жүйесіндегі айналымның ерекшелегі, май картер түбінде жиналады, ал май сорғысы тек айдаушы секциядан тұрады.

Қысыммен

майлау

жүйесі

ең

жетілдірілген,сенімді, үнемді, бірақ

күрделенген болып табылады.

34Бүріккіштер мен сорғы-бүріккіштердің құрылымы мен жұмыс принципі Сорғы-бүріккіш құрылымы және жұмысы төмендегідей (9.7-сурет). Отын түтігімен төменгі қысыммен отын корпусқа 6 келеді, борпылдақ қола сүзгіден 16, арнамен гильза терезелеріне 9 және 15 келеді. Гильзада төменгі жағында екі спираль жиекті басы бар плунжер тұрады. Плунжердің жоғарғы жағында иықшалар бар, ол төлкемен 3 бірге плунжерді итергішпен 2 жалғастырады. Итергішті серіппе 4 тіреп тұр. Шектегіш 5 итергіш пен плунжерді түсіп қалудан сақтандырады. Плунжердің айдау жүрісі қозғалтқыш таратқыш білігі әсер ететін итергішпен іске асырылады. Плунжердің 4 әрекетімен терезе 15 арқылы плунжер астылық кеңістікке отын сорылады. Гильзаның төменгі бетіне корпус гайкасымен тозаңдатқыш 10 және екі ершік 13 және 14 бекітіледі. Тозаңдатқышта 6 тесік тесілген. Бақылау клапаны 12 серіппемен ершікке 13 тіреледі. Бұл клапан отын беру мен тоқтатуды анық жасауға, сондай-ақ бүріккішті газ өтуінен сақтандыруға арналған.

Бақылау клапанының 12 үстінде ершікте 14 отынның ағуын және газдың бүріккішке өтуін болдырмайтын екінші жалпақ кері қайтару клапаны (сақтандыру үшін) орнатылған.

Плунжер төмен қарай қозғалғанда оның жиегі терезені 15 жабады және отын өстік 17 және радиальдық 18 тесіктермен плунжер астылық кеңістіктен терезеге 9 өтеді. Қалай спираль жиек терезені 9 жабады кері қайтару және айдау, одан әрі тозаңдатқыш тесіктері арқылы отынды жану камерасына айдау басталады. Плунжер әрі қарай жүргенде спираль жиек терезені 15 ашады, сонда отынды шашырату тоқтайды.

Отын айдаушы сорғы қозғалтқыш цилиндріне берілетін мөлшерден көп мөлшерде отынды жеткізеді. Артық отын сорғы, бүріккіштің плунжерлік жұбын суытушы ретінде пайдаланылады. Артық отын борпылдақ қоладан жасалған екінші сүзгі және штуцер арқылы бакке кетеді.

35Термостаттардың тағайындалуы, құрылғысы және жұмысы

Термостат – суытқыш сұйықтың температуралық тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылым.

36Қозғалтқыштарды ауамен суыту жүйесі Ауамен салқындатылатын двигательдерде ( 16- сурет) детальдардағы қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына ауа үрленеді. Ауаның ықтиярсыз қозғалысы ротор0лық желдеткішпен 1 жүзеге асырылады. Аса жоғары жиіліктен айналған ротор ауа тарататын құндақтың 4 астына ауа айдайды. Ауамен салқындатылатын двигательдерде желдеткіш ротордың айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты реттегіштер енізілген 7 және 8. Осы мақсатта желдеткіш жетегінің шкиві мен ротор аралығына май толтырып тұратын гидродинамикалық муфта 3 яғни цилиндрлер қалпақшасына май жіберуді реттеуіш орнатылған. Гидромуфтаның екі дөңгелегі бар: жетекшісі – насостың және жетектегі турбиналық, ол ротормен берік байланысқан.

16-сурет. Ауамен салқындату